"Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы қағидатын соттардың сақтауы туралы" Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 25 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 8 Нормативтік қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы қағидатын соттардың сақтауы туралы" Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 25 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 12-тармақтағы "403" деген сандар "396-1, 446-1" деген сандармен ауыстырылсын, "апелляциялық" деген сөзден кейін "және кассациялық" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 13-тармақ "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

М. Әлімбеков

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев