Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 914 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1162 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 914 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 272-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов