Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 1122 Қаулысы

Қолданыстағы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 41-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің сомасын бөлу» деген кестеде:
      217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» деген бағдарлама әкімшісі бойынша:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      100 «Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві» деген кіші бағдарламадағы «3500000» деген сандар «2798201» деген сандармен ауыстырылсын;
      101 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві» деген кіші бағдарламадағы «32180234» деген сандар «32882033» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне адамдардың өміріне қауіп төндіруі ықтимал жағдайларды болдырмау мақсатында «Медеу - Шымбұлақ» автожолының қауіпті учаскелерінде тау беткейлерін бекіту және қар тұтқыш, көшкінге қарсы құрылыстарды жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге 2010 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 701799000 (жеті жүз бір миллион жеті жүз тоқсан тоғыз мың) теңге бөлінсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2010 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бөлінген қаражаттың пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов