Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1169 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 8 қарашадағы
№ 1169 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат):
      1-тармақта:
      «республикалық» деген сөз алынып тасталсын;
      «республикалық бюджет қаражаты» деген сөздер «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 517-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесінде:
      30-тармақта:
      мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «авторлық құқықтармен қорғалғандардан басқа, ақпараттық жүйенің бастапқы бағдарламалық кодтары;»;
      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ақпараттық жүйелердің мыналарды қамтитын инсталляциялау пакеті:».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.11 № 314 Қаулысымен.
      4. «Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 41, 365-құжат):
      1-тармақтың 1) тармақшасында:
      төртінші абзацында «енгізуді және» деген сөздер «енгізуді және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші абзац алынып тасталсын.