Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2318 қаулысымен    
бекітілген       

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін анықтайды.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған. Қызмет автоматтандырылған ақпарат жүйесін (бұдан әрі - ААЖ) пайдалана отырып та, алфавиттік-анықтама картотекасымен де көрсетіледі.
      3. Мемлекеттік қызметтер «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысының, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының 2-тармағы негізінде жүзеге асырылады. P100745 қараңыз
      4. Мемлекеттік қызмет ауылдық округтар әкімдіктері (бұдан әрі  - уәкілетті орган) арқылы, сондай-ақ тізбесі осы стандартқа 23-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚО) арқылы баламалы негізде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      уәкілетті органға өтініш берген кезде:
      жеке тұлға тікелей өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет  көрсету мерзімі қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 1 күн. ХҚО-дан түскен жазбаша сауалдардың орындалу мерзімі құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап - 2 жұмыс күні;
      1) құжаттарды тапсыру кезінде барынша рұқсат етілетін кезек күту уақыты - 15 минуттан аспайды;
      2) құжаттарды алу кезінде барынша рұқсат етілетін кезек күту уақыты - 15 минут;
      ХҚО-ға өтініш берген кезде:
      1) құжаттарды ресімдеу мерзімі - уәкілетті органға қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап - 2 жұмыс күні (мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне құжаттарды қабылдаған және берген күндер кірмейді);
      2) құжатты тапсыру кезінде барынша рұқсат етілетін кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезінде барынша рұқсат етілетін кезек күту уақыты - 10 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
      9. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы толық ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында, тізбесі осы стандарттың 2, 3-қосымшаларында көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стенділерде, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      уәкілетті органға өтініш берген кезде:
      демалыс және мереке күндерді қоспағанда түскі үзіліспен аптасына бес күн көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс кестесі сағат 9.00 ден 18.00 дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 ден 14.00 дейін.
      ХҚО-ға өтініш берген кезде:
      демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына алты күн, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00 ден 20.00 дейін, түскі үзіліссіз. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен қамтамасыз етіледі.
      11. Уәкілетті органның үй-жайларында қызмет көрсету үшін жағдай көзделген, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін де жағдай жасалған. Күту залы ғимараттың бірінші қабатында орналасқан ақпараттық стенділермен жарақталады.
      Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ның ғимаратында да көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай қарастырылған. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланкілер үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасады.
      Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында уәкілетті органдарда және ХҚО-да жеке тұлғалар үшін шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама уәкілетті органға өтініш жасаған жеке тұлғаға ғана беріледі.
      Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушылар:
      уәкілетті органға:
      1) еркін нысандағы өтінішті;
      2) жеке куәлікті немесе жеке куәліктің көшірмесін;
      ХҚО-ға:
      1) өтінішті;
      2) жеке тұлғалар - жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және көшірмесін ұсынады.
      Құжаттар пакетін қабылдау кезінде, ХҚО-ның қызметкері көшірмені түпнұсқамен салыстырады және түпнұсқаны өтініш берушіге қайтарады.
      ХҚО-да өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады немесе ХҚО-ның консультанттарында болады.
      Уәкілетті органда мемлекеттік қызметтерді алу үшін құжаттар  уәкілетті органның осы анықтаманы жазып беретін маманына тапсырылады.
      Жеке тұлға тікелей өтініш бергенде уәкілетті органның маманы есеп журналында тұлғаның белгіленген деректерін тіркейді, деректерді картотека бойынша және/немесе ААЖ пайдаланумен тексереді, өтінішті орындаған уәкілетті орган маманының деректерін және тұтынушының мекен-жайын көрсете отырып мөртаңба қойылған жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтама береді.
      Тұтынушылардың жазбаша сауалдарын уәкілетті органның маманы кіріс хат-хабар журналына тіркейді, деректерді картотека бойынша және/немесе ААЖ пайдаланумен тексереді, жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтаманы толтырып шығыс хат-хабар журналында тіркейді.
      Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама заңды тұлғаның жазбаша сауалы бойынша сауалдың келесі беті толтырылып мөртаңба қойылып бір тұлғаға беріледі, ол тұтынушыға қайтарылады. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтаманың тізімі түскенде, уәкілетті орган жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметі бар тұлғаларға ғана толтырады, басқа фамилиялардың тұсына «тізімде жоқ» деген белгі қойылып, анықтамалар қоса тіркелген адресатқа қайтарылады.
      ХҚО арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуде ХҚО-ның инспекторы құжаттардың толықтығы туралы 12-тармаққа сәйкес тексеруді жүзеге асырып, журналға тіркейді және жинақтау бөлімінің инспекторына құжатты қайтарады.
      ХҚО-ның жинақтау бөлімінің инспекторы құжатты жинауды, тізілім жасауды және оны уәкілетті органға жіберуді жүзеге асырады.
      ХҚО тиісті уәкілетті органға өтінішті қоса беріліп отырған құжаттармен бірге және кері курьерлік байланыс арқылы күніне кемінде 2 рет осы өтініштерді қабылдау күнінде жүзеге асырады.
      Уәкілетті орган құжаттар пакетін ХҚО-дан алғаннан кейін оның осы стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, деректерді картотека бойынша және/немесе ААЖ пайдалана отырып тексереді, жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама толтырады, орындалған құжаттардың тізілімін қалыптастырады және тұтынушыға беру үшін ХҚО-ға жібереді.
      Орындалған (дайын) құжаттар уәкілетті органнан ХҚО-ға қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін бір күн бұрын түсуі қажет.
      15. Уәкілетті органға тұтынушының барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттарды беруі талап етілмейді.
      Тұтынушыға жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беріледі, оған тұтынушының мекен-жайы бөлігі және сауалды орындаған уәкілетті орган маманының деректері көрсетіле отырып, мөртаңба қойылады.
      ХҚО арқылы құжаттарды қабылдаған кезде тұтынушыға:
      1) сауалдың нөмірі мен қабылданған күні;
      2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      16. Жеке тұлға жеке өтініш жасаған кезде, уәкілетті органда жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру жүзеге асырылады.
      ХҚО-да дайын құжаттарды беруді қолхат негізінде сонда көрсетілген мерзімде ХҚО инспекторы тұтынушыға «терезелер» арқылы беруді жүзеге асырады.
      17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган, ХҚО мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартады.
      ХҚО-ға келіп түскен, ресімделген құжаттардан уәкілетті орган қате тапқан жағдайда немесе осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаса, құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ХҚО себептерді жазбаша көрсетіп құжаттарды қайтарады.
      Құжаттар пакетін алғаннан кейін ХҚО тұтынушыны бір жұмыс күні ішінде оларды алғаннан кейін хабардар етеді және уәкілетті органның қайтару себептері туралы жазбаша негіздемесін береді.
      Тұтынушы құжаттарды мерзімінде алуға өтінім жасалмаған жағдайда, ХҚО 1 ай сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға қайтарады.
      Уәкілетті органда жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтаманы сақтау және жою тәртібінің мерзімі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Уәкілетті органның және ХҚО-ның қызметі адамның конституциялық құқығын сақтауға, қызметтік борышын орындауда заңдылықты сақтауға және сыпайылық қағидатын жүзеге асыруға, ақпаратты толық ұсынуға, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге негізделеді.

4. Жұмыс нәтижесі

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижесі осы стандарттардың 1-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызметтердің нысаналы деңгейіндегі сапа және қол жетімділік көрсеткіштерін аудандар әкімдіктерінің қызметтері басшыларынан құрылған жұмыс тобы жыл сайын бекітеді.

5. Шағым беру тәртібі

      21. Уәкілетті орган мамандарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру үшін және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін тұтынушы осы стандарттың 2, 3-қосымшаларында көрсетілген телефондар арқылы уәкілетті органның басшыларына, өтініш жасайды.
      ХҚО инспекторларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты ХҚО ақпараттық-анықтама қызметінің телефоны бойынша алуға болады.
      22. Шағым ауылдық округ әкімінің атына беріледі, мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша шағым ХҚО арқылы ХҚО директорының атына беріледі. Уәкілетті органның және ХҚО мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 2, 3-қосымшаларында көрсетілген.
      23. Қабылданған шағым уәкілетті органның, ХҚО-ның ақпарат есебі журналында тіркеледі және Қазақстан Республикасы «Заңды және жеке тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Заңында белгіленген мерзімде қаралады.
      Шағымды қарау нәтижесі туралы арызданушыға пошта арқылы жазбаша түрде жауап беріледі.

6. Байланыс ақпараты

      24. Уәкілетті орган мен ХҚО директорының жұмыс және қабылдау кестесі, уәкілетті органның, ХҚО-ның жұмыс кестесіне сәйкес осы стандарттың 10-тармағында көзделген жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.
      Уәкілетті органның және ХҚО-ның мекен-жайы, байланыс телефондары 2, 3-қосымшаларда көрсетілген, сондай-ақ уәкілетті органның және ХҚО үй-жайында орналасқан стенділерінде және ресми ақпараттық деректемелерде көрсетіледі.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына       
1-қосымша        

Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы(үлесі)

100



1.2. Қызмет алуды кезекте 30 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100



2. Сапасы

2.1. Қызметті көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100



2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және тағы басқалар) %-ы (үлесі)

100



3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100



3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бастапқыдан тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі)

100



3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

40-50



4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

1



4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

100



4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесі)

100



4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90



5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

85



      Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес (интернет-ресурсы: www.kyzmet.kz) есептеледі.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына      
2-қосымша       

Р/с

Орталықтың атауы

Орталықтың орналасу мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмірі


1

2

3

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй

40-10-76

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй

56-57-87

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй

24-41-33

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 6-үй

28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй

51-03-46

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-квартал, 21-үй

33-55-93

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй

43-84-18

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй

23-68-81

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй

41-63-03

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй

54-10-20

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж

23-08-46

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «б» үй

31-85-16

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй

33-47-55

14

Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй

33-31-03

15

Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж

30-06-79

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй

263-82-51

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй

248-17-77

18

Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй

378-47-01

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй

239-65-52

20

Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй

234-09-35

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй

37-02-06

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, 70 «а» көше

40-65-62

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Пушкин көшесі, 97-үй

32-42-79

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, 81 көше, 85-үй

37-74-34

«Жеке қосалқы шаруашылықтың
болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына      
3-қосымша       

Астана қ.
«Астана қаласының әкімдігі» ММ,
Астана қ., Бейбітшілік к, 11; тел: 8(7172) 55-69-78; факс. 55-72-87
Е-mail: ushastana@mail.ru

Алматы қ.
«Алматы қаласының әкімдігі» ММ
Алматы қ., Республика алаңы, 4; тел/факс 8(7272) 71-65-89; 72-58-17
Е-mail: otdelselhoz@mail.ru

Ақмола облысы
«Ақмола облысы әкімдігі» ММ
Көкшетау қ., Абай атындағы к, 83; тел/факс 8(716-2) 25-28-40, 40-24-46;
Е-mail: akm_shu_disp@mail.ru, kanz_akim@mail.kz

Алматы облысы
«Алматы облысы әкімдігі» ММ
Талдықорған қ., Тәуелсіздік к, 38 тел. 8(7282) 27-13-46, 27-18-33, 27-07-43;
Е-mail: obl_dsh@almaty-reg.kz, tkoblakimat@global.kz

Атырау облысы
«Атырау облысы әкімдігі» ММ
Атырау қ., Әйтеке би к, 77; тел. 8(7122) 32-54-58; факс 35-45-91;
Е-mail: atirauagro@mail.ru

Ақтөбе облысы
«Ақтөбе облысы әкімдігі» ММ
Ақтөбе қ., Әбілхайыр хан даңғылы, 40; тел: 8(7132) 56-34-28, факс 54-17-39;
Е-mail: ush_zemledelie@mail.ru, do.aktobe@minagri.kz

Шығыс Қазақстан облысы
«Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі» ММ
Өскемен қ., М. Горький атындағы к, 38/40; тел. 8(7232) 24-48-02, факс 24-23-04, 20-42-42
Е-mail: ispaev@yandex.ru

Жамбыл облысы
«Жамбыл облысы әкімдігі» ММ
Тараз қ., Абай атындағы к, 125; тел: 8(7262) 45-54-86, 45-88-31, факс 45-42-05, 45-46-28

Батыс Қазақстан облысы
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі» ММ,
Орал қ, Қ. Аманжолов атындағы к, 75; тел/факс 8(7112) 51-10-65
Е-mail: dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-zemotdel@rambler.ru

Қарағанды облысы
«Қарағанды облысы әкімдігі» ММ
Қарағанды қ, Лобода атындағы к, 20; тел/факс 8(7212) 56-09-99
Е-mail: dsh_canc@krg.gov.kz

Қостанай облысы
«Қостанай облысы әкімдігі» ММ
Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66; тел/факс 8(7142) 51-17-82;
Е-mail: dsh-zem@kostanay.kz, www.kostanay.kz; e.kostanay.kz

Қызылорда облысы
«Қызылорда облысы әкімдігі» ММ
Қызылорда қ., Абай атындағы к, 48; тел. 8(7242) 23-50-80
Е-mail: sh_kyzyl@mail.ru

Маңғыстау облысы
«Маңғыстау облысы әкімдігі» ММ,
Ақтау қ, 14-шағын аудан, 1-үй.; тел: 8(7292) 60-51-18, 43-45-52
Е-mail: so.mangistau@rambler.ru

Павлодар облысы
«Павлодар облысы әкімдігі» ММ,
Павлодар қ, Академик Сәтпаев атындағы к., 49; тел. 8(7182) 32-22-09, 32-72-32
Е-mail: kense.dsh@pavlodar.gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысы
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі» ММ,
Петропавл к., Қазақстан Конституциясы, 58; тел. 8(7152) 36-17-66, факс 36-07-45;
Е-mail: dshagr@mail.ru, akimat@SKO.kz, akimat@petr.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы
«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі» ММ
Шымкент қ, Тоқаев атындағы к. 17, тел. 8(7252) 53-91-86, факс 54-00-60
Е-mail: dsh_uko@mail.ru