Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 және 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 2014 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 1, 6-құжат):
      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Мемлекеттік органдар "жалғыз терезе" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері тізбесінің 2-тармағын ескере отырып, өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеуді және Үкіметке бекітуге енгізуді қамтамасыз етсін.";
      "2-2. Мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.";
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      2-тармақта:
      "жергілікті атқарушы органдар" кіші бөлімінде:
      1), 2), 3), 4) тармақшаларда "ресімдеу" деген сөз "беру" деген сөзбен ауыстырылсын;
      13) тармақшада "қосалқы" деген сөздің алдынан "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;
      14) және 21) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 23), 24), 25), 26), 27), 28) тармақшалармен толықтырылсын:
      "23) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу;
      24) балаларды патронаттық тәрбиелеуге алуға тілек білдірген отбасыдан өтінім қабылдау;
      25) миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою;
      26) әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру;
      27) мемлекеттік және мемлекеттік емес дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
      28) жалғызілікті, сондай-ақ жалғыз тұратын қарттарға және мүгедектерге оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу.";
      "Көлік және коммуникациялар министрлігінің органдары:" кіші бөлімі мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беру.";
      мынадай мазмұндағы кіші бөлімдермен толықтырылсын:
      "Ауыл шаруашылығы министрлігінің органдары:
      1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, оларға тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу;
      2) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, оларға тіркемелер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктер кепілін тіркеу;
      3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, оларға тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ тіркеу нөмірлік белгілерін бере отырып, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу, қайта тіркеу;
      4) машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру;
      Білім және ғылым министрлігінің органдары:
      1) республиканың білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.";
      2) "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 23, 266-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
      5-бағанда:
      реттік нөмірлері 20, 21, 22, 23, 24, 25, 27, 39, 40, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 63, 64 65, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 90, 93, 94, 97, 101, 102, 103, 114, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 125-жолдар"; ХҚО" деген аббревиатурамен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 108-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Әділетмині Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, облыстардың және Алматы қаласының әділет департаменттері; ХҚО".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов