Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы N 2124 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
      397-тармақта:
      бірінші бөлікте "қадағалау комиссиясының" деген сөздер "байқау миссияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлікте:
      "қадағалау комиссиясының" деген сөздер "байқау миссияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "жатады" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиялар жұмысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ұсынатын шот-фактуралары бойынша шығыстарға:
      әуежайдан қонақ үйге/қонақ үйден әуежайға трансферге;
      қала ішінде жол жүрулерге (байқаушыларды кездесу өтетін жерге/кері тасымалдау);
      ел ішіндегі сапарларға (байқаушы орналасқан жерге/жерден);
      байланысқа арналған шығыстарға (СИМ-карталар/ұялы телефондарды пайдалану);
      брифингке арналған шығыстарға (брифингтер, дебрифингтер өткізу, брифингке материалдар дайындау, кофе-брейктер) ақы төлеу жатады.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов