Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілген штат санының лимиті шегінде мемлекеттік мекеме - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Алатау ауданы бойынша Салық басқармасы" құрылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 22, 205-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 215-1 тармақпен толықтырылсын:
"215-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Алатау ауданы бойынша Салық басқармасы.".
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов.