Бұрынғы әскери объект аумағының экологиялық жағдайын зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының бұрынғы әскери объект - «Дарьял-У» радиолокациялық станциясы аумағының экологиялық жағдайын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2099 қаулысымен
бекітілген
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының бұрынғы әскери объект — «Дарьял-У» радиолокациялық станциясы аумағының экологиялық жағдайын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының бұрынғы әскери объект — «Дарьял-У» радиолокациялық станциясы аумағының экологиялық жағдайын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) министрліктердің, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардың экологиялық жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) тиісті аумақта экологиялық жағдайды тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
4. Комиссия өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті бейіндегі мамандарын тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға құқылы
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру.
5. Комиссияны Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі - төраға басқарады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
6. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып табылады.
7. Комиссияның жұмыс органы:
1) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді;
2) аумақты зерделеу материалдарын жинау мен талдауды қамтамасыз етеді және бақылайды;
3) аумақты зерделеу материалдарына тиісті сараптамалар жүргізуді ұйымдастырады;
4) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
5) Комиссия шешімдерінің орындалуын бақылайды.
8. Қолдағы материалдар жеткіліксіз болған жағдайда, Комиссия тиісті мемлекеттік органға қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс енгізеді.
9. Аумақты зерделеу нәтижелері бойынша Комиссия отырысы өткізіледі.
10. Комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша міндетті түрде барлық мүшелер қол қоятын хаттама жасалады. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
11. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 желтоксандағы
№ 2099 қаулысына
қосымша
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының бұрынғы әскери объект -
Дарьял-У» радиолокациялық станциясы аумағының экологиялық жағдайын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Әшімов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрғали Сәдуақасұлы ортаны қорғау министрі, төраға
Дерновой - Қазақстан Республикасы Қоршаған
Анатолий Григорьевич ортаны қорғау министрлігінің хатшысы
төрағаның орынбасары
Төрекелдиев - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Сүйіндік Мырзакелдіұлы қорғау министрлігінің Экологиялық
реттеу және бақылау комитеті төрағасының
орынбасары, хатшы
Кулинич - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Александр Васильевич министрінің орынбасары
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрі
Дүйсебаев - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Асылбек Жексенбайұлы
Мұташев - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Сағынбек Хайдарұлы қорғау министрлігі Экологиялық реттеу
және бақылау комитетінің төрағасы
Ким - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Александр Афанасьевич минералдық ресурстар министрлігінің
Атом энергетикасы комитеті төрағасының
орынбасары
Могильный - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Валерий Валентинович министрлігі Ғылым комитеті төрағасының
орынбасары
Оспанқұлов - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Төлеген Қапақұлы халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті
төрағасының орынбасары
Сәдуақасов - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Нұрқан Олжабайұлы министрлігінің Мемлекеттік санитарлық
-эпидемиологиялық қадағалау комитеті
төрағасының орынбасары
Сәрсемалиев - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Ғілман Әміржанұлы министрлігінің Балық шаруашылығы
комитеті төрағасының орынбасары
Сәрсенов - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Бауыржан Нұрланұлы сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі
және әскери-техникалық ынтымақтастық
департаментінің директоры
Перзадаев - Қарағанды облысы мәслихатының депутаты
Мұрат Әбдіқадырұлы (келісім бойынша)