«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген техникалық регламенттерді әзірлеуші мемлекеттік органдар Жоспарда айқындалған айдың 25-күнінен кешіктірмей техникалық регламенттерді Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «2007 - 2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1194 қаулысы;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 960 қаулысы.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2243 қаулысымен
бекітілген
РҚАО-ның ескертпесі!
Жоспарға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.09.13 № 932 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар
Р/с |
Техникалық регламент атауы |
Мемлекеттік әзірлеуші орган |
Ұсыну мерзімі |
|
Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган |
Қазақстан Республика сының Үкіметі |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ЭМРМ |
2009 жылғы желтоқсан |
2010 жылғы қаңтар |
2. |
Жанғыш, уытты, сұйылтылған газ құбыржолдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ТЖМ (жинақтау), ЭМРМ |
2009 жылғы желтоқсан |
2010 жылғы қаңтар |
3. |
Лифттердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ТЖМ (жинақтау), ИСМ |
2009 жылғы желтоқсан |
2010 жылғы қаңтар |
4. |
Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
АШМ (жинақтау), ДСМ, Қоршаған- ортамині, ИСМ |
2010 жылғы қаңтар |
2010 жылғы наурыз |
5. |
Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Өсімдік шаруашылығы өнімі |
АШМ (жинақтау), ИСМ, ТЖМ |
2010 жылғы қаңтар |
2010 жылғы наурыз |
6. |
Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Мал шаруашылығы өнімі |
АШМ (жинақтау), ИСМ |
2010 жылғы қаңтар |
2010 жылғы наурыз |
7. |
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары, телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын функционалдық және техникалық талаптар |
ҰҚК (келісім бойынша) |
2010 жылғы қаңтар |
2010 жылғы наурыз |
8. |
Ядролық және радиациялық қауіпсіздік |
ЭМРМ |
2010 жылғы ақпан |
2010 жылғы сәуір |
9. |
Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі |
ЭМРМ |
2010 жылғы ақпан |
2010 жылғы сәуір |
10. |
Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі |
ЭМРМ |
2010 жылғы ақпан |
2010 жылғы сәуір |
11. |
Мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ЭМРМ (жинақтау), ТЖМ |
2010 жылғы ақпан |
2010 жылғы сәуір |
12. |
Автомобиль көлік құралдарына арналған майлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ЭМРМ (жинақтау), ККМ |
2010 жылғы ақпан |
2010 жылғы сәуір |
13. |
Бензиндерге арналған телімдер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ЭМРМ |
2010 жылғы ақпан |
2010 жылғы сәуір |
14. |
Көмір және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ЭМРМ (жинақтау), ТЖМ, Қоршағанортамині, ДСМ, ККМ |
2010 жылғы ақпан |
2010 жылғы сәуір |
15. |
Электромагниттік сыйымдылық |
АБА |
2010 жылғы наурыз |
2010 жылғы мамыр |
16. |
Қозғалыс дабылының, бөгеуінің, байланысының және оны ақпараттандырудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ККМ |
2010 жылғы наурыз |
2010 жылғы мамыр |
17. |
Темір жол көлігімен жолаушыларды, қол жүгін, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ККМ (жинақтау), АБА |
2010 жылғы наурыз |
2010 жылғы мамыр |
18. |
Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ККМ |
2010 жылғы наурыз |
2010 жылғы мамыр |
19. |
Дәрілік құралдар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ДСМ |
2010 жылғы сәуір |
2010 жылғы маусым |
20. |
Қанның және гемотрансфузиондық терапияда пайдаланылатын оның өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ДСМ |
2010 жылғы сәуір |
2010 жылғы маусым |
21. |
Мүгедектерді сауықтырудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар |
ДСМ |
2010 жылғы сәуір |
2010 жылғы маусым |
22. |
Медициналық техниканың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ДСМ |
2010 жылғы сәуір |
2010 жылғы маусым |
23. |
Имплантанттардың биологиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ДСМ |
2010 жылғы сәуір |
2010 жылғы шілде |
24. |
Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ДСМ (жинақтау), АШМ |
2010 жылғы мамыр |
2010 жылғы шілде |
25. |
Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ДСМ (жинақтау), АШМ |
2010 жылғы мамыр |
2010 жылғы шілде |
26. |
Темекінің және темекі бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ДСМ |
2010 жылғы мамыр |
2010 жылғы шілде |
27. |
Консервілер, пресервілер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
АШМ (жинақтау), ДСМ |
2010 жылғы мамыр |
2010 жылғы шілде |
28. |
Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ДСМ (жинақтау), АШМ |
2010 жылғы мамыр |
2010 жылғы тамыз |
29. |
Электролиз әдісімен алюминий өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар |
Қоршағанортамині (жинақтау), ИСМ |
2010 жылғы мамыр |
2010 жылғы тамыз |
30. |
Уытты және уыттылығы жоғары заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ИСМ (жинақтау), Қоршағанортамині |
2010 жылғы маусым |
2010 жылғы қыркүйек |
31. |
Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
АШМ (жинақтау), ДСМ |
2010 жылғы маусым |
2010 жылғы қыркүйек |
32. |
Бал және омарта шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
АШМ (жинақтау), ДСМ |
2010 жылғы маусым |
2010 жылғы қыркүйек |
33. |
Биоэтанолдың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
АШМ |
2010 жылғы тамыз |
2010 жылғы желтоқсан |
34. |
Биодизельдің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
АШМ |
2010 жылғы тамыз |
2010 жылғы желтоқсан |
35. |
Сәйкестікті растау саласындағы модульдік тәсіл |
ИСМ |
2010 жылғы тамыз |
2010 жылғы желтоқсан |
36. |
Темір жол станцияларын, вокзалдарды және басқа да инженерлік құрылыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ККМ |
2011 жылғы наурыз |
2011 жылғы маусым |
37. |
Теңіз қалқыма бұрғылау қондырғылары мен оларға орнатылған қондырғылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ККМ |
2011 жылғы наурыз |
2011 жылғы маусым |
38. |
Теңіз және өзен порттары мен оларға байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ККМ |
2011 жылғы сәуір |
2011 жылғы шілде |
39. |
Ішкі су жолы кемелерінің және өзен-теңіз жолы кемелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ККМ |
2011 жылғы сәуір |
2011 жылғы шілде |
40. |
Теңіз кемелері мен оларға орнатылған жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ККМ |
2011 жылғы мамыр |
2011 жылғы тамыз |
41. |
Авиациялық техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ККМ |
2011 жылғы мамыр |
2011 жылғы тамыз |
42. |
Магистралды мұнай құбырлары қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ЭМРМ |
2011 жылғы маусым |
2011 жылғы қыркүйек |
43. |
Су астындағы құбырлар мен кәбілдер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар |
ЭМРМ |
2011 жылғы маусым |
2011 жылғы қыркүйек |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті