Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетіктері» деген 5-бөлімде:
«Ресурстарды басқарудың мемлекеттік автоматтандырылған жүйесін құру» деген 5.1-кіші бөлімде:
«Е-Қаржының кіші жүйесі» деген тараудың үшінші абзацы алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасына қосымшада:
«G4G ресурстарды басқарудың мемлекеттік функцияларының (қызметтерінің) базалық санаттары» деген 4-кестеде:
реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын.
«Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
«Ресурстарды басқарудың мемлекеттік жүйесін құру» деген 1-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 7-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов