Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1111 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:
      1. «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Бағдарламаның мақсаты» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаның мақсаты    Қазіргі тұрақты жұмыс орындарын
                                сақтап қалу және жаңаларын құру,
                                сондай-ақ экономиканың шикізаттық
                                емес секторларында өңірлік
                                кәсіпкерліктің орнықты және
                                теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.»;
      «Кіріспе» деген 2-бөлімде:
      төртінші бөліктің төртінші абзацының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттік ресурстарының құнын төмендету және шағын және орта бизнес субъектілеріне кредиттік ресурстарды берудің қолжетімділігі мен жеделдігін ұлғайту мақсатында банктердің ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерін тарту жолымен қаржы агенті арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту жөнінде шаралар қабылданатын болады.»;
      «Бағдарламаның мақсаты» деген 4.1-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «4.1 Бағдарламаның мақсаты
      Қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.»;
      «Міндеттері» деген 4.3-кіші бөлімде: «Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау»
      Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ жоба сомасынан 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін емес.
      Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (стандартты) (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын банктер 12 %-ға дейін төмендететін, оның 7 %-ға дейін борышкер төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін валюталық кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда айырма болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылсын, ал теріс бағамдық айырма жағдайында өтеу қарыз алушыға жүктелсін.»;
      Кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігінде:
      6-тармақ «Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкес болмаған жағдайда» деген сөздердің алдынан «, Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
      «Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігі» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігі
      1. Өтініш беруші банкке өтініш береді.
      2. Банк жобаның кешенді сараптамасын жүргізеді және өтініш беруші ұсынған кепілдік мүлікті бағалау туралы қорытындының негізінде өтініш берушінің қамтамасыз етуінің кепілдік құнына бағалау жүргізеді, одан кейін қаржыландыру туралы не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Банк жобаны қаржыландыру бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда банк сұралған қарыз сомасына сүйене отырып, кепілдіктің қажетті мөлшерінің есептеу көрсете отырып, өтініш берушіге хат береді.
      3. Өтініш беруші қажетті кепілдік мөлшерінің есебі бар банк хатын қоса бере отырып, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш береді.
      4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші жобаны ӨҮК-нің қарауына шығарады.
      5. ӨҮК жобаларды Бағдарлама талаптарына сәйкестігін қарайды және өңірдің басымдықтарына сәйкес кепілдендірудің мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.
      6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші (мақұлдаған/қайтарылған) Уәкілетті органға өтініш берушілер бойынша ӨҮК хаттамасын жібереді.
      7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агентіне және тиісті банктерге ӨҮК хаттамасын жібереді, сондай-ақ өтініш берушіні жобасы ӨҮК-де қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.
      8. Уәкілетті орган (мақұлдаған/қайтарылған) өтініш берушілер бойынша ӨҮК-нің хаттамасын қарауды жүзеге асырады және ӨҮК шешімін келіседі. Келісу нәтижесін тиісті хатпен жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушіге жібереді, көшірмесінде қаржы агенті мен банкті көрсетеді.
      9. Банк жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіден ӨҮК-нің хаттамасын алғаннан кейін кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды қаржы агентіне жібереді.
      10. Қаржы агенті кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған және Уәкілетті органнан ӨҮК шешімін келісу туралы хатты алған жағдайда қаржы агенті банкке кепілдік алдындағы хатты жібереді.
      11. Банк және өтініш беруші арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін банк, қаржы агенті және өтініш беруші кепілдік шартына қол қояды.
      12. Қаржы агенті өтініш берушінің жобасы бойынша кепілдік бергеннен кейін жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агентіне ақы төлейді.»;
      өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттарында:
      екінші бөлік «газдандыру,» деген сөзден кейін «су таратқыш, бу құбыры,» деген сөздермен толықтырылсын;
      өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету тетігінде:
      4-тармақтағы «Мемлекеттік бағдарламаның» деген сөздер «Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес Бағдарламаның өлшемдеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру» деген кіші бөлімде:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталған.»;
      Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттарында:
      бірінші бөлікте:
      «2010 жылда» деген сөздерден кейін «2010 және 2011 жылдарда.» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөлікте:
      «3 жылдан аспайды.» деген сөздер «3 жылдан аспайды;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "субсидиялау қызметтің негізгі түрімен байланысты емес коммерциялық жылжымайтын мүлікті алуға бағытталған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін емес.";
      мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналымдық қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (стандартты) (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын банктер 10 %-ға дейін төмендететін, оның 5 %-ға дейін борышкер төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін валюталық кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда айырма болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылсын, ал теріс бағамдық айырма жағдайында өтеу қарыз алушыға жүктелсін.»;
      екінші бағытты іске асыру тетігінде:
      10-тармақтағы «салалық» деген сөз алынып тасталсын;
      «Үшінші бағыт: Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау» деген кіші бөлімде:
      «Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары» мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және /немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (стандартты) (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын банктер 12 %-ға дейін төмендететін, оның 7 %-ға дейін борышкер төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін валюталық кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда айырма болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылсын, ал теріс бағамдық айырма жағдайында өтеу қарыз алушыға жүктелсін.»;
      үшінші бағытты іске асыру тетігінде:
      4-тармақтағы «Мемлекеттік бағдарламаның» деген сөздер «Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес Бағдарламаның өлшемдеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
      2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» атты бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау және мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары ережесінде:
      «Субсидияларды беру шарттары» деген 3-бөлімде:
      12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ жоба сомасынан 30 %-дан аспайтын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін емес.»;
      17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (стандартты) (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын банктер 12 %-ға дейін төмендететін, оның 7 %-5а дейін борышкер төлейтін, ал 5 %-ға мемлекет өтейтін валюталық кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда айырма болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылсын, ал теріс бағамдық айырма жағдайында өтеу қарыз алушыға жүктелсін.»;
      20-тармақтағы «ставкасы бойынша» деген сөздерден кейін «және жылдық 12 %-5а дейін валюталық сыйақы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      28-тармақтың екінші абзацындағы «құжаттардың барлық пакетін» деген сөздер алынып тасталсын;
      30-тармақта:
      бірінші абзацтағы «хаттамасын және» деген сөздер «хаттамасын алғаннан кейін» деген сөздермен ауыстырылсын, «құжаттар пакетін алғаннан кейін» деген сөздер алынып тасталсыи;
      екінші абзацтағы «хаттамасын және» деген сөздер «хаттамасын алғаннан кейін» деген сөздермен ауыстырылсын, «құжаттар пакетін алғаннан кейін» деген сөздер алынып тасталсын;
      70-тармақтағы «ҮИИДМБ-ға» деген сөз «Бағдарламаның өлшемдеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      78-тармақ алынып тасталсын;
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторын сауықтыру» атты екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде:
      «Субсидияларды беру шарттары» деген 3-бөлімде:
      19-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (стандартты) (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын банктер 10 %-ға дейін төмендететін, оның 5 %-ға дейін борышкер төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін валюталық кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда айырма болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылсын, ал теріс бағамдық айырма жағдайында өтеу қарыз алушыға жүктелсін.»;
      24-тармақтағы «Бұл ретте кейінге қалдыру жеңілдікті мерзімі Сауықтыру жоспарында және Мемлекеттік комиссияның шешімінде көрсетілуі тиіс.» деген сөйлем алынып тасталсын;
      26-тармақтағы «ол бойынша» деген сөздерден кейін «айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      27-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үш жылға арналған сауықтыру жоспары.»;
      27.1-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      «27.1. Сауықтыру жоспары міндетті түрде мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтуға тиіс:
      кредит сомасы (негізгі борыш бойынша қалдығы) 750,0 млн. теңгеге дейін болған жобалар бойынша:
      Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы:
      кәсіпорынның жалпы сипаттамасы;
      Борышкердің жобасын қысқаша сипаттау (кредиттің нысаналы мақсатының Бағдарламаға сәйкес басым салаға сай болуы туралы міндетті шартымен);
      қызмет түрі, сондай-ақ Борышкердің қызметінің кіші саласын көрсету (ЭҚЖЖ кодын көрсетумен);
      оған орай кредитті өтеу бойынша Борышкердің міндеттемелерді орындамауы себептерін сипаттау;
      Борышкерді сауықтыру жөніндегі іс-шаралар:
      Борышкердің тарапынан кәсіпорынды сауықтыру жөніндегі іс-шаралар;
      үш жыл ішінде жұмыс орындарының, оның ішінде әйелдер санының жоспарланған өсімі (жылдар бойынша бөле отырып);
      бюджетке салықтық аударымдардың жоспарланған өсімі;
      Банк тарапынан Борышкерді сауықтыру жөніндегі іс-шаралар:
      айыппұлдарды және өсімпұлдарды есептен шығару;
      негізгі борышты өтеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру;
      сыйақы ставкасын төмендету.
      Жобаның нәтижелерін болжамды бағалау:
      Сауықтыру жоспарын орындау нәтижесінде жоспарланған өсім көрсеткіштері (қуаттылық, шығарылатын өнім көлемі, табыс, бюджетке аударымдар және т.б.);
      субсидиялау мерзіміне арналған ақша қаражатының қозғалысы туралы болжамды есеп (тоқсан сайын);
      2010 жылға және 3 жылға арналған субсидиялау мөлшері мен мерзімі.
      Кредит сомасы 750,0 млн. теңгеден асатын жобалар бойынша:
      Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы:
      кәсіпорынның жалпы сипаттамасы;
      Борышкердің жобасын қысқаша сипаттау (кредиттің нысаналы мақсатының Бағдарламаға сәйкес басым салаға сай болуы міндетті шартымен;
      Борышкердің мәртебесі - шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, ірі кәсіпкерлік субъектісі;
      Борышкердің қатысушылары /акционерлері туралы мәліметтер (үлестерге бөле отырып);
       Бағдарламаның басымдықтарына сәйкестігі. Қызмет түрлерін қысқаша сипаттау (қызмет түрін, сондай-ақ ЭҚЖЖ сәйкес Борышкер қызметінің кіші саласын көрсетумен).
      Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат:
      кредитті беру күні, кредит сомасы, негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, кредит мерзімі, кредит бойынша қолданыстағы сыйақы ставкасы;
      кредит бойынша негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша берілген мерзімін кейінге қалдыру туралы не жеңілдік кезеңі туралы ақпарат;
      сауықтыруға арналған өтінім беру күніне арналған кредитті өтеу бойынша мерзімі өткен күндерінің саны (болған жағдайда);
      өтінім беру күнінен айыппұлдар, есептелген өсімпұл көлемі (болған жағдайда);
       Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережелеріне сәйкес субсидиялауға арналған өтінім беру алдында соңғы есепті күнге кредиттің жіктемесі;
      мемлекеттік даму институттары;
      оған орай кредитті өтеу бойынша Борышкердің міндеттемелерді орындамауы себептерін сипаттау.
      Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау:
      еңбекақы төлеу бойынша берешекті (болған кезде) қоса алғанда, үшінші тұлғалар (контрагенттер, басқа Банктер, өзге де қаржы мекемелері, бағалы қағаздардың ұстаушылары және т.б.) алдындағы берешек туралы ақпарат;
      алдыңғы қаржы жылында және ағымдағы жылғы есептік кезеңде төленген салықтар және бюджетке төленетін және басқа да міндетті төлемдер туралы ақпарат.
      Борышкерді сауықтыру жөніндегі іс-шаралар (өндіріс жоспары):
      Борышкердің тарапынан кәсіпорынды сауықтыру жөніндегі іс-шаралар;
      жоспарланған ұйымдастырушылық және құрылымдық өзгерістер (болған жағдайда);
      субсидиялардың мерзімдерін және көлемін (пайыздық түрде) көрсете отырып сыйақы ставкасын субсидиялау;
      бюджетке салық берешегін өтеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру (ниеті болғанда);
      мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары (ниеті болғанда);
      басқа да шаралар.
      Банк тарапынан Борышкерді сауықтыру жөніндегі іс-шаралар:
      айыппұлдарды және өсімпұлдарды есептен шығару;
      негізгі борышты өтеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру;
      сыйақы ставкасын төмендету;
      басқа да шаралар.
      Жоба нәтижелерін болжамды бағалау:
      Сауықтыру жоспарын орындау нәтижесінде жоспарланған өсім көрсеткіштері (қуаттылық, шығарылатын өнім көлемі, табыс, бюджетке аударымдар және т.б.);
      субсидиялау мерзіміне арналған ақша қаражатының қозғалысы туралы болжамды есеп (тоқсан сайын);
      2010 жылға және 3 жылға арналған субсидиялау мөлшері мен мерзімі.»;
      мынадай мазмұндағы 27.2. және 27.3-тармақтармен толықтырылсын:
      «27.2. Сауықтыру жоспарына мыналар:
      Борышкердің құрылтайшы құжаттарының көшірмелері (Жарғы, Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлік, Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік (жеке кәсіпкер үшін), Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәлік);
      салық органдары растаған алдыңғы есепті кезең үшін бухгалтерлік теңгерімнің, пайдалары мен залалдары туралы есептер мен ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есептің (салық заңнамасына сәйкес болған кезде) көшірмелері;
      айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттерді қоспағанда, кредиттің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттардың көшірмелері (Банктің мөрімен расталған) қоса берілуі тиіс.
      27.3. Құжаттар пакеті нөмірленген және әр бетіне бұрыштама қойылып, тігілген және Банктің мөрімен расталған түрде тізімдемесімен құжаттар топтамасы түрінде ұсынылады және мынадай құжаттарды (қатаң келтірілген тәртіппен):
      Борышкерді қаржыландыру шарттарының өзгергені және Сауықтыру жоспарын бекіту туралы Банктің мөрімен расталған Банктің Шешімінен үзіндінің көшірмесін;
      Сауықтыруға өтініштің Банктің мөрімен куәландырылған көшірмесін;
      Сауықтыру жоспарының көшірмесін (Борышкердің қолы қойылған, Банк бекіткен және Банктің мөрімен куәландырылған);
      Ақпаратты толығымен ашу туралы Келісімнің көшірмесін (Банк әзірлеген нысан бойынша дайындалған);
      кредиттік желі беру туралы келісім мен Борышкермен Банктік қарыз/қарыздар шарттарының Банктің мөрімен куәландырылған көшірмелерін;
      айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттерді қоспағанда, кредиттің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттардың (кредиттің мақсатқа сай пайдаланылу актісі) көшірмелерін (Банктің мөрімен куәландырылған);
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің, жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесін;
      Борышкер Жарғысының көшірмесін (заңды тұлғалар үшін);
      Борышкердің Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін;
      Борышкердің қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәліктің көшірмесін (болған кезде) қамтуға тиіс.»;
      35-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) Банктің Шешімінде мыналар қамтылуы тиіс:
      Борышкердің Сауықтыру жоспарын бекіту туралы Банктің шешімі;
      кредит сомасы, негізгі борышы бойынша берешек қалдығы, кредит мерзімі, кредит берілген күн, кредит бойынша қолданыстағы сыйақы ставкасы;
      кредиттің нысаналы мақсаты (инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру);
      кредитті Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу мен оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне сәйкес жіктеу;
      кредит бойынша негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша берілген мерзімін кейінге қалдыру туралы не жеңілдік кезеңі туралы ақпарат;
      Борышкердің Бағдарламада қатысуын Жұмыс тобы мақұлдаған жағдайда, Борышкердің кредиті бойынша Бағдарламада белгіленген деңгейге дейін сыйақы ставкасын төмендету туралы шешім (егер сыйақы ставкасы Бағдарламада белгіленген шекті мөлшерден артық болған жағдайда);
      Борышкердің қолданыстағы кредиті бойынша қаржыландыру көзі;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банктің субсидиялау шартын жасасу күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен кредит валютасын көшіру туралы шешім (валюталық кредит берілген жағдайда);
      Борышкердің негізгі борышының сомасына сыйақыны капиталдандыру және негізгі борышының сомасына сыйақыны капиталдандыру туралы шешім қабылданған күнге сыйақыны капиталдандыру сомасы туралы шешім (болған кезде);
      есептен шығарылған айыппұлдар мен өсімпұлдардың мөлшерін көрсете отырып, Субсидиялау шартын жасасу күніне айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару туралы Банктің шешімі;
      пайыз түрінде субсидиялау мөлшері және субсидиялау мерзімі туралы ақпарат;
      шешімнің қолданылу мерзімі;
      Банктің ішкі құжаттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау» үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау ережесінде:
      «Субсидияларды беру шарттары» деген 3-бөлімде:
      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.»;
      13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (стандартты) (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын банктер 12 %-ға дейін төмендететін, оның 7 %-ға дейінін борышкер төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін валюталық кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда айырма болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылсын, ал теріс бағамдық айырма жағдайында өтеу қарыз алушыға жүктелсін.»;
      «Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі» деген 4-бөлімде:
      23-тармақтың екінші абзацындағы «және» деген шылау, «құжаттардың барлық пакетін» деген сөздер алынып тасталсын;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган ӨҮК-нің хаттамасы мен құжаттар пакетін алғаннан кейін Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкес оларды қарауды және келісуді жүзеге асырады.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру ережесінде:
      26-тармақтың екінші абзацындағы «және» деген шылау, «құжаттардың барлық топтамасын» деген сөздер алынып тасталсын;
      29, 30, 31, 32, 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Уәкілетті орган жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіден Кәсіпкерлер (мақұлдаған/қайтарылған) бойынша ӨҮК-нің хаттамасын алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүргізеді:
      Кәсіпкерлер (мақұлдаған/қайтарылған) бойынша ӨҮК-нің хаттамасын, қабылданған шешімнің Бағдарлама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан, ӨҮК-нің хаттамасының тиісінше ресімделуін, Кәсіпкерді қайтару себептерінің негізділігін қарауды жүзеге асырады;
      қажет болған жағдайда Кәсіпкерлердің Жобалары бойынша басқа мүдделі салалық мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу рәсімдерін жүргізеді және олардан тиісті қорытындылар алады;
      қарау нәтижелері бойынша Кепілдендіру мүмкіндігі, не Кәсіпкерді Кепілдендіру бермей қайтару туралы шешімді келіседі.
      Келісу нәтижесін Қаржы агентіне тиісті хатпен жібереді (бұл ретте көшірмесінде жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіні және Банкті көрсетеді.)».
      30. Қаржы агенті кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған және Кәсіпкердің кредитін ішінара кепілдендіруді келісу туралы Уәкілетті органнан тиісті хатты алған жағдайда Қаржы агенті Банкке кепілдікті алдыңғы берілетін хатты жібереді.
      31. Уәкілетті органмен келісілмеген Жобалар кері қайтарылады.
      32. Қаржы агенті кепілдік беру туралы теріс шешім қабылдаған жағдайда Қаржы агенті Уәкілетті органға хабардар ету мақсатында Кепілдік шартын жасасудан бас тарта отырып, хат жібереді.
      33. Уәкілетті органмен келісілген, бірақ Қаржы агентінің кепілдік беру туралы теріс шешімі бар Жобаларды Қаржы агенті кері қайтарады.»;
      34-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске тапсыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттері бойынша кепілдендіру жөніндегі Ынтымақтастық туралы үлгі келісімде:
      «Тараптардың өзара іс-қимыл тәртібі» деген 4-кіші бөлімнің 4.7-тармағының 5) тармақшасы «хаттамамен ресімделеді» деген сөздерден кейін «осы Келісімге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын;
      «Тараптардың құқықтары мен міндеттері» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы 3.6-тармақпен толықтырылсын:
      «3.6 Осы Келісімді орындау кезінде Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде Кепілгер Ванкте орналастырған қаражат есебінен Кепілгер алдында өз міндеттемелерін төмендетуге құқысыз.»;
      «Қорытынды жағдайлар» деген 7-бөлім мынадай мазмұндағы 7.6-тармақпен толықтырылсын:
      «7.6. Тараптардың келісуі бойынша Кепіл алушы осы Шарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалуы үшін тек Кепіл алушының өз қаражаты/мүлкі шегінде жауап береді, оларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулылары шеңберінде Кепіл алушы іске асырып жатқан дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыру үшін Кепіл алушыға берілген қаражат енгізілмейді.»;
      көрсетілген қаулының 3-қосымшасында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі кредиттері бойынша субсидиялау жөніндегі Ынтымақтастық туралы үлгі келісімде:
      Ынтымақтастық туралы үлгі келісімнің 2-қосымшасында:
      Субсидиялау келісімінде:
      «Субсидияны беру шарттары» деген 4-бөлімде:
      4.2-тармақтағы «Банк есептеген және Алушы төлеген» деген сөздер «Банк есептеген және Алушы төлемеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру негіздемелері» деген 6-бөлімде:
      6.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6.1 Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру туралы шешімді Қаржы агентінің және/немесе Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының хабарламасы негізінде қалыптастырылған Уәкілетті органның қолдау хаты негізінде Мемлекеттік комиссияның жанындағы жұмыс тобы ғана қабылдайды,.»;
      көрсетілген қаулының 4-қосымшасында:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі кредиттерін субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісімде:
      «Субсидиялау шарттары» деген 3-бөлімде:
      «ЖКС/Экспорттаушының субсидиялауға жататын кредиттері:» деген жолдың «ЖКС немесе Экспорттаушылар» деген бағанының екінші абзацындағы «және кеңейтуге» деген сөздерден кейін «және/немесе айналым қаражатын толықтыруға» деген сөздермен толықтырылсын.
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі кредиттерін субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісімге 11-қосымшада:
      «Республикалық» деген сөз «Өңірлік» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 26 қазандағы
№ 1111 қаулысына
1-қосымша

2-қосымша

Бағдарламаның өлшемдері

      1. 2-тармақта көрсетілгендерді қоспағанда, Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау алуға үміткер кәсіпорындар мына өлшемдерге сәйкес болуы тиіс:
      Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде:
      1) кәсіпорын кредитінің нысаналы мақсаты Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес экономиканың басым секторларына сәйкес болуы тиіс (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес (бұдан әрі - ЭҚЖЖ);
      2) кәсіпорынның кредиті жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті кеңейтуге және жаңғыртуға бағытталған жобаларды іске асыруға бағытталуы тиіс;
      3) банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және ішінара кепілдік беру мына кредиттер бойынша:
      мемлекеттік даму институттары берген;
      ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге қаржы институттары берген;
      акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды;
      4) Бағдарламаның талаптарына сәйкес жобаны іске асыруда өз қаражатымен қатысу;
      5) сыйақы ставкасын субсидиялау кезінде кредит(тер) бойынша айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит(тер) қаражаты кредит(тер) құнын 30 %-дан аспайтын;
      6) сыйақы ставкасын кепілдендіру кезінде кредит(тер) бойынша айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит(тер) қаражаты кредит(тер) құнын 20 %-дан аспайтын;
      7) өндіріс инфрақұрылымын дамыту шеңберінде қолдау кезінде жоба(лар) іске асыру Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларындағы өндіріс (индустриялдық) инфрақұрылымды жасауға бағытталуы қажет.
      Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде:
      8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген және минералды шикізатты қайта өңдеуді іске асыратын металлургия өнеркәсібі субъектілерінен басқа, өндіретін өнімінің 10 %-ынан астамын экспорттайтын кәсіпкерлер.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген және минералды шикізатты қайта өңдеуді іске асыратын Бағдарламаға келесі кәсіпкерлер, минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын металлургия өнеркәсіптері Бағдарламаның қатысушысы бола алмайды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 26 қазандағы
№ 1111 қаулысына
2-қосымша

Ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
9-қосымша

(ұсынылатын нысан)

Өңірлік үйлестіруші кеңесі_______________________бойынша отырысының
                          №____________ХАТТАМАСЫ
 

Өткізілген орны


Өткізілген күні


Кеңес төрағасы


қатысқан Кеңес мүшелері


болмаған Кеңес мүшелері


Шақырылғандар


Кеңес хатшысы


      Күн тәртібі

Мәселелердің атауы

1


2


...


      Кеңес қарастырды

1-мәселенің атауы

1




      Кеңес шешті

      1. Мыналарға:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының өлшемдеріне сәйкестігіне;
      өңір үшін басым салаларға сәйкестігіне
      мемлекеттік даму институттары арқылы қолдаудың басқа шараларын қолданбауына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің төмендегі тізіміне:

Атауы

ЖКС

Жобаның

Саланың (ЭҚЖЖ кодын көрсете отырып)

Банктің

Кредит сомасы

Кредит мерзімі

Сыйақының номиналдық ставкасы

Кепілдіктің қажетті сомасы

Кредит сомасына кепілдіктің қажетті сомасы (%)

Жоба сипаттамасы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      кепілдендіру нысанында мемлекеттік қолдау нысанын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын.
      2. Жобалардың мақұлданған тізімі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне келісуге жіберілсін.
      3. Мақұлданған жобалардың тізімі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға және көрсетілген екінші деңгейдегі банктерге жіберілсін.
      4. Мыналарға:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының өлшемдеріне сәйкес болмауына;
      өңір үшін басым салаларға сәйкес болмауына;
      мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың басқа шараларын қолдануына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің төмендегі тізіміне:

Атауы

Бас тартудың себебі

ЖКС

Жоба

Сала

Банктің







      кепілдендіру нысанындағы мемлекеттік қолдау формаларым қолдану мүмкіндігін беруден бас тартылсын.
      5. Мақұлдаудан бас тартылған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларының тізімі Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігіне қарауға жіберілсін.

      Кеңес мүшелерінің қолдары

Кеңес Мүшесінің аты-жөні мен мәртебесі

«ҚОЛДАЙМЫН»

«ҚАРСЫМЫН»

ТҮСІНІКТЕР

1

Кеңес Төрағасы




2

Кеңес Төрағасының орынбасары




3

Кеңес Мүшесі




4

Кеңес Мүшесі




5

Кеңес Мүшесі




      Кеңес қарады

2-мәселенің атауы

1




      Кеңес шешті

      1.
      2.
      3.
      ...

      Кеңес мүшелерінің қолдары

Кеңес Мүшесінің аты-жөні мен мәртебесі

«ҚОЛДАЙМЫН»

«ҚАРСЫМЫН»

ТҮСІНІКТЕР

1

Кеңес Төрағасы




2

Кеңес Төрағасының орынбасары




3

Кеңес Мүшесі




4

Кеңес Мүшесі




5

Кеңес Мүшесі




...





      Кеңес хатшысы________________ аты жөні

      Егер Кеңес Мүшесі «қарсы» дауыс берген жағдайда «түсініктер» деген бағанда қабылданған шешімінің себепті көрсетілуі тиіс.