Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.03.2014 № 222 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамдарына мыналар енгізілсін:
Балқаш көлі, Алакөл көлдер жүйесі, Іле өзені және Қапшағай су қоймасы бойынша:
Жұмажанов - Қазақстан Республикасы Ауыл
Бауыржан Жұмажанұлы шаруашылығы министрлігінің Балық
шаруашылығы комитеті төрағасының
орынбасары, төраға,
Әлсейіт - Қазақстан Республикасы Ауыл
Асанбай Мейірбекұлы шаруашылығы министрлігінің Су
ресурстары комитеті Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік
инспекциясының бастығы;
Каспий теңізі, Жайық өзені және Қиғаш өзені бойынша:
Жұмажанов - Қазақстан Республикасы Ауыл
Бауыржан Жұмажанұлы шаруашылығы министрлігінің Балық
шаруашылығы комитеті төрағасының
орынбасары, төраға,
Жүнбасов - Маңғыстау облысы әкімінің
Мұханбет Мұратбайұлы орынбасары,
Бұқарбаев - Қазақстан Республикасы Ауыл
Әлібек Рысжанұлы шаруашылығы министрлігінің Балық
шаруашылығы комитеті Жайық-Каспий
облысаралық балық шаруашылығы
бассейндік инспекциясы бастығының
орынбасары;
көрсетілген құрамдардан Ромашов Юрий Төлегенұлы, Тілеулесова Анар Иманғазықызы, Боқанов Қармыс Боқанұлы, Сүлейменов Райымбек Асылбекұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов