Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы N 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 2039 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы N 90 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы ережеде:
      бүкіл мәтін бойынша "Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздер "Білім және ғылым" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
N 2039 қаулысына     
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 25 қаңтардағы
      N 90 қаулысымен   
бекітілген     

Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын
жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі
ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің
құрамы

Түймебаев                - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Жансейіт Қансейітұлы       министрі, төраға

Жақыпов                  - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Айдар Бексұлтанұлы         вице-министрі, төрағаның орынбасары

Құтыбаев                 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Бақыт Өмірзақұлы           министрлігінің Ғылым комитеті
                           ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыру
                           және халықаралық ынтымақтастық
                           басқармасының бастығы, хатшы

Оңғарбаев                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Еркін Әнуәрұлы             министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы

Бекнияз                  - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Болат Қабыкенұлы           қорғау министрлігі Экологиялық саясат және
                           орнықты даму департаментінің директоры

Омаров                   - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Жандар Даниярбекұлы        министрлігі Ғылым департаментінің
                           директоры

Садықов                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Барлыбай Кәрімұлы          министрлігі Көпжақты ынтымақтастық
                           департаментінің директоры

Хамзина                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Нұргүл Қалиқызы            министрлігі Ғылым және адам ресурстары
                           департаментінің директоры

Қарбаев                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Теміржан Бақытұлы          министрлігі Әскери білім және ғылым
                           департаментінің ғылыми жұмыс басқармасы
                           ғылыми жұмысты талдау бөлімінің аға
                           офицері

Әлімғазинова             - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Баян Шұрымбайқызы          министрлігі "ҚазАгроИнновация" акционерлік
                           қоғамының президенті

Аббас                    - "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық
Бауыржан Аббасұлы          холдингі" акционерлік қоғамының басқарма
                           төрағасының орынбасары

Раманқүлов               - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Ерлан Мірхайдарұлы         министрлігінің Ғылым комитеті "Қазақстан
                           Республикасының Ұлттық биотехнология
                           орталығы" республикалық мемлекеттік
                           кәсіпорнының бас директоры

Саданов                  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Амангелді Құрбанұлы        министрлігінің Ғылым комитеті "Биологиялық
                           зерттеулер орталығы" республикалық
                           мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры