Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.09.2015 № 735 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) жүзеге асырғаны үшін донорларға ақы төлеу мөлшері;
2) Қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорларға ақы төлеуді жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2300 қаулысымен
бекітілген
Қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) жүзеге
асырғаны үшін донорларға ақы төлеу мөлшері
1. Ақылы негізде қан мен оның компоненттерін тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорға ақшалай төлемақы төлеу мынадай мөлшерде (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш) жүзеге асырылады:
1) бір мәрте қан тапсырғаны үшін (450 + 10 %) - 2 айлық есептік көрсеткіш;
2) екі мәрте плазмаферез кезінде бір мәрте плазма тапсырғаны (донациялағаны) үшін (550 + 50 миллилитр плазма) - 4 айлық есептік көрсеткіш;
3) екі мәрте плазмаферез кезінде миллилитрінде 6 Халықаралық Бірліктен кем емес антидене титрі бар иммундық бір мәрте плазма тапсырғаны (донациялағаны) үшін (550 + 50 миллилитр иммундық плазма) - 7 айлық есептік көрсеткіш;
4) екі мәрте плазмаферез кезінде 1 : 64-тен төмен емес резус антидене титрімен изоиммундық бір мәрте плазма тапсырғаны (донациялағаны) үшін (550 + 50 миллилитр изоиммундық плазма) - 8 айлық есептік көрсеткіш;
5) аппараттық цитаферез кезінде тромбоциттердің бір дозасын бір мәрте (дозадағы тромбоциттердің саны кемінде 200 х 109) тапсырғаны (донациялағаны) үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш;
6) аппараттық цитаферез кезінде эритроциттердің бір дозасын бір мәрте (дозада кемінде 45 грамм гемоглобин) тапсырғаны (донациялағаны) үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш.
2. Донор 1-тармақтың 1) тармақшасында белгіленген көлемнен аз қан тапсырған (донациялаған) кезде ақшалай төлемақы осы 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген барабар мөлшерде жүзеге асырылады.
3. Донор бір мәрте плазмаферез жүргізе отырып, қан компоненттерін (плазмалар, иммундық плазма, изоммундық плазма) тапсырған (донациялаған) кезде ақшалай өтемақы 1-тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген барабар мөлшерде жүзеге асырылады.
4. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымында донордың қан мен оның компоненттерін өтеусіз негізде тапсыруды (донациялауды) жүзеге асыруы кезінде донор өз қанының көлемін және организмінің энергетикалық шығындарын толтыру үшін тапсырған (донациялаған) күні қалауы бойынша тегін тамақ не тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,25 мөлшеріндегі оның ақшалай баламасын алады.
Бұл ретте донорға тегін тамақ беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тамақтандырудың табиғи нормаларына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2300 қаулысымен
бекітілген
Қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны
(донациялағаны) үшін донорларға ақы төлеуді жүзеге асыру
ережесі
1. Осы Қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорларға ақы төлеуді жүзеге асыру ережесі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорларға ақшалай төлемақы төлеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) жүзеге асырғаны үшін донорға ақша төлеуді қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жүргізеді.
3. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымында қан мен оның компоненттерін тапсырудан (донациялаудан) кейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) растайтын құжат беріледі.
4. Осы Ереженің 3-тармағында көзделген құжаттың негізінде донорға қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күні ақша төлеу жүзеге асырылады.
5. Донордың плазмасында плазманы тапсыру (донациялау) кезінде оны центрифугалау әдісімен қанның нысанды элементтерінен бөлгеннен кейін онда хилез (бұлдыр, ақ түстен ақшыл түске дейін майлану) байқалған кезде, донорға ақша төлеу жүзеге асырылмайды.