Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы N 1755 Қаулысы

Жаңартылған

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 4 қарашадағы
N 1755 қаулысымен  
бекітілген      

Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер
мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын
өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер
беру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Ереже жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға (бұдан әрі - өндіріс объектісі) есептік нөмірлер беру тәртібін белгілейді.
      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      ведомство – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - ведомство);
      ведомствоның аумақтық бөлімшелері – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (облыстың, республикалық маңыздағы қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық инспекциялары;
      есептік нөмір - өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
      айналым - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, өткізу (сату немесе жеткізіп беру) үдерістері (сатылары), сондай-ақ оларға байланысты өлшеп орау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау үдерістері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.23 N 1090 Қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер берілуге тиіс.
      5. Ветеринариялық құжаттарда және (немесе) өнімді (тауарды) таңбалауда өндіріс объектісіне берілген есептік нөмір көрсетілген жағдайда ғана жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдауға (олардың айналымына) рұқсат етіледі.
      6. Есептік нөмір осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес айқындалатын ел кодын, облыстың литерлік кодын, ауданның реттік нөмірін және қызмет түрінің кодын, сондай-ақ өндіріс объектісінің реттік нөмірін қамтиды.
      Өндіріс объектісінің реттік нөмірі өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге өтініштің ведомствоның аумақтық бөлімшесінде тіркелу кезегіне сәйкес анықталады.
      Есептік нөмір сою алаңдарын қоспағанда өндіріс объектісі қызметінің бүкіл кезеңіне беріледі.
      Сою алаңдарына есептік нөмірлер бір жыл мерзімге беріледі және осы өңірде етті қайта өңдеу кәсіпорындары немесе сою пункттері салынғанға дейін жыл сайын расталуға тиіс.
      Экспортты жүзеге асырушы өндіріс объектілерінің есептік нөміріне осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Е" символы қосымша енгізіледі.
      7. Өндіріс объектісіне есептік нөмірді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық бөлімшесі береді.
      8. Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық  қорытындынегізінде жүзеге асырылады.
      Экспорт жүзеге асырылған жағдайда өндіріс объектісі қосымша экспорт жүзеге асырылатын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сай болуы қажет.
      9. Өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге арналған қорытындыны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы береді.
      10. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында орналасқан өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беруге арналған ветеринариялық-санитарлық қорытынды беруді республикалық маңызы бар қаланың және астананың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары жүзеге асырады.
      11. Ведомство есептік нөмірлер берілген өндіріс объектілерінің тізілімін (бұдан әрі — тізілім) жүргізеді.

2. Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру тәртібі

      12. Есептік нөмір беру үшін өтінуші - өндіріс объектісі ведомствоның тиісті аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аудандық бөлімше), ведомствоның республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесіне:
      1) есептік нөмір беруге өтініш;
      2) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелген туралы куәліктің көшірмесін;
      3) өндіріс объектісінің қызмет түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған, өтінуші - өндіріс объектісінің мөрімен және қолымен бекітілген ақпаратты ұсынады.
      13. Аудандық бөлімше өтініш түскен күнінен бастап 5 жұмыс күннен аспайтын мерзімде:
      1) ұсынылған құжаттар мен ақпараттың толықтығын тексереді;
      2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысанда және тәртіппен есептік нөмір беруге өтінішті тіркеу журналында тіркейді;
      3) өндіріс объектісін ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі мәніне тексеруді және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында  белгіленгентәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруді жүзеге асырады.
      Ұсынылған құжаттар мен ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық қорытындының негізінде аудандық бөлімше:
      ведомствоның облыстық аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - облыстық бөлімше) есептік нөмір беруге сұрау мен ветеринариялық-санитариялық қорытындыны жолдайды;
      өтінуші - өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды.
      14. Облыстық бөлімше есептік нөмір беруге арналған құжаттар пакеті түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
      1) өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы сұрауды тіркейді;
      2) өндіріс объектісіне есептік нөмір береді;
      3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды (бұдан әрі - растау) ресімдейді және оны аудандық бөлімшеге жібереді, ал көшірмесін өндіріс объектісін тізілімге енгізу үшін ведомствоға жібереді.
      15. Аудандық бөлімше растау түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оны өтінуші - өндіріс объектісінің заңды мекен-жайына жібереді немесе қолына береді.
      16. Ведомствосының Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі өтініш түскен күнінен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
      1) ұсынылған құжаттар мен ақпараттың толықтығын тексереді;
      2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен есептік нөмір беруге өтінішті тіркеу журналында тіркейді;
      3) өндіріс объектісін ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі мәніне тексеруді және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруді жүзеге асырады.
      17. Ведомствоның Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі ұсынылған құжаттар мен ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық қорытынды негізінде:
      өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы шешім қабылдайды не өтінуші - өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды;
      осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша растауды ресімдейді және оны өтінуші - өндіріс объектісінің заңды мекен-жайына жолдайды немесе қолына береді, ал көшірмесін өндіріс объектісін тізілімге енгізу үшін ведомствоға жолдайды.
      18. Ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтінуші — өндіріс объектісіне есептік нөмір беруден мынадай жағдайларда бас тартады:
      1) өтінуші - өндіріс объектісі осы Ереженің 12-тармағына сәйкес құжаттар пакеті толық ұсынбаған;
      2) өндіріс объектісі Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген (және бұған қоса, экспорттаушы болып табылатын өтінуші - өндіріс объектілері үшін экспорт жүзеге асырылатын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкес келмеген).
      19. Ведомство растау көшірмесінің негізінде өндіріс объектісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ресми сайтына орналастырылатын тізілімге енгізеді.
      20. Өндіріс объектісі растауды жоғалтқан, бүлдірген жағдайда, оған растауды берген ведомствоның аумақтық бөлімшесіне растаудың телнұсқасын беру туралы өтініш береді.
      Ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтініш тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде растаудың телнұсқасын беруді жүргізеді.
      21. Атауы және/немесе ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, өндіріс объектісі бір ай ішінде ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса өндіріс объектісінің есептік нөмірін қайта ресімдеуге өтініш береді.
      Егер жоғарыда көрсетілгендер өндіріс объектісінің жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқпаса, онда ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтініш тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде растауды қайта ресімдейді.
      Қызмет түрі өзгерген жағдайда өндіріс объектісі осы Ережеге сәйкес есептік нөмір беру рәсімінен қайтадан өтеді.
      22. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұрын берілген бірдейлендіру кодын беру және мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тіркеу нөмірін беру туралы растау осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес анықталатын есептік нөмір беру жолымен қайта ресімделуге (бұдан әрі - қайта ресімдеу) тиіс.
      Өндіріс объектісі қайта ресімдеу үшін бұрын берілген бірдейлендіру кодын және мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тіркеу нөмірін беру туралы растаумен қоса, ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне өтініш жібереді.
      Ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтініш тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта ресімдеуді жүргізеді.
      23. Есептік нөмір беру мерзімі бұзылған, сондай-ақ оны беруден негізсіз бас тартылған жағдайда, өтінуші - өндіріс объектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептік нөмірлерді беруге жауапты адамдардың іс-әрекетіне шағымдануға құқылы.

Ережеге 1-қосымша

Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру үшін облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының, аудандардың бекітілген кодтары

Реттік
N

коды

Облыстардың/аудандардың атауы

1

2

3

1

C

Ақмола облысы

2

01

Ақкөл

3

02

Аршалы

4

03

Астрахан

5

04

Атбасар

6

05

Бұланды

7

06

Көкшетау қ.

8

07

Степногорск қ.

9

08

Егіндікөл

10

09

Еңбекші

11

10

Ерейментау

12

11

Есіл

13

12

Жақсы

14

13

Жарқайың

15

14

Зеренді

16

15

Қорғалжын

17

16

Сандықтау

18

17

Целиноград

19

18

Шортанды

20

19

Щучье

21

B

Алматы облысы

22

01

Ақсу

23

02

Алакөл

24

03

Балқаш

25

04

Еңбекшіқазақ

26

05

Ескелді

27

06

Жамбыл

28

07

Іле

29

08

Қарасай

30

09

Қаратал

31

10

Кербұлақ

32

11

Көксу

33

12

Панфилов

34

13

Райымбек

35

14

Сарқант

36

15

Талғар

37

16

Ұйғыр

38

17

Қапшағай қ.

39

18

Талдықорған қ.

40

19

Текелі қ.

41

D

Ақтөбе облысы

42

01

Әйтеке би

43

02

Алға

44

03

Байғанин

45

04

Ақтөбе қ.

46

05

Ырғыз

47

06

Қарғалы

48

07

Мәртөк

49

08

Мұғалжар

50

09

Темір

51

10

Ойыл

52

11

Қобда

53

12

Хромтау

54

13

Шалқар

55

E

Атырау облысы

56

01

Атырау қ.

57

02

Жылыой

58

03

Индер

59

04

Исатай

60

05

Қызылқоға

61

06

Құрманғазы

62

07

Мақат

63

08

Махамбет

64

F

Шығыс Қазақстан облысы

65

01

Өскемен қ.

66

02

Аягөз қ.

67

03

Зыряновск қ.

68

04

Курчатов қ.

69

05

Семей қ.

70

06

Риддер қ.

71

07

Абай

72

08

Аягөз

73

09

Бесқарағай

74

10

Бородулиха

75

11

Глубокое

76

12

Жарма

77

13

Зайсан

78

14

Зырян

79

15

Катон-Қарағай

80

16

Көкпекті

81

17

Күршім

82

18

Тарбағатай

83

19

Ұлан

84

20

Үржар

85

21

Шемонаиха

86

H

Жамбыл облысы

87

01

Байзақ

88

02

Жамбыл

89

03

Жуалы

90

04

Қордай

91

05

Мерке

92

06

Мойынқұм

93

07

Т.Рысқұлов

94

08

Сарысу

95

09

Талас

96

10

Шу

97

11

Тараз қ.

98

L

Батыс Қазақстан облысы

99

01

Ақжайық

100

02

Бекейорда

101

03

Бөрлі

102

04

Жаңақала

103

05

Жәнібек

104

06

Зеленов

105

07

Қазталов

106

08

Қаратөбе

107

09

Сырым

108

10

Тасқала

109

11

Теректі

110

12

Шыңғырлау

111

13

Орал қ.

112

P

Қостанай облысы

113

01

Алтынсарин

114

02

Аманкелді

115

03

Әулиекөл

116

04

Денисовка

117

05

Жангелді

118

06

Жітіқара

119

07

Қамысты

120

08

Қарабалық

121

09

Қарасу

122

10

Қостанай

123

11

Меңдіқара

124

12

Наурызым

125

13

Сарыкөл

126

14

Таранов

127

15

Ұзынкөл

128

16

Федоров

129

17

Қостанай қ.

130

18

Арқалық қ.

131

19

Лисаковск қ.

132

20

Рудный қ.

133

M

Қарағанды облысы

134

01

Абай

135

02

Ақтоғай

136

03

Бұхар-Жырау

137

04

Жаңаарқа

138

05

Қарқаралы

139

06

Нұра

140

07

Осакаров

141

08

Ұлытау

142

09

Шет

143

10

Қарағанды қ.

144

11

Балқаш қ.

145

12

Жезқазған қ.

146

13

Қаражал қ.

147

14

Приозерск қ.

148

15

Саран қ.

149

16

Сәтпаев қ.

150

17

Теміртау қ.

151

18

Шахтинск қ.

152

N

Қызылорда облысы

153

01

Арал

154

02

Қазалы

155

03

Қармақшы

156

04

Жалағаш

157

05

Сырдария

158

06

Шиелі

159

07

Жаңақорған

160

08

Қызылорда қ.

161

09

Байқоңыр қ.

162

R

Маңғыстау облысы

163

01

Бейнеу

164

02

Қарақия

165

03

Маңғыстау

166

04

Түпқараған

167

05

Ақтау қ.

168

06

Жаңаөзен қ.

169

07

Мұнайлы

170

S

Павлодар облысы

171

01

Павлодар қ.

172

02

Ақсу қ.

173

03

Екібастұз қ.

174

04

Ақтоғай

175

05

Баянауыл

176

06

Железинка

177

07

Ертіс

178

08

Қашыр

179

09

Лебяжье

180

10

Май

181

11

Павлодар

182

12

Успен

183

13

Шарбақты

184

T

Солтүстік Қазақстан облысы

185

01

Айыртау

186

02

Ақжар

187

03

Аққайың

188

04

Есіл

189

05

Жамбыл

190

06

М. Жұмабаев

191

07

Қызылжар

192

08

Мамлют

193

09

Ғ. Мүсірепов

194

10

Тайынша

195

11

Тимирязев

196

12

Уәлиханов

197

13

Шал ақын

198

14

Петропавл қ.

199

X

Оңтүстік Қазақстан облысы

200

01

Арыс

201

02

Бәйдібек

202

03

Қазығұрт

203

04

Мақтаарал

204

05

Ордабасы

205

06

Отырар

206

07

Сайрам

207

08

Сарыағаш

208

09

Созақ

209

10

Төлеби

210

11

Түлкібас

211

12

Шардара

212

13

Шымкент қ.

213

14

Арыс қ.

214

15

Түркістан қ.

215

16

Кентау қ.

216

А

Алматы қ.

217

01

Алатау

218

02

Алмалы

219

03

Әуезов

220

04

Бостандық

221

05

Жетісу

222

06

Медеу

223

07

Түріксіб

224

Z

Астана қ.

225

01

Алматы

226

02

Есіл

227

03

Сарыарқа

Өндіріс объектілерінің қызмет түрінің кодтары

Реттік
N

Қызмет түрі

Коды

1

Жануарлар мен құс өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері

K

2

Жануарларды дайындауды (союды) және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері:
етті қайта өңдеуші кәсіпорындар;
сою пункттері;
сою алаңдары;
құсты қайта өңдеуші кәсіпорындар

 
 
 
 
 
U1
 
U2
U3
U4

3

Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері:
ет;
балық және балық өнімдері;
бал және ара шаруашылығы өнімдері;
жануарлардан алынатын шикізат

 
 
 
 
 
 
G1
G2
 
G3
 
 
G4

4

Ветеринариялық препараттарды сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер

Y

5

Ветеринариялық препараттарды өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын объектілер

V

6

Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды жүзеге асыратын объектілер

W

7

Жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіруді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер

O

Ескертпе:
Есептік нөмір белгілерден құралады және мынадай құрылымы бар:
бірінші белгі - елдің коды - КZ;
екінші белгі - облыстың литерлік коды;
үшінші белгі - ауданның реттік нөмірі;
төртінші белгі - өндіріс объектісінің қызмет түрінің коды;
бесінші белгі - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
алтыншы белгі - Е (экспорттаушылар үшін).

Мысалы: КZ С.01/G1-0001/Е
КZ - елдің коды;
С - облыстың литерлік коды;
01 — ауданның коды (реттік нөмірі);
G1 - өндіріс объектісінің қызмет түрі;
0001 — өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
Е — экспорттаушы.

Ережеге
2 қосымша/
Приложение 2
к Правилам

Өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы
растау/подтверждение о присвоении учетного номера объекту
производства

Осы растау/Настоящее подтверждение выдано_________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы/полное наименование юридического лица)
бойынша қызметті жүзеге асырушы/осуществляющему деятельность по
__________________________________________________________________
      (қызмет түрін көрсету /указать вид деятельности)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы "___"______ N қаулысымен бекітілген жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесіне сәйкес оған 2009 жылғы "___"________ N есептік нөмір берілгендігі жөнінде берілді/в том, что в соответствии с Правилами присвоения учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от "___"___ 2009 г. N____, ему присвоен учетный номер ________ от "___" _____ 20 ____ г.

Басшы/Руководитель __________________    ________________________
                     (Т.А.Ә/Ф.И.О.)           (қолы/подпись)

М.О/М.П.

"___" _______ 20___ ж./г.