Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1311 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 1941 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 608-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      3-тармақ "Осы қаулы" деген сөздерден кейін "2008 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарының 8-тармағын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов