Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1482 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2227 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1482 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгі шартында:
      2-тармақ алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін төлем айына ____ теңгені құрайды.
      Мемлекеттік тұрғын үйді (бөлмені, пәтерді) жалдағаны (жалға алғаны) үшін төлем шоттарын Жалға беруші Жалға алушыға береді.
      Тұтынылған коммуналдық қызметтер және байланыс қызметі үшін төлем шоттарын Жалға алушыға осы қызметтерді көрсетушілер береді.
      Тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар үшін төлемді Жалға алушы кондоминиум объектісін басқару органының немесе тұрғын үй (ғимарат) меншік иесінің шоттары бойынша жүргізеді.».
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов