Жергілікті атқарушы органдар борышының 2011 жылға арналған лимиттері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1073 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 210-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар борышының 2011 жылға арналған лимиттері белгіленсін.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 19 қазандағы
№ 1073 қаулысына
қосымша     

Жергілікті атқарушы органдар борышының 2011 жылға арналған
лимиттері

мың теңге

Р/с

Жергілікті атқарушы орган

Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиті

Жергілікті атқарушы орган борышының жергілікті бюджет кірістеріне пайыздық қатынастағы борыш лимиті

1

Ақмола облысы

3 111 998

12,2

2

Ақтөбе облысы

3 155 941

5,6

3

Алматы облысы

2 800 219

4,9

4

Атырау облысы

1 655 479

1,7

5

Шығыс Қазақстан облысы

5 700 034

12,7

6

Жамбыл облысы

2 810 540

14,1

7

Батыс Қазақстан облысы

2 008 753

4,1

8

Қарағанды облысы

2 796 342

3,9

9

Қостанай облысы

3 017 136

9,1

10

Қызылорда облысы

2 639 494

12,6

11

Маңғыстау облысы

2 379 294

3,7

12

Павлодар облысы

1 205 870

2,5

13

Солтүстік Қазақстан облысы

4 191 192

23,5

14

Оңтүстік Қазақстан облысы

14 341 286

29,9

15

Алматы қаласы

22 014 713

11,3*

16

Астана қаласы

24 320 482

33,6*

      Ескертпе:
      * республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының ең жоғары лимиті меншікті кірістері көлемінің 45%-ы аспауы тиіс.