Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2255 Қаулысы

Жаңартылған

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2013 № 608 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз).
      2) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «Барлығы, штат саны (бірлік)» деген бағанда:
      «Ақмола» деген жолдағы «3192» деген сандар «3498» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ақтөбе» деген жолдағы «2386» деген сандар «2562» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Алматы» деген жолдағы «3679» деген сандар «3978» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Атырау» деген жолдағы «1534» деген сандар «1628» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Шығыс Қазақстан» деген жолдағы «3796» деген сандар «4099» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жамбыл» деген жолдағы «2513» деген сандар «2693» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Батыс Қазақстан» деген жолдағы «2220» деген сандар «2408» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қарағанды» деген жолдағы «3285» деген сандар «3529» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қостанай» деген жолдағы «3390» деген сандар «3693» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қызылорда» деген жолдағы «1735» деген сандар «1902» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Маңғыстау» деген жолдағы «1155» деген сандар «1207» деген сандар ауыстырылсын;
      «Павлодар» деген жолдағы «2784» деген сандар «2985» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Солтүстік Қазақстан» деген жолдағы «2640» деген сандар «2878» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Оңтүстік Қазақстан» деген жолдағы «3908» деген сандар «4133» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Алматы қаласы» деген жолдағы «1327» деген сандар «1329» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Астана қаласы» деген жолдағы «934» деген сандар «936» деген сандармен ауыстырылсын;
      «ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «40478» деген сандар «43458» деген сандармен ауыстырылсын;
      3) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағанындағы «13355» деген сандар «12599» деген сандармен ауыстырылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2013 № 608 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз).
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
      2) мынадай тәртіппен қосымша бөлінген штат саны және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен бұрын берілген бірлік есебінен ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін құрсын:
      облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде Ауыл шаруашылығы басқармасының құрамындағы ветеринария бөлімдері кемінде 3 штаттық бірлік штат санымен;
      аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) деңгейінде дербес ветеринария бөлімдері кемінде 3 штаттық бірлік штат санымен;
      аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ деңгейінде әкім аппаратының құрамында 1 штаттық бірлік бойынша;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекцияларының 756 қызметкерін заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдардың тиісті бөлімшелеріне ауыстыруды қамтамасыз етсін;
      2) жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуды ескере отырып, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылатын бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөнінде тиісті түсіндіру жұмысын жүргізсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2255 қаулысына  
қосымша     

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
аудандық аумақтық инспекцияларының аудандық маңызы бар
қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ
деңгейінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне
берілетін штат саны

Р/с

Өңірлер

Барлығы, берілетін штат саны (бірлік)

1

2

3

1.

Ақмола

65

2.

Ақтөбе

50

3.

Алматы

76

4.

Атырау

10

5.

Шығыс Қазақстан

75

6.

Жамбыл

51

7.

Батыс Қазақстан

65

8.

Қарағанды

67

9.

Қостанай

70

10.

Қызылорда

-

11.

Маңғыстау

-

12.

Павлодар

71

13.

Солтүстік Қазақстан

77

14.

Оңтүстік Қазақстан

79

15.

Алматы қаласы

-

16.

Астана қаласы

-


ЖИЫНЫ:

756