Қазақстан Республикасының «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі және «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 2 ақпандағы
№ 59 қаулысымен
бекітілген
Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне қазақстандық
мақта талшығының сапасына сараптама жасауға 2010 жылғы
республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі және «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді және Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне 089 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінетін 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде 089 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасының төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспары негізінде, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасында қол қойылған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлеміне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының ағымдағы нысаналы трансферттерін аударады.
3. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған қаражат (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) мақта иелеріне мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған шығындардың құнын толық өтеуге арналады.
4. Қажет болған жағдайда мақта талшығына қайта сараптама жасау мақта талшығы иесінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға
арналған шығындарды толық өтеуге арналған бюджеттік
субсидияларды пайдалану тәртібі
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын сарапшы ұйым мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде қызметтер көрсетуші (бұдан әрі - қызметтер көрсетуші) болып табылады.P07001173
6. Мақта иелері мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметтерді сатып алушылар (бұдан әрі - қызметтерді сатып алушы) болып табылады.
7. Мақта талшығының сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 қаулысымен бекітілген Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесіне сәйкес қызметтер көрсетуші жүзеге асырады.
8. Мақта өңдеу ұйымдары қызметтер көрсетушіге осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді сатып алушылардың тізілімін ұсынады.
9. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде қызметтер көрсету фактісі бойынша қызметтер көрсетуші мақта өңдеу ұйымдары ұсынған қызметтерді сатып алушылар тізілімдерінің негізінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісін жасайды.
10. Қызметтер көрсетуші бюджеттік субсидиялар алу үшін ай сайын, есептіден кейінгі айдың 10-күніне Ауыл шаруашылығы басқармасына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі;
2) мақта талшығының сапасы паспорттарының көшірмелері.
11. Ауыл шаруашылығы басқармасы он жұмыс күні ішінде бюджеттік субсидиялар алу үшін қызметтер көрсетуші ұсынған құжаттарды тексереді. Ауыл шаруашылығы басқармасы қызметтер көрсетуші ұсынған растаушы құжаттардың негізінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.
12. Ауыл шаруашылығы басқармасы үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын ұсынады.
13. Ауыл шаруашылығы басқармасы ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей және тиісті қаржы жылының 25 желтоқсанынан кешіктірмей Министрлікке төленген субсидиялардың көлемі мен сараптама жүзеге асырылған мақта талшығы сынамасының саны туралы есеп береді.
14. Облыс әкімі Министрлікке тікелей және түпкілікті нәтижелердің нақты жетістіктері туралы аралық есепті жарты жылдық қорытындылары бойынша 30 шілдеден кешіктірмей, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
15. Министрлік жасалған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне аудармағаны үшін жауапты болады.
16. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттердің нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес пайдаланылмағаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін жауапты болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының
облыстық бюджетіне қазақстандық
мақта талшығының сапасына сараптама
жасауға 2010 жылғы республикалық
бюджеттен бөлінетін ағымдағы
нысаналы трансферттерді
пайдалану ережесіне
1-қосымша
______________________________________________________
(лицензия алған мақта өңдеу ұйымының атауы)
__________________________________ кезеңдегі
мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі
қызметтерді сатып алушылардың тізілімі
Р/с |
Қызметтерді сатып алушының атауы |
Бумалар (сынамалар) саны, дана |
Бумалар (сынамалар) нөмірлері |
1 |
2 |
3 |
4 |
Жиыны: |
Басшы __________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Бас бухгалтер __________________________
(Т.А.Ә., қолы)
м.о.
Күні ________
Оңтүстік Қазақстан облысының
облыстық бюджетіне қазақстандық
мақта талшығының сапасына сараптама
жасауға 2010 жылғы республикалық
бюджеттен бөлінетін ағымдағы
нысаналы трансферттерді
пайдалану ережесіне
2-қосымша
Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде
көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі
Р/с |
Мақта өңдеу ұйымының атауы, заңды мекен-жайы |
Қызметтерді сатып алушының атауы |
Бумалар (сынамалар) саны, дана |
Бумалар (сынамалар) нөмірлері |
Қызметтерді бір бірлігінің бағасы, теңге |
Сомасы, теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Жиыны: |
Қызметтер көрсетуші ____________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Күні _________
2010 жылғы республикалық бюджеттен
Оңтүстік Қазақстан облысының
облыстық бюджетіне берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттерді
қазақстандық мақта талшығының
сапасына сараптама жасауға
пайдалану ережесіне
3-қосымша
«Бекітемін»
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20_____ ж. «___» _________
20______ ж.____________________ кезеңдегі
мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде
қызметтер көрсетушіге субсидиялар төлеуге арналған
№ _________________ ведомость
Р/с |
Қызметтер көрсетушінің атауы |
Нақты көрсетілген қызметтер, бумалар (сынамалар), дана |
Жыл басынан бастап тиесілі субсидиялар сомасы, теңге |
Жыл басынан бастап төленгені, теңге |
Тиесілі субсидиялар сомасының қалдығы, теңге |
Төлеуге жатады теңге |
|
жыл басынан бастап, дана |
_______ |
||||||
Жиыны: |
Төленетін сома ______________________________________
(жазумен)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы _____________________
(Т.А.Ә., қолы)