Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 441-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-1-жолмен толықтырылсын:
«
7-1 |
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне аэронавигациялық қызмет көрсету саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру |
Республикалық бюджет комиссиясының тиісті қаржы жылына арналған шешімімен мақұлданған мөлшерге сәйкес |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов