"Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 76 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 200 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 8 ақпандағы
№ 76 қаулысымен     
бекітілген     

«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы
бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге
мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету
стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою тәртібін белгілейді.
      2. Көрсетілетін «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызметінің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73 және 74-баптарының және «Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1292 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет тізбесі осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы, ал орталықтар болмаған жағдайда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) тұтынушыға кезек нөмірін көрсетіп есепке қою туралы немесе негізді себептерді көрсетіп есепке қоюдан бас тарту туралы жазбаша жауап беру болып табылады. Бұл ретте кезек нөмірі ұлғаю жағына өзгеруі мүмкін емес.
      6. Мемлекеттік қызмет халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға көрсетіледі.
      Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар;
      2) 1 және 2-топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
      3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
      5) жасына қарай зейнеткерлік демалысына шыққан зейнеткерлер;
      6) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады;
      7) оралмандар;
      8) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
      9) көп балалы отбасылар;
      10) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін атқару кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
      11) толық емес отбасылар жатады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап (тіркеу, талон, қолхат алу және т.б. сәттен бастап) 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін орталыққа қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 30 минутты, ал уәкілетті органда 15 минутты құрайды.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алған кезде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты орталықта 30 минутты, уәкілетті органда 15 минутты құрайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты тізбесі осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың стенділерінде, сондай-ақ ресми ақпараттық кездерінде орналастырылады. Елді мекенде орталық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету стандартын уәкілетті органдар мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың стенділерінде орналастырады.
      10. Мемлекеттік қызмет орталықтар арқылы, мереке және демалыс күндерін қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі, филиалдар мен өкілдіктер үшін сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін бір сағат түскі үзіліспен жұмыс кестесі белгіленеді.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады.
      Уәкілетті органдарда мемлекеттік қызмет жұмыс күндері күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері кезексіз қабылданады.
      11. Орталықтардың ғимараттарында және уәкілетті органдарда мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған. Залда анықтамалық бюро, күту орындары, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) атқарушы органдар белгілейтін нысан бойынша есепке қою туралы өтініш;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аумақтық органының анықтамасын (өтініш берушіде және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқтығы туралы);
      3) әлеуметтік қорғау органының өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын анықтамасын, не мемлекеттік қызметшінің, бюджеттік ұйым қызметкерінің, әскери қызметшінің жұмыс (қызмет) орнынан анықтамасын;
      4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін және құжатты салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын. Қажет болған кезде өтініш беруші жергілікті атқарушы органдардың басқа адамдарды отбасының мүшесі деп тану туралы анықтамасын тапсырады.
      Қажет болған кезде өтініш беруші, сондай-ақ отбасында қосымша тұрғын бөлмеге құқық беретін ауыр сырқат түрімен ауыратын адам бары туралы мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасын тапсырады.
      13. Өтініштердің бланкілері мен үлгілері күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.
      14. Орталықтың инспекторы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ол осы Стандарттың 6 және 12-тармақтарына сәйкес құжаттардың толықтығын тексереді, журналға тіркейді және құжаттарды жинақтау бөлімінің инспекторына береді.
      Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілім жасауды және уәкілетті органға жөнелтуді жүзеге асырады.
      Құжаттарды тапсырған кезде өтініш берушіге:
      құжаттарды қабылдау күні;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
      өтінішті қабылдаған инспектордың тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      Осы Стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттардың ресімделуінде кемшіліктер анықталғанда, құжаттар пакеті толық болмағанда және оларды қабылдау кезінде құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда орталықтың инспекторы мемлекеттік қызметті тұтынушыға құжаттарды қайтарады.
      Қоса берілген құжаттармен бірге өтініштерді тізбесі осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген тиісті уәкілетті органға және кері жеткізуді орталық осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет курьерлік байланыс арқылы жүзеге асырады.
      Уәкілетті орган орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін олардың осы Стандарттың 6 және 12-тармақтарына сәйкестігіне, картотека бойынша және/немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдалану арқылы деректерді тексереді, мекен-жайлық анықтамасын толтырады, орындалған құжаттардың тізілімін қалыптастырады және тұтынушыға беру үшін орталыққа жолдайды.
      Уәкілетті органда құжаттарды қабылдауды осы Стандарттың 6 және 12-тармақтарында белгіленген талаптарды сақтаумен тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның мамандары қабылдайды.
      Құжаттар дұрыс ұсынылған жағдайда уәкілетті органның қызметкері қабылданған өтінішті есепке алу журналына тіркейді және мыналар:
      құжаттарды қабылдау күні;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
      өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.
      Қабылданған құжаттарды уәкілетті орган қарайды, уәкілетті органның кеңсесі нөмірін, күнін және парақ санын көрсете отырып тіркейді, уәкілетті органның лауазымды адамына қарау үшін енгізіледі. Уәкілетті органның лауазымды адамы құжаттарды қарауға жауапты орындаушыны белгілейді және құжатты бақылауға қояды. Тіркелген, тиісті түрде ресімделген хат-хабар тапсырмаға сәйкес орындаушыға тапсырылады.
      15. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілік нөмірін алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарды уәкілетті органның орындаушысы Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды.
      Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қоюға арналған құжаттарды қарау оң нәтиже берген жағдайда, орындаушы есепке қою нөмірі мен күнін көрсетіп, жазбаша жауап әзірлейді, оған орындаушы бұрыштама, лауазымды тұлға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесі тіркейді.
      Өтініштерге жауаптар қолхатта көрсетілген жауап беру мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын орталыққа арнайы байланыс арқылы жеткізіледі.
      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабына сәйкес азаматтардың кезегі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге байланысты жылжиды және мұқтаждар есебінен шығарылады.
      Тұрақты негізде кезек тізімдерін түгендеуді уәкілетті органдар жүзеге асырады.
      Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебінде тұрған адамдардың тізімдері кезек нөмірін көрсете отырып, осы Стандарттың 2-қосымшасында тізбесі көрсетілген орталықтардағы, уәкілетті органдардағы стенділерде, уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады, сондай-ақ уәкілетті органдар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және азаматтар кезегінің жылжуын ескере отырып, қажеттілігіне қарай, бірақ жылына бір реттен жиі емес жаңартылып тұрады, сондай-ақ осы тізімдерде тұрған адамдардың талап етуі бойынша жазбаша түрде беріледі.
      16. Дайын құжаттарды беру өтініш берушінің өзі немесе сенімхат бойынша өкілі келген кезде күн сайын қолхат бойынша онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте беру құжаттардың берілуін есепке алу журналында тіркеледі.
      Егер өтініш беруші немесе оның сенімді тұлғасы құжаттарды алуға мерзімінде жүгінбеген жағдайларда, орталық құжаттарды беру мерзімі басталған сәттен бастап оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін орталық оларды уәкілетті органға береді.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Орталықтардың және уәкілетті органдардың қызметі тұтынушыға қатысты адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтау, әдептілік, толымды ақпарат беру, ақпараттың сақталуын, қорғауды және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

       20. Осы Стандартқа 2-қосымшада тізбесі көрсетілген орталықтардың, сондай-ақ уәкілетті органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуі сапасына наразылықтар болған жағдайда, шағым орталықтың немесе уәкілетті органның басшылығы атына беріледі.
      Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.
      21. Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, не қолма-қол, осы Стандарттың 2-қосымшасында тізбесі көрсетілген орталықтар арқылы қабылданады. Елді мекенде орталықтар болмаған жағдайда шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не уәкілетті орган арқылы қолма-қол қабылданады.
      22. Қабылданған шағым орталықта ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады.
      Елді мекенде орталық болмаған жағдайда қабылданған шағым уәкілетті органда шағымдар мен өтініштерді есепке алу журналында тіркеледі және 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады.
      Шағымды қарау нәтижелері бойынша тұтынушы жазбаша хабардар етіледі.

6. Байланыс ақпараты

      23. Орталықтар басшыларының, ал елді мекенде орталықтар болмаған жағдайда, уәкілетті органдар басшыларының қабылдау кестесі осы Стандарттың 10-тармағына сәйкес орталықтардың немесе уәкілетті органдардың жұмыс кестесіне сай айқындалады.
      Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары осы Стандарттың 2-қосымшасында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және орталықтардың үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетілген.
      Орталықтар басшыларының байланыс телефондары осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
      24. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 10-кіреберіс, интернет-ресурс: www.blogs.e.gov.kz.

«Ауданның (облыстық маңызы бар      
қаланың), республикалық маңызы бар     
қаланың, астананың жергілікті атқарушы   
органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті
атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж  
азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет  
көрсету стандартына 1-қосымша      

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және кол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақытылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

95



1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90



2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі

90



2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс рәсімдеген жағдайлардың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесі)

95



3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

80



3.2. Тұтынушы құжаттарды бастапқыдан дұрыс толтырған және тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі)

80



3.3. Ақпаратқа интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

50



4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

0,1



4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

95



4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

95



4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90



5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90



«Ауданның (облыстық маңызы бар      
қаланың), республикалық маңызы бар     
қаланың, астананың жергілікті атқарушы   
органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті
атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж  
азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет  
көрсету стандартына 2-қосымша      

Р/с

Атауы

Орталықтардың орналасқан мекен-жайлары

Операциялық залдың телефон нөмірі

Басшының телефон нөмірі

1

2

3

4

5

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй

40-10-76

40-10-63
қабылдау бөлмесі

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй

56-40-34

56-57-87
қабылдау бөлмесі

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй

24-31-10

24-41-33
қабылдау бөлмесі

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 23-үй

20-01-51

20-01-56
қабылдау бөлмесі

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй

47-14-96

28-94-67
қабылдау бөлмесі:

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-ші орам, 21-үй

33-57-97

33-55-93
қабылдау бөлмесі

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй

43-84-15

43-84-14
қабылдау бөлмесі

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй

23-67-16

23-68-81
қабылдау бөлмесі

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Чкалов көшесі, 7-үй

41-63-03

41-63-10
қабылдау бөлмесі

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй

53-45-74

54-10-20
қабылдау бөлмесі

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж

23-09-15

23-08-46
қабылдау бөлмесі

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағын ауд., 67 «б» үй

42-23-14

42-23-12
қабылдау бөлмесі

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй

33-47-54

33-47-35
қабылдау бөлмесі

14

Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй

33-21-12

33-31-03
қабылдау бөлмесі

15

Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, н/ж

21-48-43

30-06-79
қабылдау бөлмесі

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй

378-09-10

378-09-09
қабылдау бөлмесі

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй

249-69-04

248-17-77
қабылдау бөлмесі

18

Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй

378-46-72

378-47-01
қабылдау бөлмесі

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй

386-90-18

239-65-52
қабылдау бөлмесі

20

Алматы қаласы Түрксіб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй

234-09-27

234-09-35
қабылдау бөлмесі

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй

37-21-94

37-02-06
қабылдау бөлмесі

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 31-үй, ік 1, ік 2, ік 3.

40-66-54

40-65-62
қабылдау бөлмесі

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй

32-07-13 32-46-97

32-42-79
қабылдау бөлмесі

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, Тілендиев даңғылы, 81, 85-үйлер

37-70-46

37-74-34
қабылдау бөлмесі

«Ауданның (облыстық маңызы бар      
қаланың), республикалық маңызы бар     
қаланың, астананың жергілікті атқарушы   
органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті
атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж  
азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет  
көрсету стандартына 3-қосымша      

Р/с

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан мекен-жайлары

Операциялық залдың телефон нөмірі

Басшының телефон нөмірі

1

2

3

4

5

1

«Тұрғын үйді жекешелендіру, тарату және есептеу» МҚК

Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі, 19-үй

27-10-38

27-10-38
қабылдау бөлмесі

2

«Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Ақтау қаласы, 4 шағын ауданы, 72-ғимарат

33-67-17

33-67-22
қабылдау бөлмесі

3

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2-үй

21-74-78

53-04-51
қабылдау бөлмесі

4

«Атырау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 101 «а» үй

25-45-87
25-43-55

25-44-51
қабылдау бөлмесі

5

«Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34-үй

56-38-54

56-05-57
қабылдау бөлмесі

6

«Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі,139 «а» үй, 202 бөлме

25-51-36

25-11-13
қабылдау бөлмесі

7

«Қостанай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 55-үй

54-35-89

54-25-57
қабылдау бөлмесі

8

«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25-үй

32-02-42

32-04-06
қабылдау бөлмесі

9

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 23-үй, 125 бөлме

46-98-53

46-18-69
қабылдау бөлмесі

10

«Талдқорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256-үй

27-06-14

27-30-36
қабылдау бөлмесі

11

«Тараз қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Тараз қаласы, Қарасу шағын ауданы, 24-үй

57-44-82

56-04-96
56-04-72
қабылдау бөлмесі

12

«Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Орал қаласы, Ординская көшесі, 25-үй

28-01-60

23-71-11
қабылдау бөлмесі

13

«Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Өскемен қаласы, Берметин көшесі, 17-үй

26-65-37

26-40-58
қабылдау бөлмесі

14

«Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ

Шымкент қаласы, Иляева көшесі, 66 «а» үй

21-42-76

53-46-85
қабылдау бөлмесі

15

«Алматы қаласынын тұрғын үй басқармасы» ММ

Алматы қаласы, Жароков көшесі, 215-үй

380-04-97

380-05-01
380-05-02
қабылдау бөлмесі

16

«Астана қаласының тұрғын үй басқармасы» ММ

Астана қаласы, Бегелдинов көшесі, 74/1-үй

32-02-84

32-01-58
қабылдау бөлмесі