«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасының 2011 жылғы 27 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 қазандағы
№ 1069 қаулысымен
бекітілген
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының талаптарына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидада жеке және заңды тұлғаларды авиациялық жұмыстарды орындауға сертификаттау және оларға куәлік беру тәртібі айқындалады.
3. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік басқа тұлғаға беруге жатпайды.
4. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік қолданылу саласын және мерзімін көрсете отырып, 2 жыл мерзімге беріледі.
Сертификаттау кезеңділігі 2 жылды құрайды.
5. Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) өтінім - өтініш берушінің сертификаттау рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
2) өтініш беруші — авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
3) сертификаттық тексеру - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын өтінім беруші құралдарының, жабдықтарының, пайдалану рәсімдерінің, технологиялық үдерістерінің, құжаттамасының, ұйымдық құрылымының, әкімшілік, ұшу және жер бетіндегі персоналы құзыретінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін тексеру;
4) сертификаттық талаптар - азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптар;
5) ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулық - ұшудың тәртібін, ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын регламенттейтін құжат;
6) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқаулығы - осы пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы және жоспарлы емес барлық жұмыстардың уақтылы және қанағаттанарлықтай орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушы рәсімдерінің сипатын қамтитын құжат;
7) сертификаттық тексеруге алдын ала қорытынды - құжаттаманы сараптау және сертификаттау объектісін тексеру нәтижелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын берген құжат;
8) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік пайдаланушының осы Қағида талаптарына сәйкестігін куәландыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген құжат;
9) сәйкессіздік (-1) - сертификаттық тексеру кезінде анықталған, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беруге кедергі болатын сәйкессіздік;
10) сәйкессіздік (-2) - сертификаттық тексеру кезінде анықталған, келісілген мерзімде осы сәйкессіздіктерді жою немесе пайдаланушының қызметі бойынша шектеулер енгізу шартымен авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беруге кедергі болмайтын сәйкессіздік;
11) сәйкессіздік (-3) - сертификаттық тексеру кезінде анықталған, авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беруге кедергі болмайтын және сертификаттық тексеру үдерісінде жоюға жататын сәйкессіздік.
2. Пайдаланушыларды сертификаттауды жүргізу тәртібі
6. Сертификаттауды жүргізудің мынадай тәртібі белгіленеді:
1) өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға құжаттармен бірге өтінім беруі;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның алдын ала бағалауы және өтінім бойынша шешім қабылдауы;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификаттық тексеру жүргізуі;
4) шешім қабылдау және авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік беру (беруден бас тарту).
7. Сертификаттауды жүргізу алдында аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланатын өтінім берушілерді қоспағанда, өтінім беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға сертификаттық тексеруге алдын ала қорытынды береді.
8. Сертификаттаудың жалпы 2 (екі) айдан аспауы тиіс.
3. Алдын ала бағалау және өтінім бойынша шешім
9. Өтінім беруші осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім жібереді.
Өтінімге осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес құжаттар қоса беріледі.
Келесі сертификаттау кезінде өтінім беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінімді мәлімделген өзгерістерге қатысты (өзгерістер болған немесе қажет ететіндер бойынша) құжаттарымен ұсынады.
10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес олар бойынша тиіс шешім қабылдайды, ол туралы өтініш берушіге хабарлайды.
11. Өтінімді алдын ала бағалау рәсімдермен, практикамен және өтініш берушінің құжаттарында ұсынылған әдістермен жалпы танысуды және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін тексеруді қамтиды.
Бұл ретте мынадай мәселелер қаралады:
1) басқарудың ұйымдық құрылымы, практикасы және негізгі қағидаттары;
2) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес басшы құрамның ұшуды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегі тәжірибесі, сондай-ақ басшы құрам мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты мамандар бойынша деректердің болуы;
3) штатының жинақталуы және авиациялық персоналдың даярлық дәрежесі;
4) өтініш берушінің басқа ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге және әуе кемелерін жөндеуге, сондай-ақ авиациялық персоналды оқытуға жасасқан келісімдерінің болуы;
5) әуе кемелерін экипажымен немесе экипажсыз (мұндай "болған жағдайда) жалға алу келісімдерінің (шарттарының) болуы;
6) авиациялық техникаға қызмет көрсетуге және әуе тасымалын жүзеге асыруға арналған үй-жайлардың болуы;
7) осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықтың болуы және оның мазмұны;
8) осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқаулығының болуы және оның мазмұны;
9) ұсынылатын авиациялық жұмыстардың көлемін, әуе кемелерінің үлгілерін, басқару және басшылық ету әдістерін, өтінім беруші басшысының орындарындағы мамандардың құқықтары мен міндеттерін бағалау;
10) өтінім беруші ұсынған әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және ұшуда пайдалануды инспекциялау (бақылау) жүйелері мен бағдарламаларын (регламентін), әуе қозғалысының ұйымдастырылуын, әуе кемелерінің және ұшуды қамтамасыз ететін басқа жабдықтың техникалық жай-күйін, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ететін қызметтерді алдын ала талқылауды жүргізу;
11) өтінім бойынша шешім қабылдау.
12. Өтінім мен қоса берілген құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өтінім шешімде қайтарылу себептері көрсетіліп қайтаруға жатады.
13. Оң шешім қабылданған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттық тексеруді жүргізу үшін комиссия құрады.
Комиссия құрамына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның функцияларына әуе кемелерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және оларға ұшу жарамды күйде ұстау мәселелері жататын қызметкерлері кіреді.
4. Сертификаттық тексеру
14. Сертификаттық тексеру осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес сертификаттық тексерудің үлгілік бағдарламасына сәйкес жүргізіледі және бірінші кезекте ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне байланысты оның қызметінің барлық аспектілерін қамтиды.
15. Өтініш беруші өзінің қызметін ұшуды қамтамасыз етудің барлық түрлері бойынша ұйымдастырады, оларға мыналар жатады:
1) құқықтық қамтамасыз ету;
2) қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету;
3) ұшуда пайдаланылуын қамтамасыз ету;
4) инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету;
5) аэронавигациялық қамтамасыз ету;
6) метеорологиялық қамтамасыз ету;
7) әуеайлақтық және әуежайлық қамтамасыз ету;
8) медициналық қамтамасыз ету.
16. Ұшуды және жердегі қызметтерді тексеру қойылған міндеттерді шешу үшін авиациялық персоналдың, жердегі құралдардың және жабдықтардың дайындық дәрежесін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Бұл ретте ғимараттар мен құрылыстардың тиісті түрде жабдықталғаны, күзет сигналының, хабардар ету құралдарының болуы және олардың тікелей мақсаты бойынша пайдаланылатыны тексеріледі және расталады.
Ангар құрылыстарының, авиатехниканы жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі цехтардың, әкімшілік ғимараттардың, қоймалардың және басқа да құрылыстардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
17. Ұшу жұмысын ұйымдастыру, ұшу құрамын даярлау және оның біліктілігі азаматтық авиация саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуі қажет.
18. Өтінім беруші пайдаланатын барлық әуе кемелерінің қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаттары немесе Қазақстан Республикасында қолданыстағы деп танылған шетел мемлекеттерінің ұшуға жарамдылық сертификаттары болады.
19. Қазақстан Республикасының шегінен тыс авиациялық жұмыстарды орындаған кезде өтінім беруші басқа елдердің әуежайларында өз өкілдерінің немесе басқа елдердің әуежайларында өкілдігі бар азаматтық авиацияны ұйымымен шарт жасасу арқылы техникалық қызмет көрсетуді көздеуі қажет. Басқа елдердің әуежайларында техникалық қызмет көрсету тиісті мемлекеттің әуежайларында техникалық қызметті ұйымдастырудың белгіленген тәртібіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
20. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес 2 данада сертификаттық тексеру актісі жасалып, өтінім беруші объектілерінің нақты жай-күйі, қорытындылар, ұсыныстар мен авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды көрсетіледі. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге беріледі.
21. Сертификаттық тексеру кезінде авиациялық жұмыстарға арналған куәлікті беруге кедергі болмайтын сәйкессіздіктер анықталған жағдайда өтініш беруші осы ескертулерді жою күнін және жауапты тұлғаларды көрсете отырып, сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасайды.
Өтініш беруші іс-шаралар жоспарын бекітеді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жібереді. Сәйкессіздік жойылғаннан кейін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға олардың жойылғаны туралы анықтаманы ұсынады.
22. Егер өтініш берушінің әуе кемелерін ұшуда, техникалық пайдалану және ұшуды орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті сертификатталған әуе кемелері, даярланған персоналы, құжаттамасы, жабдығы, ғимараттары, құрылыстары бар болса, уәкілетті орган авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ міндетті сақтандыруды жүзеге асырады.
5. Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру, беруден бас тарту
23. Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру мүмкіндігі туралы қорытындымен бірге сертификаттық тексеру актісі авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру үшін негіз болып табылады.
Осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті ресімдеуді және беруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган он күн мерзімде жүргізеді.
24. Егер:
1) өтінім беруші ұсынған құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген;
2) өтініш беруші ұсынатын қызметтер сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген;
3) өтініш берушіге қатысты қызметтердің осы түрлерін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беруден бас тарту жүргізіледі.
25. Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беруден бас тартылған кезде өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауап беріледі.
26. Пайдаланушы авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтайды.
6. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданылуын тоқтата тұру және кері қайтарып алу
27. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:
1) пайдаланушы сертификаттық талаптар мен шектеулерді сақтамаған;
2) міндетті сақтандыру түрлері туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз етпеген;
3) инспекциялық тексеру кезінде, соның ішінде шетел мемлекеттерінде белгіленген ұшу қауіпсіздігіне әсерін тигізетін бұзушылықтар анықталған жағдайларда авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданылуын тоқтата тұрады.
28. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тоқтатыла тұру себебін көрсетеді және авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданылуын тоқтата тұру мерзімін белгілейді.
Егер әуе кемесін пайдаланушы белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жоймаған болса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті қайтарып алады.
29. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданылуын қайта қалпына келтіруді (ол тоқтатыла тұрған жағдайда) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган пайдаланушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан және уәкілетті орган қажетті тексерулерді жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырады.
30. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе ол қайтарылып алынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қабылданған шешім туралы пайдаланушыға және аэронавигациялық ақпарат қызметіне дереу хабарлайды.
31. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті кері қайтарып алу кезінде пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға құжаттың түпнұсқасын дереу қайтарады.
7. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке өзгерістер енгізу, телнұсқасын беру
32. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті пайдалану бойынша арнайы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде өтінім беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес құжаттары бар өтінімді жібереді.
33. Пайдаланушының атауы, оның мәртебесі, ведомстволық тиесілілігі өзгерген жағдайда, егер олар сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерге әкеп соқтырмайтын болса, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік пен арнайы ережелерге тиісті өзгерістер енгізіледі. Өзгерістер енгізу мерзімі өтінім берген сәттен бастап күнтізбелік 10 күнді құрайды.
34. Пайдаланушы бұрын өзі пайдаланбаған басқа үлгілердегі әуе кемелерін сатып алған (жалға алу, лизинг) жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган инспекциялық тексеру жүргізеді, олардың нәтижелері бойынша авиациялық жұмыстарды орындау куәлігінің арнайы ережелеріне тиісті толықтырулар (өзгерістер) енгізіледі.
35. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік бүлінген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган 10 күнтізбелік күн ішінде авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің телнұсқасын береді.
36. Пайдаланушы телнұсқаны алу үшін бұрын берілген авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті қажетті негіздемелерімен және қосымшаларымен, еркін нысандағы өтінішпен бірге азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға береді (жоғалғаннан (ұрланғаннан) басқа жағдайларда).
Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға жіберу
қағидасына
1-қосымша
Нысан
Уәкілетті орган басшысына
Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік алуға (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгерістер енгізуге)
өтінім
_____________________________________________________________________
(авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алу, қолданылу мерзімін ұзарту, пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгерістер енгізу)
мақсатында __________________________________ сертификаттау жүргізуді
(өтінім берушінің толық аты-жөні)
сұраймын ұшуды бастау жоспарланған күн
____________________________________________(ұзарту/өзгерістер енгізу кезінде тиісінше қолданылып жүрген аяқталу мерзімі немесе жаңа пайдалану жағдайындағы ұшуды бастау жоспарланған күн көрсетіледі).
Өтініш беруші:
сертификаттау рәсімдерін орындауға;
сертификаттау талаптарына жауап беруге;
авиация саласындағы уәкілетті органға ұшудың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге міндеттенеді.
Басшы ______________________________
(лауазымы / қолы / күні)
М.О.
Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға жіберу
қағидасына
2-қосымша
Өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ұйым берген сертификаттық тексеруге алдын ала қорытынды.
2. Мыналарды:
1) негізгі деректер мен өтінім берушінің құрылтайшыларын;
2) өтінім берушінің тіркелген атауын;
3) өтінім берушінің негізгі қызмет орнының мекенжайын;
4) елдің кодын қоса алғанда, өтінім берушінің негізгі қызмет орнының телефон мен факс нөмірін, бар болса электрондық поштасының мекенжайын;
5) ұшуды орындау, ұшу жарамдылығы, авиациялық персоналдың біліктілігі мәселелері және басқа да тиісті мәселелер бойынша пайдаланушымен дереу байланысқа шығуға болатын телефон мен факс нөмірін қамтитын пайдаланушымен жедел байланысты;
6) жоспарланған авиациялық жұмыстардың түрлерін;
7) ұшу аудандарын;
8) әуе кемелеріне арналған мәліметтер мен пайдалану жөніндегі шектеулерді;
9) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды;
10) ұшу жұмыстарын ұйымдастыруды;
11) ұшуды қамтамасыз етуді қамтитын өтінім берушінің ақпараты.
3. Өтінім беруші жарлығының көшірмесі және құрылтай шарты.
4. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
5. Ұйымдық құрылымы, штаттық кестесі.
6. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты басшы құрам мен авиация мамандарының міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар.
7. Экипаждың жұмыс уақыты мен демалысы туралы ереже.
8. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты басшы құрам мен авиация мамандары жөніндегі деректер.
9. Азаматтық авиация ұйымының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басшы қызметкерлері: ұшу қызметінің басшысы, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция бастығы, инженерлік-авиациялық қызмет басшысы лауазымдарының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжат.
10. Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы туралы деректер:
1) лауазымы;
2) тегі, аты, әкесінің аты;
3) бастапқы даярлығы;
4) класы, нөмірі, ұшқыштар құрамы куәлігінің қолданылу мерзімі, кім берді;
5) жалпы ұшу;
6) әуе кемелерінің үлгілері бойынша, әуе кемесінің командирі болып ұшу, минимум, ол бойынша қатарға қосу өткен (өтетін) құжаттың атауы, соңғы біліктілікті (ұшу, ұшақты жүргізу техникасын, ұшудағы практикалық жұмысты) тексеру күні;
7) медициналық куәландыру, куәліктің қолданылу мерзімі;
8) мамандық бойынша соңғы біліктілікті жетілдіру курстары;
9) авариялық жағдайда әрекет ету бойынша машықтануды үйрену және ұстау;
10) соңғы жұмыс орны (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі).
11. Пайдаланушы басшысы бекіткен ұшу қызметін жүзеге асыруда негізге алынатын құжаттар тізбесі.
12. Пайдаланушы басшысы бекіткен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулығы.
13. Техникалық қызмет корсету жүргізуде негізге алынатын құжаттардың тізбесі.
14. Пайдаланушы басшылығы бекіткен техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы.
15. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, ұшуға жарамдылық сертификаттарының, радиостанцияларға арналған рұқсаттың (лицензияның), әуе кемелерінің жергілікті жерлердегі шулы бойынша сертификаттардың көшірмелері.
16. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері.
17. Пайдаланушы басшысы бекіткен әуе кемелері бояуының үлгілері және мәтіндік сипаты.
18. Азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерін болдырмау жөніндегі шаралар туралы құжаттар.
19. Әуе кемелері туралы деректер және әуе кемелерінің түрі бойынша техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың, олардың жабдықтарының сипаты, сондай-ақ әрбір әуе кемесінің орналасқан жері туралы анықтама.
20. Әуе кемелерін жалдау (фрахт) шарттарының (келісімшарттарының) көшірмелері.
Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға жіберу
қағидасына
3-қосымша
Нысан
Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік
алуға арналған өтінім бойынша
шешім
20__ жылғы «____» ___________ № ___
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
_________________________________________________________________
(авиациялық жұмыстар)
___________________________________________________ авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік алуға арналған өтінімін қарап,
хабарлаймыз:
Сіз ұсынған құжаттар Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасының талаптарына сәйкес (сәйкес емес) (құжаттар сәйкес келмеген жағдайда сәйкессіздік тармағы көрсетіледі) _________________
МО Уәкілетті органның басшысы не ол
уәкілеттік берген адам
_________________ ________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
20__ жылы «___» __________
Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға жіберу
қағидасына
4-қосымша
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты
басшы құрам мен мамандар жөніндегі
деректер
1. Тегі, аты, әкесінің аты, атқарып отырған қызметі.
2. Туған жылы.
3. *Білімі.
4. *Арнайы білімі (даярлығы).
5. Басшы қызметтердегі жұмысы (атқарып отырған қызметтегі жұмыс өтілін көрсетіп).
6. Азаматтық авиация маманы куәлігінің нөмірі, оның қолданылу мерзімі.
7. Біліктілікті жоғарылату (күні, оқу орны, біліктілікті жоғарылату бағдарламасы).
8. Кезеңді аттестаттаудан өту, қорытынды
Басшы _______________
(күні, қолы)
*Ескертпе: Өтініш беруші білімі және арнайы даярлығы туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға жіберу
қағидасына
5-қосымша
Ұшуды орындау жөніндегі үлгі нұсқаулық
1. Ұшуды орындау жөніндегі үлгі нұсқаулықты өтінім беруші қолданыстағы қағидаларға, нұсқаулықтарға және әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның талаптарын ескере отырып әзірлейді. Әуе кемелерін пайдалану, II бөлім, «Жалпы пайдаланымдағы халықаралық авиация. Ұшақтар», III бөлім, «Халықаралық ұшулар. Тікұшақтар».
2. Нұсқаулық мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) мазмұны;
2) түзетулер есебінің беті;
3) басшы және пайдаланушы персоналдың қызметтік міндеттері, жауапкершілігі және субординациясы;
4) пайдаланушының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (сертификатталған ұшу массасы 5700 кг-дан астам әуе кемелері);
5) ұшуды басқару жүйесі;
6) әуе кемесінің ең аз жабдығының тізбесіне қатысты қағидалар (MЕL, қолданған кезде);
7) метеорологиялық шектеулер;
8) ұшу және жұмыс уақытының шектеулері;
9) ұшудағы төтенше оқиғалар;
10) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды талдау;
11) персоналдың біліктілігі және даярлығы;
12) есепке алу құжаттамасын жүргізу;
13) техникалық қызмет көрсетуді басқару жүйесінің сипаты;
14) ұшу-техникалық сипаттамалардың пайдаланудағы шектеулері.
Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға жіберу
қағидасына
6-қосымша
Пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі
үлгі нұсқаулығы
Пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі үлгі нұсқаулығын өтінім беруші қолданыстағы қағидаларға, нұсқаулықтарға және әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның талаптарын ескере отырып әзірлейді. Әуе кемелерін пайдалану, II бөлім, «Жалпы пайдаланымдағы халықаралық авиация. Ұшақтар», III бөлім, «Халықаралық ұшулар. Тікұшақтар».
1. Пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі үлгі нұсқаулығы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) инженерлік-авиациялық қызмет жұмысын ұйымдастыруға негіз болатын негізгі құжаттардың тізбесі;
2) Инженерлік-техникалық құрамды авиациялық техникадағы жұмыстарға жіберу қағидасы, осы жұмыстарға жіберуді растайтын құжаттардың болуы туралы ақпарат;
3) Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы ақпарат және/немесе инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттері, жауапкершілігі мен өкілеттіктері;
4) әуе кемесінің әрбір үлгісіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
5) техникалық қызмет көрсету бағдарламасындағы (регламенттегі) кемшіліктерді жою мақсатында осы бағдарламаның орындалуы мен тиімділігін талдау және ұдайы бақылау жүйесі;
6) пайдаланушының техникалық қызмет көрсету туралы деректерді тіркеуі және сақтауы;
7) ұшу жарамдылығына әсер ететін ақаулықтарды тіркеу мен жоюды қамтамасыз ету рәсімі;
8) әуе кемелерін пайдалану кезіндегі авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органды хабардар ету рәсімі;
9) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін тұлғаларды кәсіптік даярлау туралы қысқаша деректер;
10) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін тұлғалардың тізімі (білімі, атқаратын лауазымы, техникалық қызмет көрсетуге рұқсатының болуы);
11) пайдаланушы орындайтын техникалық қызмет көрсету түрлерінің тізбесі;
12) әуе кемелерін түрлендіру және жөндеу туралы ақпарат;
13) авиациялық техниканың жай-күйін, оның сенімділігін қамтамасыз етуді және әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету сапасын бақылау туралы ақпарат;
14) объективті бақылау құралдарын (болған жағдайда) пайдалану арқылы ұшу ақпаратын жинау, мағынасын ашу және пайдалану туралы ақпарат;
15) басшылық, нөмірлі және өндірістік-техникалық құжаттаманы қоса алғанда, пайдалану құжаттамасын жүргізу туралы ақпарат;
16) бөгде ұйымдардың әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізгенін растайтын құжаттар (шарттар);
17) халықаралық ұшуды орындау үшін орнатылған қосымша жабдық тізбесі бар әрбір әуе кемесіне арналған ақпарат;
18) әуе кемесінің, оның қозғалтқыштарының белгіленген ресурсы, әуе кемесінің, оның қозғалтқыштарының, бұрандаларының жұмыс істеген сағаттары туралы мәліметтері бар әрбір әуе кемесіне арналған ақпарат.
Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға жіберу қағидасына
3-қосымша
Нысан
Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік
алуға арналған өтінім бойынша
шешім
20__ жылғы «____» ___________ № ___
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
_________________________________________________________________
(авиациялық жұмыстар)
___________________________________________________ авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік алуға арналған өтінімін қарап,
хабарлаймыз:
Сіз ұсынған құжаттар Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасының талаптарына сәйкес (сәйкес емес) (құжаттар сәйкес келмеген жағдайда сәйкессіздік тармағы көрсетіледі) _________________
МО Уәкілетті органның басшысы не ол
уәкілеттік берген адам
_________________ ________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
20__ жылы «___» __________
Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға жіберу қагидасына
4-қосымша
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты
басшы құрам мен мамандар жөніндегі
деректер
1. Тегі, аты, әкесінің аты, атқарып отырған қызметі.
2. Туған жылы.
3. *Білімі.
4. *Арнайы білімі (даярлығы).
5. Басшы қызметтердегі жұмысы (атқарып отырған қызметтегі жұмыс өтілін көрсетіп).
6. Азаматтық авиация маманы куәлігінің нөмірі, оның қолданылу мерзімі.
7. Біліктілікті жоғарылату (күні, оку орны, біліктілікті жоғарылату бағдарламасы).
8. Кезеңді аттестаттаудан өту, қорытынды
Басшы _______________
(күні, қолы)
*Ескертпе; Өтініш беруші білімі және арнайы даярлығы туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға жіберу қағидасына
5-қосымша
Ұшуды орындау жөніндегі үлгі нұсқаулық
1. Ұшуды орындау жөніндегі үлгі нұсқаулықты өтінім беруші қолданыстағы қағидаларға, нұсқаулықтарға және әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның талаптарын ескере отырып әзірлейді. Әуе кемелерін пайдалану, II бөлім, «Жалпы пайдаланымдағы халықаралық авиация. Ұшақтар», III бөлім, «Халықаралық ұшулар. Тікұшақтар».
2. Пұсқаулық мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) мазмұны;
2) түзетулер есебінің беті;
3) басшы және пайдаланушы персоналдың қызметтік міндеттері, жауапкершілігі және субординациясы;
4) пайдаланушының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (сертификатталған ұшу массасы 5700 кг-дап астам әуе кемелері);
5) ұшуды басқару жүйесі;
6) әуе кемесінің ең аз жабдығының тізбесіне қатысты қағидалар (MTL, қолданған кезде);
7) метеорологиялық шектеулер;
8) ұшу және жұмыс уақытының шектеулері;
9) ұшудағы төтенше оқиғалар;
10) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды талдау;
11) персоналдың біліктілігі және даярлығы;
12) есепке алу құжаттамасын жүргізу;
13) техникалық қызмет көрсетуді басқару жүйесінің сипаты;
14) ұшу-техникалық сипаттамалардың пайдаланудағы шектеулері.
Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға жіберу қағидасына
6-қосымша
Пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі
үлгі нұсқаулығы
Пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі үлгі нұсқаулығын өтінім беруші қолданыстағы қағидаларға, нұсқаулықтарға және әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның талаптарын ескере отырып әзірлейді. Әуе кемелерін пайдалану, II бөлім, «Жалпы пайдаланымдағы халықаралық авиация. Ұшақтар», III бөлім, «Халықаралық ұшулар. Тікұшақтар».
1. Пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі үлгі нұсқаулығы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) инженерлік-авиациялық қызмет жұмысын ұйымдастыруға негіз болатын негізгі құжаттардың тізбесі;
2) Инженерлік-техникалық құрамды авиациялық техникадағы жұмыстарға жіберу қағидасы, осы жұмыстарға жіберуді растайтын құжаттардың болуы туралы ақпарат;
3) Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы ақпарат және/немесе инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттері, жауапкершілігі мен өкілеттіктері;
4) әуе кемесінің әрбір үлгісіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
5) техникалық қызмет көрсету бағдарламасындағы (регламенттегі) кемшіліктерді жою мақсатында осы бағдарламаның орындалуы мен тиімділігін талдау және ұдайы бақылау жүйесі;
6) пайдаланушының техникалық қызмет көрсету туралы деректерді тіркеуі және сақтауы,
7) ұшу жарамдылығына әсер ететін ақаулықтарды тіркеу мен жоюды қамтамасыз ету рәсімі;
8) әуе кемелерін пайдалану кезіндегі авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органды хабардар ету рәсімі;
9) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін тұлғаларды кәсіптік даярлау туралы қысқаша деректер;
10) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін тұлғалардың тізімі (білімі, атқаратын лауазымы, техникалық қызмет көрсетуге рұқсатының болуы);
11) пайдаланушы орындайтын техникалық қызмет көрсету түрлерінің тізбесі;
12) әуе кемелерін түрлендіру және жөндеу туралы ақпарат;
13) авиациялық техниканың жай-күйін, оның сенімділігін қамтамасыз етуді және әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету сапасын бақылау туралы ақпарат;
14) объективті бақылау құралдарын (болған жағдайда) пайдалану арқылы ұшу ақпаратын жинау, мағынасын ашу және пайдалану туралы ақпарат;
15) басшылық, нөмірлі және өндірістік-техникалық құжаттаманы қоса алғанда, пайдалану құжаттамасын жүргізу туралы ақпарат;
16) бөгде ұйымдардың әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізгенін растайтын құжаттар (шарттар);
17) халықаралық ұшуды орындау үшін орнатылған қосымша жабдық тізбесі бар әрбір әуе кемесіне арналған ақпарат;
18) әуе кемесінің, оның қозғалтқыштарының белгіленген ресурсы, әуе кемесінің, оның қозғалтқыштарының, бұрандаларының жұмыс істеген сағаттары туралы мәліметтері бар әрбір әуе кемесіне арналған ақпарат.
Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға жіберу қағидасына
7-қосымша
Сертификаттық тексеру бағдарламасы
АӘК пайдаланушының атауы:
Тексеру күні, бұйрық №:
Тексерушілердің Т.А.Ә., лауазымы:____________________
____________________
Р/с |
Бағдарлама бойынша позициялардың нөмірі және тексерілетін элементтер |
Сәйкестікті бағалау (+/-) |
Сәйкестік позициясының нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
Ұсынылған дәлелдеу құжаттамасы жиынтығының болуы және сәйкестігі |
|||
1) |
Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік алуға арналған өтінім |
||
2) |
Пайдаланушы жарғысының көшірмесі (құрылтай шарты) |
||
3) |
Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі |
||
4) |
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ұйым берген сертификаттық тексеруге алдын ала қорытындының болуы |
||
5) |
Пайдаланушының жүктелген функцияларды орындауға жеткілікті ұйымдық құрылымы, штаттық кестесі |
||
6) |
Басшы құрам мен авиация мамандарының міндеттерін және жауапкершілігін айқындайтын лауазымдық нұсқаулықтар |
||
7) |
Пайдаланушы қызмет түрін ескере отырып әзірлеген экипаждардың жұмыс уақыты мен демалысы туралы ереже |
||
8) |
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты басшы құрам мен авиация мамандары жөніндегі деректер, олардың сәйкестігі |
||
9) |
Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы, қызмет көрсетуші персонал туралы деректер және олардың дұрыстығы |
||
10) |
Негізінде ұшу қызметі жүзеге асырылатын құжаттардың болуы және тізбесі |
||
11) |
Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулық, белгіленген талаптарға сәйкестік және енгізілетін өзгерістердің уақтылылығы |
||
12) |
Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге негіз болатын құжаттардың тізбесі және болуы |
||
13) |
Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқаулығы, белгіленген талаптарға сәйкестік және енгізілетін өзгерістердің уақтылылығы |
||
14) |
Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті сақтандыру түрлерінің полистері |
||
15) |
Әуе кемелерін жалдау шарттарының көшірмесі (қолданылу мерзімі) |
||
16) |
Аэронавигациялық ақпаратты қамтамасыз ету жөніндегі шарт |
||
17) |
Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі шарт |
||
18) |
Авиациялық персоналдың біліктілігін арттыру курстарынан етуге арналған шарт |
||
19) |
Орналасу әуеайлағын пайдалануға арналған шарт (авиациялық және авариялық-құтқару қауіпсіздігін қамтамасыз ету) |
||
20) |
Техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт (жедел, мерзімді, күрделі жөндеу) |
||
21) |
Экипаждардың жаттығу дайындығын жүргізуге немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша әуе кемесінің кабинасында жаттығу жүргізуге арналған шарт |
||
22) |
Медициналық қамтамасыз етуге арналған шарт (ұшу алдындағы және ауысым алдындағы медициналық қарау) |
||
23) |
Ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз етуге арналған шарт |
||
24) |
Азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерін болдырмау жөніндегі шаралар туралы құжаттар мен нұсқау |
||
25) |
Авиациялық жұмыстарды орындау үшін нормативтік құжаттардың тізбесі және болуы |
||
26) |
Пайдаланушының ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулығы. |
||
2. Ұшу жұмысын ұйымдастыру |
|||
1) |
Штат саны және жасақталуы |
||
2) |
Басқарушы буынның біліктілігі, біліктілік талаптарына сәйкестігі |
||
3) |
Басқа пайдаланушылардың ұшқыштар құрамын пайдалануы |
||
3. Ұшу жұмысын жоспарлау |
|||
1) |
Ұшу-штабтық құжаттаманы жүргізу |
||
2) |
Ұшқыштар құрамының дайындығын, жаттығуын және оларды тексеру жоспар-кестесінің болуы және оны жүргізу |
||
3) |
Осы үлгідегі әуе кемесінде өздігімен ұшуға (жұмысқа) рұқсат беру үшін ұшқыштар құрамын дайындау және тексеру |
||
4) |
Мамандықтар бойынша біліктіліктерін растау және арттыру |
||
5) |
Ұшқыштар құрамы куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту |
||
6) |
Ұшқыштар құрамы класында жоғарылату үшін даярлау |
||
7) |
Ұшу жұмысындағы үзілістен кейін ұшқыш құрамын ұшуға жіберу тәртібін сақтау |
||
8) |
Нұсқаушылар құрамын даярлау |
||
9) |
Азаматтық авиацияның оку орындарында (орталықтарында) ұшқыштар құрамының біліктілігін жоғарылату, басқа үлгідегі әуе кемелеріне қайта үйрету |
||
10) |
Экипаждарды алдын ала даярлауды жүргізу |
||
11) |
Қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қонудың жүйелі түрде орындалуын эр тоқсан сайын тексеруді растау минимумы |
||
12) |
Қолайсыз метеорологиялық жағдайларда ұшуға рұқсат алу үшін ұшқыштар құрамын даярлау және тексеру |
||
13) |
Көктемгі-жаздық және күзгі-кысқы навигацияға дайындау және әзірліктерін тексеру (дайындық жоспары, жоспардың құрылымдық мазмұны, шараларды орындау мерзімдері, ұшу-техникалық конференция өткізу) |
||
14) |
Әуе кемелерінің басқа үлгілерінде ұшқыштар құрамын алдын ала даярлау бағдарламасын сақтау |
||
15) |
Экипаж мүшелерінің ұшу және жұмыс уақытының нормаларын сақтауы |
||
16) |
Ұшқыштар құрамының демалыстарын жоспарлау, демалыс кестесі бойынша мерзімдерді сақтау |
||
17) |
Әуе кемелерінің бірнеше үлгілерінде ұшуды орындайтын ұшқыштар құрамы үшін белгіленген талаптарды орындау |
||
18) |
Ұшқыштар құрамының дәрігерлік-ұшу сараптамалық комиссиясынан өтуі (тоқсандық медициналық қаралу) |
||
3. Ұшқыштар құрамын кәсіптік даярлау |
|||
Теориялық дайындық: |
|||
1) |
Нормативтік құжаттаманың бақылаудағы даналарының болуы |
||
2) |
Жоспарланған кезеңге арналған теориялық даярлықтың жоспары мен тақырыбы |
||
3) |
Өзіндік даярлық (жеке тапсырмалар) |
||
4) |
Оқытушылар құрамы және оларда пәндер бойынша бекітілген конспектілердің болуы |
||
5) |
Ұшу бөлімшелері үй-жайларының болуы және олардың жай-күйі, оларда өндірістік санитария, өртке қарсы қауіпсіздік қағидалар талаптарын сақтау |
||
6) |
Оқу-әдістемелік база жабдықтары: ұшу-әдістемелік, техникалық сыныптар, көрнекі оқу құралдары, техникалық оқу құралдары және әдістемелік әзірлемелер |
||
7) |
Білімді бақылау нысаны, бақылау, теориялық даярлықты есепке алу нысандары мен әдістері |
||
Жаттығу дайындығы: |
|||
8) |
Ұшқыштар құрамын дайындаудың жоспарланған мерзімдерін, көлемдері мен бағдарламаларын сақтау |
||
9) |
Кешенді жаттықтырғыштарда дайындалу бағдарламаларының болуы немесе экипаж кабинасында жаттығу |
||
10) |
Жаттығу дайындығында командалық-ұшу және нұсқаушылар құрамының бақылауы және жеке қатысуы |
||
11) |
Экипаждарды ерекше жағдайлардағы іс-қимыл және әуе кемесінен авариялық жағдайда шығу бойынша жаттықтыруды ұйымдастыру және оның эпизодты түрде болуы |
||
Экипажды қалыптастыру және олардың ұшуына рұқсат беру: |
|||
12) |
Экипаждар құрамын бекіту және есепке алу тәртібі |
||
13) |
Маршруттар (жұмыс аудандары) бойынша экипаждарды әуежайлақтарға алып бару, экипаждарды таулы әуежайлақтарға апаруды ұйымдастыру |
||
14) |
Экипаждарды авиациялық жұмыстарды орындауға дайындау |
||
15) |
Технологияға және технологиялық кестеге сәйкес экипажды ұшу алдында дайындауды ұйымдастыру |
||
16) |
Ұшуды орындауды қамтамасыз ететін қызметтерде экипажды дайындау |
||
17) |
Есепке алу және ұшу құжаттамасын жүргізуді бақылауды ұйымдастыру (ұшуға тапсырма, орталықтау кестесі, ұшудың жұмыс жоспары, тасымалдау құжаттары) |
||
18) |
Экипаждардың ұшудан кейінгі талқылауды жүргізу және ұйымдастыру |
||
19) |
Базадан тыс ұшуды орындайтын экипаждарды бақылауды ұйымдастыру |
||
Халықаралық ұшулар: |
|||
20) |
Қазақстан Республикасынан тыс авиациялық жұмыстарды орындауға дайындық жөніндегі нормативті құқықтық актілердің талаптарын сақтау |
||
21) |
Қазақстан Республикасынан тыс авиациялық жұмыстарды алғаш рет орындайтын экипаждарды апару |
||
5. Қауіпті жүктерді тасымалдау |
|||
1) |
Қауіпті жүктерді әуемен тасымалдау қағидалары бойынша нұсқаулық құжаттаманың болуы |
||
2) |
Қауіпті жүктерді тасымалдаушы персоналды оқыту |
||
3) |
Әуе кемесіне қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру |
||
4) |
Қауіпті жүктерді қабылдау, өңдеу, сақтау, тиеу, бақылау |
||
5) |
Қауіпті жүктерді тасымалдауға байланысты оқиғалардың/оқыс оқиғалардың есептілігі |
||
6) |
Жарияланбаған қауіпті жүктерге қатысты пайдаланушының іс-әрекеті |
||
6. Ұшу жұмысын талдау және ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі |
|||
1) |
Ұшуды талдауды жүргізу мерзімі (бөлімшелер бойынша) және талдау журналының болуы |
||
2) |
Тексерушілердің ұшқыштар құрамын тексеру материалдары (ұшу кітапшалары, жаттығуға арналған тапсырмалар, ұшуды басқару техникасын, практикалық жұмысты тексеру актілері) |
||
3) |
Авиациялық персонал куәлігінің болуы және ресімделуі |
||
4) |
Ұшу ақпаратын, ұшу және сөз алмасу параметрлерін тіркеудің борттық және жерүсті құралдарын талдау материалдары (талдау және пайыздық қамту) |
||
5) |
Бекітіліген тәртіппен авиациялық оқиғаларды есепке алу |
||
6) |
Ұшу қауіпсіздігі бойынша талдау жасау |
||
7) |
Авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі жұмыстарға дайындалған мамандардың болуы |
||
8) |
Авиациялық оқиғаларды болдырмау жөніндегі профилактика |
||
9) |
Қауіпсіздік жөніндегі инспекторларды тексеру материалдары, ұшуды орындауды жедел бақылау |
||
7. Өндірістік база |
|||
1) |
Ангарлардың, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу үшін пананың болуы және ұстау немесе жалға алынған құрылыстар мен жерүсті қызмет көрсету құралдарын пайдалануға арналған шарттардың болуы |
||
2) |
Инженерлік-авиациялық персоналға арналған тұрмыстық үй-жайдың, өндірістік ғимараттардың болуы және олардың жай-күйі, оларда өндірістік санитария талаптарының, өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуы |
||
8. Әуе кемелері |
|||
1) |
Әуе кемесі бояуының бекітіліген сипаттамаға сәйкестігі |
||
2) |
Әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік |
||
3) |
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты |
||
4) |
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды |
||
5) |
Кеме құжаттамасының жиынтықта болуы және оны ресімдеу тәртібі |
||
6) |
Әуе кемесінің авариялық-құтқару және өртке қарсы жабдығының, авариялық шығу орындарының, авариялық жүзу құралдарының болуы және жай-күйі |
||
7) |
Жерде әуе кемелерін мұздануына қарсы өңдеу рәсімі |
||
8) |
Жолаушыларды авариялық эвакуацияға дайындау жөніндегі нұсқаулық |
||
9) |
Әуе кемесінің санитарлық жай-күйі (медициналық дәрі қобдишаларының, санитарлық журналдың болуы және жиынтықталуы) |
||
10) |
Әуе кемелеріне жанар-жағармай материалдарын құю рәсімі және қағидаларын сақтау |
||
11) |
Тұрақтар орнының жай-күйі, оларға белгі қою; тұрақтарда жер үстіндегі жабдықтарға арналған аймақтың, пайдаланылған жанар-жағармай материалдарын жинау орнының, өртке қарсы құралдардың болуы; жарыс тұрақтарының жай-күйі |
||
12) |
Әуе кемесін жер үстіндегі қызметтерден және кері қабылдап алу-тапсыруды ұйымдастыру, әуе кемесін күзетке табыстау |
||
13) |
Әуе кемелерін маусымдық дайындау |
||
9. Ақпараттық қамтамасыз ету |
|||
1) |
Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттың уақтылы түсуі (бұйрықтар мен нұсқамалар) |
||
2) |
Нормативтік және басқарушы құжаттарға өзгерістер енгізудің уақтылылығы |
||
3) |
Пайдаланушының жеке құрамының ұшу қауіпсіздігі бойынша бұйрықтарды, нұсқамалар мен ақпаратты жеткізуі мен зерделеуінің уақтылылығы |
||
10. Еңбекті қорғау, қаржылық және материалдық қамтамасыз ету |
|||
1) |
Еңбекті қорғауды ұйымдастыру |
||
2) |
Еңбекті қорғау жөніндегі құжаттың болуы |
||
3) |
Жеке қорғау құралдарының болуы |
||
4) |
Авиациялық персоналдың нысанды және арнайы киім-кешегінің болуы |
||
5) |
Аэронавигациялық қызмет көрсету үшін берешегі |
||
6) |
Әуежайлық қызмет көрсету үшін берешегі |
||
7) |
Еңбекақы төлеу бойынша берешегі |
ЕСКЕРТПЕ:
( *) пайдаланушы үшін міндетті емес;
(-1) куәлік беруге кедергі болатын сәйкессіздіктер;
(-2) келісілген мерзімде жою немесе шектеулер енгізу шартымен куәлік беруге кедергі болмайтын сәйкессіздіктер;
(-3) куәлік беруге кедергі болмайтын және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер.
ҚОСЫМША: Сәйкессіздіктер тізбесі ________ парақ (парақтар).
Комиссия төрағасы: ________________________
(қолы, Т.А.Ә)
Комиссия мүшелері: ________________________
(қолы, Т.А.Ә)
ТАНЫСТЫ: Пайдаланушының басшысы: ________ ________
(колы) (Т.А.Ә)
Сертификаттық тексеру
жүргізілген күн: 20__ жылғы ___ ___________
Сертификаттық тексеру бағдарламасына сәйкессіздіктер
тізбесі
________________________________________
(пайдаланушының атауы)
Сертификаттық тексеру бағдарламасына сәйкессіздік позициясының № |
Сәйкессіздік сипаты |
Ескертпе |
Тексерушілер: ________________________
________________________
________________________
________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Танмстым: _____________________________________________
(пайдаланушының басшысы, қолы, Т.А.Ә.)
Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға жіберу қағидасына
8-қосымша
Нысан
Сертификаттық тексеру актісінің
үлгі нысаны
_____________________________ 20__ жылғы «____» _______ № _____
(уәкілетті органның атауы)
бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы:
Төраға: _____________________
(Т.А.О., лауазымы)
Комиссия мүшелері: _____________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
_____________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
_____________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
комиссия пайдаланушы _______________________________________________
(заем тұлғаның, жеке тұлғаның атауы)
авиациялық жұмыстарды орындауға жіберу жөнінде сертификаттау жүргізілді.
Қорытынды мәтіні __________________________________________
Төраға: _________________ __________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Комиссия мүшелері _______________ _________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйымның басшысы _______________ _________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға жіберу қағидасына
9-қосымша
Нысан
— Елтаңба — _________________________________________________________________
Уәкілетті органның атауы Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған
куәлік № _____
Осы куәлік пайдаланушы __________________________________________
(пайдаланушының атауы)
ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қоса беріліп отырған пайдалану жөніндегі арнайы қағидаларда және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 ___ жылғы _________ № ___ қаулысымен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидаларында белгіленгендей авиациялық жұмыстарды орындау құқығы берілгенін куәландырады.
Инспекциялық бақылауды _______________________________________
(уәкілетті органның атауы) жүзеге асырады.
МО Уәкілетті органның басшысы не ол
уәкілеттік берген адам
___________ ___________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Берілген күні: 20 __ жылғы «____» ________
Қолданылу мерзімі: 20__ жылғы «____» ________
Уәкілетті орган
_________________________________________________________________
(пайдаланушының атауы Куәлік №)
Пайдалану жөніндегі арнайы ережелер
(пайдалану талаптары мен шектеулері)
А бөлімі — Жалпы ережелер
1. Қолданылуы. Осы Пайдалану жөніндегі арнайы ережелер (шектеулер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы ______ № _____ қаулысымен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасына сәйкес беріледі.
2. ________________________________________ берген № ________ авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлігі бар пайдаланушы «________» ұшуды орындауға даярланған.
3. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат. Пайдаланушы - «________» авиациялық жұмыстарды орындау үшін мынадай дайындаушылардың және модельдердегі әуе кемелерін пайдалануға рұқсат етіледі:
Дайындаушы |
Моделі |
Барынша жүк көтерімділігі мен жолаушы сыйымдылығы |
1 |
2 |
3 |
1-бағанда әуе кемесін дайындаушы зауыт көрсетіледі; 2-бағанда әуе кемесінің үлгісі және мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі; 3-бағанда тонналық көрсеткіш және жолаушылар саны көрсетіледі.
_______________________________ ___________ _____________
(уәкілетті орган басшысы не ол (қолы) (Т.А.Ә.)
уәкілеттік берген адам)
МО
Берілген күні: 20___ жылғы «____» _______
Уәкілетті орган
_________________________________________________________________
(пайдаланушының атауы Куәлік №)
Пайдалану жөніндегі арнайы ережелер
(пайдалану талаптары мен шектеулері)
А бөлімі -Жалпы ережелер (жалғасы)
Авиациялық жұмыстарды орындау үшін экипажды пайдалану жөніндегі шектеулер.
Пайдаланушы - «___________» авиациялық жұмыстарды орындау үшін мәлімделген әуе кемелерін төменде аталған ұшқыштар құрамымен пайдалануына рұқсат етіледі:
Р/с |
Лауазымы |
Т.А.Ә. |
_______________________________ ___________ _____________
(уәкілетті орган басшысы не ол (қолы) (Т.А.Ә.)
уәкілеттік берген адам)
МО
Берілген күні: 20___ жылғы «____» _______
Уәкілетті орган
_________________________________________________________________
(пайдаланушының атауы Куәлік №)
Пайдалану жөніндегі арнайы ережелер
(пайдалану талаптары мен шектеулері)
В бөлімі - Авиациялық жұмыстарды орындау жөніндегі рұқсаттар мен
шектеулер
Пайдаланушы - «_______» әуе кемелері Қазақстан Республикасының (уағдаласушы тараптардың) қолданыстағы нормативтік құқықтық құжаттарына және ұшу қағидаларына сәйкес авиациялық жұмыстарды орындауға дайындалған.
Мына:
Қазақстан Республикасы аумағының шегінде
Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс - (өңірлер) ұшуға рұқсат етілген.
Әуе кемесінің үлгісі |
Авиациялық жұмыстардың түрлері |
Ұшу түрлері (ПВП, СПВП, ППП) |
Тәулік уақыты |
_______________________________ ___________ _____________
(уәкілетті орган басшысы не ол (қолы) (Т.А.Ә.)
уәкілеттік берген адам)
МО
Берілген күні: 20___ жылғы «____» _______
Уәкілетті орган
_________________________________________________________________
(пайдаланушының атауы Куәлік №)
Пайдалану жөніндегі арнайы ережелер
(пайдалану талаптары мен шектеулері)
D бөлімі - Техникалық қызмет көрсету
Пайдаланушы - «_______» әуе кемелеріне Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында техникалық қызмет көрсетуді және регламенттік жұмыстар жүргізуді реттейтін стандарттарға, нормалар мен қағидаларға, бекітілген пайдаланушының техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулығына, сондай-ақ _______ жылғы _______ № ___ техникалық қызмет көрсетуге арналған шартқа сәйкес техникалық қызмет _______________________________ ___________ _____________
_______________________________ ___________ _____________
(уәкілетті орган басшысы не ол (қолы) (Т.А.Ә.)
уәкілеттік берген адам)
МО
Берілген күні: 20___ жылғы «____» _______
Уәкілетті орган
_________________________________________________________________
(пайдаланушының атауы Куәлік №)
Пайдалану жөніндегі арнайы ережелер
(пайдалану талаптары мен шектеулері)
Е бөлімі - Әуе кемелері салмағының, орталықтандырудың рұқсат етілген стандарттық сандық нормалары және олардың шектеулері
ӘК үлгісі |
Шекті салмақ (кг) |
Шекті орталықтандыру (% САХ) |
|
алдыңғы |
артқы |
||
Шектеулер: Орталықтандырудың шекті салмағы мен шектеулерінен жоғары әуе кемелерін шекті артық пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
_______________________________ ___________ _____________
(уәкілетті орган басшысы не ол (қолы) (Т.А.Ә.)
уәкілеттік берген адам)
МО
Берілген күні: 20___ жылғы «____» _______
Уәкілетті орган
_________________________________________________________________
(пайдаланушының атауы Куәлік №)
Пайдалану жөніндегі арнайы ережелер
(пайдалану талаптары мен шектеулері)
G бөлімі - Жалға алынатын әуе кемелерін пайдалану
(ӘК жалға алу бойынша шектеулер)
Пайдалану нормативтері мен қағидаларының ережелеріне, сондай-ақ осы пайдалану талаптарына сәйкес Пайдаланушы ______________________ мына: _________________ әуе кемелерін ______ жылғы « ______» _____ (А) _____ мен (Б) _________ арасындағы жалдау туралы шарт бойынша жалға алу құқығымен пайдалануға рұқсат етіледі.
Мұндай ұшуды осы пайдалану талаптарында көрсетілген пайдалану минимумдарына сәйкес жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
Мұндай ұшу _________ үлгісіндегі әуе кемелерін және (А) пайдаланушының ұшқыштар экипаждарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
_______________________________ ___________ _____________
(уәкілетті орган басшысы не ол (қолы) (Т.А.Ә.)
уәкілеттік берген адам)
МО
Берілген күні: 20___ жылғы «____» _______
Пайдаланушыны авиациялық
жұмыстарға жіберу қағидасына
10-қосымша
Пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгерістер енгізуге арналған құжаттар тізбесі
1. Әуе кемесін пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге енгізу кезінде өтінім беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінім;
2) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету туралы мәліметтер;
3) ұшқыштар және техникалық құрам туралы мәліметтер;
4) әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
5) ұшу жарамдылығы сертификатының көшірмесі:
6) жалға алу туралы шарттың көшірмесі (егер әуе кемесі жалға алынса) және әуе кемесін қабылдап алу-тапсыру актісі;
7) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
8) санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;
9) дезинсекция мен дератизация бойынша жұмыстар жүргізу туралы анықтама;
10) әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және жарамдылығын анықтау актісі;
11) ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулыққа және техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқаулығына енгізілетін тиісті өзгеріс пен толықтыру.
2. Экипаждарды пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге енгізу кезінде өтінім беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінім;
2) осы Қағидаға 2-қосымшаның 10-тармағына сәйкес ұшқыштар құрамы туралы деректер;
3) авиациялық персоналға арналған сақтандыру полистерінің көшірмелері;
4) мамандардың ұшу куәліктерінің көшірмелері;
5) жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесі;
6) біліктілікті арттыру курстарынан еткені туралы құжаттардың көшірмесі.
3. Әуе кемелерін пайдалануды тоқтатқан және (немесе) ұшқыштар құрамын қысқартқан жағдайда пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы әуе кемелерін және ұшқыштар құрамын арнайы ережелерден шығару туралы өтінім жібереді.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері өтінім берушінің қолымен және мөрімен расталады.