2007-2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы N 361 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2243 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Атырау қаласы әкімиятының 2006 жылғы 1 желтоқсандағы N 338а қаулысы мен Атырау қалалық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 251 шешімі негізінде облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етті:
      1. Ауданы 48 гектар құрайтын "Ближний подхоз" ауылы Атырау қаласы Ақсай ауылдық округінің құрамынан шығарылып, Атырау қаласы аумағының құрамына енгізілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімінің 10.10.2014 № 315 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың                  Облыс әкімі
      ХХV сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы