Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын бірыңғай дистрибьютор туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қарашадағы N 1781 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.07.2015 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын бірыңғай дистрибьютор болып айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.07.2015 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов