«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2226 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 9-бабының 8) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамының акцияларының пакетін өтеусіз беру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 112 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Орталық) акцияларының мемлекеттік пакетінің 37,74 (отыз жеті бүтін жетпіс төрт жүздік) пайызын өтеусіз беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Орталық акцияларының мемлекеттік пакетінің 37,74 (отыз жеті бүтін жетпіс төрт жүздік) пайызын иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен акцияларды беру рәсімі аяқталғаннан кейін Орталықты қайта атауды көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарауға енгізсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов