Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы N 1903 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер және ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі "Алматы" санаторийі" акционерлік қоғамы 2008 - 2010 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен "Алматы" санаторийі" акционерлік қоғамының иелігінде қалатын таза кірісті оның материалдық-техникалық базасын дамытуға жұмсауды қамтамасыз етсін.";
      3-тармақ "Осы" деген сөзден кейін "қаулының 1-тармағының 2-1) тармақшасында және осы" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов