Жергілікті атқарушы органдар борышының 2010 жылға арналған лимиттері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 ақпандағы № 69 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 210-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар борышының 2010 жылға арналған лимиттері белгіленсін.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 4 ақпандағы
№ 69 қаулысына     
қосымша        

Жергілікті атқарушы органдар борышының 2010 жылға
арналған лимиттері

мың теңге

Р/с

Жергілікті атқарушы орган

Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиті

Жергілікті атқарушы органдар борышы лимитінің жергілікті бюджет кірістеріне пайыздық қатынасы борыш

1

2

3

4

1

Ақмола облысы

2 693 005

12,08

2

Ақтөбе облысы

1 447 000

3,24

3

Алматы облысы

2 468 815

5,86

4

Атырау облысы

1 791 577

3,57

5

Шығыс Қазақстан облысы

3 513 244

7,79

6

Жамбыл облысы

3 068 731

18,05

7

Батыс Қазақстан облысы

1 248 625

4,59

8

Қарағанды облысы

3 174 582

5,24

9

Қостанай облысы

2 230 107

7,91

10

Қызылорда облысы

1 743 234

10,89

11

Маңғыстау облысы

668 500

1,52

12

Павлодар облысы

1 038 560

2,44

13

Солтүстік Қазақстан облысы

3 192 655

20,23

14

Оңтүстік Қазақстан облысы

4 336 874

11,07

15

Алматы қаласы

24 099 154

25,10*

16

Астана қаласы

25 000 000

33,87*

      Ескертпе:
      * жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі нарықта несие капиталын қарызға ала алған жағдайда лимиттің есебі бюджеттік алымдарды шегергенде салықтық және салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің көлеміне сәйкес келетін жергілікті атқарушы органдар кірістерінің арақатынасында белгіленеді. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган борышының ең көп лимиті жеке кіріс көлемінің 45 %-ынан аспауы тиіс.