Алматы облысының "Goldеn Cіtу" серіктес қаласының бас жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қарашадағы N 1740 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облыстық мәслихаты мақұлдаған, қоса беріліп отырған Алматы облысының "Golden City" серіктес қаласының бас жоспарының жобасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 2 қарашадағы
N 1740 қаулысымен
бекітілген    

Алматы облысының "Golden City" серіктес қаласының
БАС ЖОСПАРЫ

Бас жоспардың мақсаты

      Алматы облысының "Golden City" серіктес қаласының (бұдан әрі - Голден Сити) 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған бас жоспары тіршілік етуге қолайлы орта құру және орнықты даму, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және табиғатты сақтау мақсатында қаланың құрылысын қалыптастыруды және оны дамытуды жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылады.
      Бас жоспар қала инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың перспективадағы және бірінші кезектегі бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, табиғи кешеннің аумақтарын сақтау және дамыту, қоғамдық, іскерлік және мәдени орталықтарды, туризм және демалыс объектілерін дамыту, қалалық ортаны кешенді абаттандыру және эстетикалық ұйымдастыру, аумақты дамытудың қала құрылысы жоспарларын, қаланы жоспарлау мен оның құрылысы жобаларын әзірлеу және іске асыру үшін негіз болып табылады.
      Бас жоспар қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту мен қалыптастырудың ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді бағдарламаларын, бірінші кезектегі құрылыс жоспарларын жасау кезінде негіз болып табылады.
      Бас жоспар қаланың қала құрылысы жағдайлары мен оны біртіндеп: 1-кезең - 5 жыл, 2-кезең - 7 жыл, 3 - кезең - 10 жыл жүзеге асырылудың ресурстық әлеуетін кешенді талдауға сүйене отырып, қаланың шаруашылық-экономикалық және аумақтық-функционалдық мақсатын айқындайды. Барлық жобалау ұсыныстарын 22 жыл ішінде жүзеге асыру жоспарлануда.
      Бас жоспардың басты мақсаты - қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік-ыңғайлы тіршілік ортасы бар экологиялық қала құруға бағытталған қала құрылысы іс-шараларының кешенін жүргізу, Алматы қаласының тығыздығын азайту мақсатында қалалық функциялардың бір бөлігін көшіру.

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ИНДИКАТОРЛАРЫ

Демография

      Перспективада 2030 жылға дейінгі демографиялық үдерістердің серпіні қоғамдық дамудың бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі, сондай-ақ қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен қайта құрулардың өсуі барысында қалыптасатын жаңа факторлардың бүкіл жиынтығының өзара іс-әрекетімен айқындалатын болады.
      Қаланың демографиялық даму сипаты халықтың табиғи және көші-қон қозғалысымен айқындалады, олардың ауқымы мен бағыты әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың нәтижесіне:
      қаланың экономикалық әлеуетінің дамуына;
      жұмыспен қамтуға және еңбекақы төлеу деңгейіне;
      мемлекеттік және жергілікті әлеуметтік саясатқа және басқа факторларға байланысты болады.
      Халықтың перспективадағы санының болжамы табиғи өсімді біртіндеп жоғарылату гипотезасын, халықтың өмір сүру ұзақтығының артуын және көші-қон өсімін есепке ала отырып есептелген.
      Қала халқының 2030 жылға дейінгі болжалды саны қоныстандырудың Алматы жүйесіндегі және тұтас Қазақстан Республикасы бойынша орнықты және инерциялық демографиялық үдерістермен айқындалады.
      Қала халқының 2030 жылға арналған перспективалы саны 103 мың адамды құрайды.
      Қаланың әлеуметтік және қала құрылысы дамуының негізгі мақсаты - халықтың қарастырылып отырған аумақта тұруы үшін әлеуметтік-психологиялық жайлылық және өмір сүрудің ортаның жоғары деңгейін қалыптастыру.

Тұрғын-үй азаматтық құрылыс

      Перспективада Голден Сити қаласының әлеуметтік проблемаларының бүкіл жиынтығының арасынан тұрғын үй проблемасына баса назар аударылады, бұл тұрғын үйдің халық өміріндегі материалдық жағдайлардың аса маңызды элементі, әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі буыны ретіндегі объективті мәнімен айқындалады. Тұрғын үй жағдайлары халықтың әл-ауқатын тікелей анықтап қана қоймай, белгілі бір шамада қалған қажеттіліктер құрылымы мен басымдықтар жүйесін анықтайды.
      Голден Сити қаласының тұрғын үй саясаты құрылыстың бастапқы кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына негізделеді.
      Тұрғын ортаны кешенді қалыптастырудың негізгі бағыттары бойынша 1 адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге орта есеппен жалпы ауданы 28 шаршы метрге дейін көзделеді.
      Голден Ситиде тұрғын үй қоры құрылысы көлемінің жалпы ауданы 3,6 миллион шаршы метрді құрайды, олардың ішінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі - 82,6 %.
      Жобада жалгерлік (коммуналдық) тұрғын үй құрылысын республикалық бюджет есебінен салу және жеке жалгерлік (коммерциялық) үйлер салу үшін жағдай жасау көзделіп отыр. Халық үшін қол жетімді жайлылығы 3-ші және 4-ші сыныптағы тұрғын үй салу, пәтерлерді тұрғын үй құрылыс жинақтары және ипотекалық кредит беру жүйесі арқылы сату көзделеді.
      Голден Сити қаласының аумағындағы тұрғын үй қоры жайлылығы 1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші сыныптағы тұрғын үй ғимараттарын салу есебінен қалыптасады.
      Бас жоспарда әлеуметтік-кепілдік берілген қызметтердің ең төменгі көлемін көрсететін мекемелермен қамтамасыз етудің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізу, қала деңгейіндегі объектілерді салу бағытында жаңа әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы жағдайларын есепке ала отырып, әлеуметтік инфрақұрылым құру және бірегей объектілерді орналастыру көзделеді.
      Әлеуметтік саланы дамытудың негізгі басымдықтары оны қала мәртебесіне сай қалыптастыру болып табылады.
      Қала орталығы мен тұрғын аудандардың орталықтарында мәдени-ағарту мақсатындағы мекемелер, әлеуметтік маңызды денсаулық сақтау, білім беру объектілері, су-спорт және ойын-сауық объектілері мен құрылыстары, эстетикалық келбеті жоғары деңгейдегі қоғамдық ғимараттар салынады.
      Халықты әлеуметтік қызметтер кешенімен қамтамасыз етудің перспективаға арналған деңгейі Қазақстан Республикасының қолданыстағы сәулет-қала құрылысы нормативтік құжаттарына сәйкес айқындалады.
      Голден Сити қаласының селитебтік аумақтарын қалыптастырудың басым бағдарламасы тұрғын аудандарды салудың кешенділігі болып табылады, бұл құрылысқа жұмсалатын шығындарды азайтуға ықпал етеді және Голден Сити қаласының заманауи сәулет келбетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Экономикалық қызметі

      Голден Сити қаласының негізгі басымдығы - бұл білім беру қызметтерінің сапасы мен деңгейін арттыру, сондай-ақ тіршілік ету мен демалыстың сапалы жаңа жағдайларын қамтамасыз ету. Перспективада қала орнықты даму өңірі, ірі экспортқа бағдарланған ғылыми және инновациялық орталық ретінде қаралады.
      Голден Сити қаласының экономикасын перспективалы дамыту ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетті өрістетуге бағытталған.
      Бас жоспардың жобасымен қала мәдени-ойын-сауық және білім беру орталығының бірігуі ретінде қаралады. Мұндай қала салу идеясы студенттік қалашықтарды барлық қажетті инфрақұрылымымен бірге оқу орталықтарына тікелей жақын жерлерде орналастырудың әлемдік тәжірибесінен туындады. Оның аумағында жергілікті университеттерді қоса алғанда, бірнеше университеттерді, сондай-ақ әлемдік атауы бар университеттерді әрі студенттік кампусты орналастыру болжанады.
      Экономиканың мемлекеттік және жеке секторының тиімді үйлесуі мен өзара іс-қимыл жасауы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жоспарланады.

Голден Сити қаласының қала құрылысын дамыту мақсаттары

      Голден Сити қаласының қала құрылысын дамытудың басты мақсаты - орнықты дамыған, экологиялық қала құру. Серіктес қаланы жобалау кезінде мыналар:
      қаланы тұрақты жоспарлау;
      қала халқының тығыздығы;
      тұрғын кварталдарды дамыту;
      қоғамдық көлік;
      жол инфрақұрылымы;
      қала сұлбасы;
      қаланың келбеті мен сипаты;
      қала экологиясы;
      дамуды ұйымдастыру ескерілді.
      Қаланың жаңа моделін жоспарлаудың мақсаты - негізгі қағидаттары адам құқықтарын сақтау, қоғамдық көліктің тиімді әрі сенімді жүйесімен қолдау тапқан әлеуметтік-экономикалық теңдік болып табылатын тең құқылы және экологиялық қала құру.
      Қала халқының тығыздығы қаланы басқарудың маңызды құрамы болып табылады. Тығыздықтың төмен болуы және бір бағыттағы қызмет қоғамдық көлікті пайдалану коэффициенті төмен, жоғары экономикалық және экологиялық шығыстарға әкеп соғады.
      Тұрғын кварталдарды дамытудың мақсаты халықтың әлеуметтік-мәдени топтарынан тұратын әлуетті қоғам құру болып табылады.
      Қоғамдық көліктің тиімді де сенімді жүйесі жаңа қалаларды көлік кептелісі жоқ әрі ауасы таза қала ретінде қалыптастырудың ең маңызды элементі болып табылады. Автобус маршруттарының желісімен нығайтылған негізгі қоғамдық жолаушылар көлігі ретінде жүрдек көлік түрлерін, LRT жүйесін енгізу жанды ортаны және жаңа қалалардың тұрғындары үшін өмір сүрудің жоғары сапасын сақтау үшін маңызды стратегиялық мүмкіндік болып табылады.
      Қалалардың тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіз әрі жайлы жаяу серуендеу мүмкіндігін ұсыну үшін қозғалыстың ажырамас бөлігі ретінде жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерді қабылдау шараларын қабылдау ұсынылады. Жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын енгізу жөніндегі ұсыныстар қозғалыстың балама тәсілі ретінде назарға алынуға тиіс.
      Орталықтың әртүрлі объектілері мен маңызды сәулеттік ғимараттары биіктігімен өздерінің маңыздылығын көрсетуге және айқындай түсуге тиіс. Бұл сондай-ақ, негізгі ғимараттары мен пейзаждары бар қала бейнесін сақтау үшін қала дизайнының негізгі желілерімен, көрнекі дәліздерді жасаумен ерекшеленеді.
      Қаланың өзіндік ерекшелігі мен сипатын сақтау және күшейту үшін мынадай мақсаттар мен міндеттерді белгілеу және іске асыру қажет:
      жергілікті салт-дәстүрлерді көрсететін заманауи инновациялық сәулетті көтермелеу. Мақсаты - қаланың әлуетті бейнесіне қол жеткізу және әрбір жобаның бірегейлігін сақтау;
      жаңа дамудың сәулеттік мәнері жергілікті климатқа, сенімді жобалауға және өзіндік сәулет талғамына сәйкес болуға тиіс;
      жаңа қала орталықтарының бірегейлігі қала белгілерімен айқындала түсуге тиіс, мысалы, қалаға кіретін қақпа, ландшафтық бағдарлар және орталық алаңдар. Қала пейзажының бір бөлігін қалыптастыратын қалалық саябақтар мен ландшафтар қала орталығын кеңістік, сапа мен бірегейлік талғамын қамтамасыз ететіндей түрде жобалануға тиіс;
      жалпы қала орталығы мен өңірлік ауқымдағы орталықтар шегінде қала қонақтары үшін тарихи және мәдени оқиғалардың маңызын айқындай әрі аша түсетін қала өнерінің әртүрлі бағыттарын біріктіру. Бұл қаланың дамуына, сипатына, өзіндік мәдени ерекшелігіне және қоғамның көңіл-күйіне үлес қосады;
      мұқият таңдап алынған және жобаланған материалды пайдалану арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы қала орталығын құру.
      Экологиялық қаланы дамыту қағидаттарына негізделген жаңа қаланы жоспарлау дамудың прогрессивтік қадамы болып табылады, табиғатпен үйлесімді тіршілік етуге және қаланы орнықты дамытуға мүмкіндік береді. Экологиялық жүктемені одан әрі азайту және қала экологиясын жақсарту жөніндегі әртүрлі іс-шаралардың көмегімен өмір сүру жағдайларын жақсарту, тиімді жоспарлау және жер ресурстарын басқару ортақ міндет болып табылады. Экологиялық қағидаттарға негізделген экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени қағидаттар арасындағы күрделі өзара қарым-қатынасты жан-жақты түсіну қажет.
      Коммерциялық және тұрғын орталықтар экологиялық көзқарас, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың сапалы өмір сүруі мен экожүйелерді қолдау тұрғысынан жобаланған болуға тиіс.
      Бас жоспарды он жылдық кезең шеңберінде мониторингілеу, бағалау және қайта қарау экономикалық, әлеуметтік және технологиялық аспектілердегі өзгерістерге жауап ретінде, болашақ қаланың ұзақ мерзімді көрінісінің бір бөлігі ретінде бірқатар жаңа ерекшеліктерді дамыта отырып, қаланың бас жоспарын тиімді жаңғыруға ықпал етеді.

Экологиялық талаптар

      Мыналар қаланың қала құрылысын дамытудың экологиялық талаптарына жатады:
      табиғи кешеннің қазіргі аумақтарын (шағын өзендердің жайылмаларын) қолайсыз антропогендік әсерлерден (жыраның пайда болуынан) қорғау және олардың базасында басты және қосалқы жасыл дәліздерді қалыптастыру;
      тіршілік ету ортасының жайлылығын, оның ішінде көгалдандырылған кеңістіктердің бірыңғай жүйесін құру және қаланың тұрғын және қоғамдық аймақтарында микроклиматтық және экологиялық жағдайларды жақсарту арқылы арттыру.
      Мыналар қала құрылысын дамытуға қойылатын экологиялық талаптарды орындаудың қажетті шарттары болып табылады:
      қалдығы аз және қалдықсыз экологиялық таза технологияларды енгізу, ұйымдастырылмаған шығарынды көздерінің санын қысқарту, жылумен жабдықтау көздерін тозаң тұтқыш құрылғылармен жарақтандыру;
      энергия үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу;
      өңірде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің экологиялық тазалығын қамтамасыз ету;
      экологиялық қауіпті аумақтарды - ұйымдастырылмаған қоқыстарды, сүзгіден өткізу алаңдарын жою; тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинаудың, залалсыздандырудың және қайта өңдеудің тиімді өңірлік жүйесін құру;
      ауыз су сапасының стандарттарын сақтауды және коммуналдық ағын сулар мен жер бетіндегі ағын суларды тазартуды қамтамасыз ету;
      негізгі халықты еңбек ететін орындары мен қоғамдық мақсаттағы объектілердің айналасына шоғырландыру арқылы автомобильге тәуелділікті азайту, велосипед жолдары мен жаяу серуендеуге арналған бульварлар салу;
      қала аумағында ауа бассейінінің жай-күйін бақылаудың стационарлық бекеттерін ұйымдастыру;
      ластау көздерінің айналысынан санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыру.

Аумақты қорғау жөніндегі іс-шаралар және оның орнықты дамуын
қамтамасыз ету

      Қала аумағын қауіпті табиғи үдерістерден қорғау жөніндегі іс-шаралар айқындау кезінде аумақтық жоғары сейсмикалы екендігі ескерілді (ауданның негізгі сейсмикалылығы - 8-9 балл).
      Қала құрылысын дамытуды, функционалдық ұйымдастыруды айқындау және аумақты сараландыру кезінде пайдалану сипаты бойынша "Қарағанды ГИИЗ және К" акционерлік қоғамы орындаған "Алматы - Қапшағай тас жолының бойындағы жолақтағы 297 шаршы километр аумақтағы Алматы қаласының серіктес қалалары" объектісінде ТЭН кезеңіндегі инженерлік зерттеулер туралы техникалық есеп негізге алынды.
      Орнықты жұмыс істеуді арттыру әрі қала халқын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерінен қорғау мақсатында бас жоспарда қала құрылысының мынадай іс-шаралары көзделген:
      қала аумағын нақты функционалдық аймақтарға бөлу;
      құрылыстың жекелеген учаскелері мен аудандарын сейсмикалық шағын аудандарға бөлу бойынша бағалауды ескере отырып, қала аумағын қабат бойынша аймақтарға бөлу;
      қала аумағын төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты қала сыртына көшіру үшін пайдаланылатын республикалық маңызы бар автожолдармен тұрғын аудандарға бөлу;
      жүретін бөліктері мейлінше кең жалпы қалалық және аудандық маңызы бар магистральды көшелердің нақты желісін құру;
      қаланы периметр бойынша көмкеріп жатқан шағын өзендердің жайылмаларын бойлай бас және қосалқы экологиялық жасыл дәліздерді құру;
      одан әрі пайдалану мақсатында қалалық және аудандық маңызы бар саябақтар желісін, шағын аудандық және орамаралық бақтар, гүлзарлар құру және оларды халықты уақытша жинау үшін пайдалану;
      жүрдек жолдар мен магистральды көшелердің маңына көлік кәсіпорындарын орналастыру.

Табиғи-ландшафтық орман-саябақ аймақтарын сақтаудың және
қаланың тарихи дамуы сабақтастығының талаптары

      Голден Сити қаласының қала құрылысын дамытудың негізгі бағыттары табиғи-ландшафтық аймақтарды сақтаудың мынадай талаптарын орындауды қамтамасыз етуге тиіс:
      Кіші Алматы, Есентай және Тереңқара шағын өзендерінің жайылмаларында жайлы қала ортасын құруда маңызды рөл атқаратын басты және қосалқы жасыл экологиялық дәліздерді қалыптастыру;
      қала құрылысы қызметі аймақтардың шекараларын және осы шекаралар шегінде қала құрылысы қызметін реттеу режимдерін айқындайтын, ландшафтарды қорғауды және оларды көрнекі қабылдаудың оңтайлы шарттарын қамтамасыз ететін жалпы қала құрылысы регламенттерін белгілеу және сақтау;
      қала құрылысы және сәулет құралдарымен қаланың орталық негізін анықтау және оған акцент беру.

Аумақтық табиғи кешенді сақтау мен дамытудың негізгі бағыттары

      Голден Сити қаласының табиғи кешені негізінен табиғат қорғау, рекреациялық, сауықтыру және ландшафт құрушы функцияларды орындайтын өсімдіктер мен су объектілері басым аумақтар жиынтығынан тұрады және қаланың табиғи-ландшафтық қаңқасын қалыптастыруға қатысады.
      Табиғи кешеннің аумағына:
      Кіші Алматы, Есентай, Тереңқара шағын өзендерінің жайылмалары және олардың сайларды қуалай ағатын және ішінара көгалдандырылған тарамдары;
      шағын өзендердің жайылмаларындағы ауыл шаруашылығы жерлерін суғару үшін қызмет ететін жасанды су тоғандары мен арналар;
      қаланы көгалдандырудың бірыңғай жүйесін құруға арналған резервтік аумақтар (қалалық және аудандық саябақтар, тұрғын аудандардың бақтары мен кварталаралық бақтар, гүлзарлар, бульварлар) жатады.
      Табиғи кешен аумақтарын сақтаудың және дамытудың негізгі бағыттары:
      рекреациялық аймақтарды қалыптастыруды;
      жобалауды экологияландыруды көздейді.

АУМАҚТЫ ЖОБАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Қаланы аумақтық дамыту

      Бас жоспарда қаланы Алматы - Өскемен республикалық маңызы бар автожолын (Алматы - Қашпағай учаскесі) бойлай, Алматы қаласының солтүстік шекарасынан шамамен 12 километрде солтүстік бағытта аумақтық дамыту көзделген. Аумақтық дамыту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен серіктес қаланы салуға бөлінген жерлерді игеру есебінен жүргізілетін болады. Қаланы ендік бағытта шамамен орта бөлігіне қарай Байсерке - Қараой республикалық маңызы бар автожолы қиып өтеді.
      Бас жоспарда есептік мерзім шегінде 103 мың адам тұратын Алматы облысы Іле ауданының аумағындағы 1869 га ауыл шаруашылығына бөлінген және басқа жерлерді игеру көзделуде. Бөлінген жерлерде Көктерек ауылы орналасқан. Ауыл аумағы 40 га құрайды, оның ішінде 10 га елді мекеннің жері, 30 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Жобаланып отырған ауданның едәуір аумағын "Казтелерадио" АҚ-ның антенналық алқаптары алып жатыр. Антенналық алқаптар аумағының ауданы 203,5 га.

Қаланы жоспарлау құрылымы

      Жобаланатын аумақтың жоспарлау құрылымын қалыптастыру кезінде мынадай факторлардың болуы ескерілді:
      Көктерек ауылы және іргелес елді мекендер;
      жасыл дәлізді құру үшін қолайлы фактор ретінде шағын өзендер, жасанды су айдындары;
      белсенді демалыс ұйымдастыру үшін қолайлы табиғи жағдайлар;
      республикалық маңызы бар автожолдар.
      Голден Ситидің негізгі көшелерінің жоспарлау құрылымы меридиандық бағытта созылған және көшелері тік төрт бұрышты тор түрінде, бұл:
      Алматы және іргелес елді мекендер үшін дәстүрлі жоспарлау құрылымын сақтауды;
      жасыл екпелердің арықты суғару жүйесінің құрылғысы және тиісінше ағаш екпелердің жедел өсуін;
      Іле Алатауы тауларының көрінісін тамашалауды;
      орамдарды аңғарлық желдермен желдету есебінен тұрғындардың жайлы тұрмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Қаланың негізгі көліктік қаңқасын Алматы - Өскемен, Байсерке - Қараой республикалық маңызы бар автожолдар және жалпықалалық әрі аудандық маңызы бар магистралды көшелер құрайды.
      Серіктес қаланың жоспарлау құрылымы шартты түрде аталған З-1, З-2, З-3 және З-4 деген төрт тұрғын ауданынан тұрады. Тұрғын аудандарға бөлушілер республикалық маңызы бар автожолдар болып табылады.

Қаланы функционалдық аймақтарға бөлінуі

      Бас жоспарда қаланың аумағында мынадай функционалдық аймақтар белгіленген: селитебтік, өндірістік-коммуналдық, ландшафтық-рекреациялық, санитарлық-қорғау.
      Селитебтік аумақтың жоспарлау құрылымы қоғамдық орталықтар, тұрғын үй құрылысы, көше-жол желісі, жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтарды, зиян тигізбей еңбек еткен орындарды өзара үйлестіріп орналастыру ескеріліп қалыптасқан.
      Қаланың аумағында жалпықалалық орталық, өңірлік маңызы бар орталықтар - медицина, оқу және спорт орталықтары, тұрғын аудан орталықтары және магистраль аралық аумақтар көзделген.
      Жалпықалалық орталық ГМ-8 жалпықалалық маңызға ие, реттелетін қозғалыс магистралды көшесі бар Алматы - Өскемен автожолының оңтүстік батыс қиылысына қарай орналасқан. Мұнда әкімдіктің ғимараты және сквер бар бас алаң, мәдени және сауда ойын-сауық орталығы, қонақ үй, офистік үй-жайлар бар ғимарат орналастырылады.
      Жобаланатын ауданның аумағында өңірлік ауқымдағы медицина және оқу орталықтары орналасады. Медицина және оқу орталықтары жобаланатын ауданның оңтүстік бөлігін алып жатыр.
      Бас жоспарға сәйкес Голден Сити - мәдени, ойын-сауық, білім беру орталығы. Бұл сателлиттің бірегейлігі - студенттік кампус аумағында бірнеше университет орналасатын болады. Голден Ситидің негізгі басымдығы - бұл білім беру қызметінің сапасы мен деңгейін арттыру, сондай-ақ өмір сүру мен демалудың сапалы жаңа жағдайын қамтамасыз ету. Білім беру инфрақұрылымының кең ауқымынан басқа, Голден Сити қонақтар мен тұрғындарға көптеген денсаулық сақтау, ойын-сауық және уақыт өткізу объектілерін ұсынады.
      Медициналық орталық өзіне мынадай аймақтарды қамтиды: ғылыми-зерттеу, әкімшілік, емдеу және тұрғын үй.
      Ғылыми-зерттеу аймағы кластердің солтүстік бөлігін алады. Оған ғылыми-зерттеу институттары және зертханалық корпустар, медициналық бағыттағы офистік ғимараттар және осы мекемелердің қызметкерлеріне арналған тұрғын ғимараттар кіреді.
      Емдеу және әкімшілік аймақтары кластердің орталық бөлігінде орналасады. Оның құрамына екі серіктес қалаға қызмет көрсететін қалалық аурухана корпусы кіреді. Аумақтың бір бөлігі әкімшілік және тұрғын объектілерге бөлінген.
      Кластердің оңтүстік бөлігі жеке меншік клиникаға бөлінген. Онда республикалық қана емес, әлемдік ауқымдағы мықты дәрігерлер тәжірибе алмасады.
      Голден Ситидің оңтүстік бөлігінде өңірлік орталықты орналастыру бекер емес. Бас жоспарларға сәйкес екі серіктес қаланың түйіскен жерінде оған ортақ орталық құрылған, онда аймақтық орталықтан басқа Голден Ситидің солтүстігінде орналасқан спорттық орталық та кіреді. Оларды екі серіктес қалаға ортақ саябақ аймағы бөліп тұрады.
      Тұрғын аймақ қоғамдық орталық аймақтарынан, 4 тұрғын ауданнан тұрады. Тұрғын аудандар өзіне мыналарды қамтиды:
      тұрғын үй құрылысын салудың магистраль аралық аумақтары және орамдары;
      мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері алып жатқан аумақтар;
      жалпы пайдаланымдағы жасыл екпелер.
      Әрбір З-1, З-2, З-3 және З-4 ауданда оның геометриялық орталығында тұрғын ауданның орталығы орналасқан.
      Тұрғын аудандардың қала құрылымында орналасқан жері және рөліне карай құрылыс жүргізілуі, орналасқан қабаты, абаттандырылу деңгейіне қарай өзінің сипаттамасы болады.
      Тұрғын аймағы Голден Сити қаласының негізгі аумағын алып жатыр. Тұрғын үй құрылысы қала аумағында биік үйлер, көп қабатты үйлер, көп қабатты және аз қабатты ғимараттар және алаңы 600-ден 1000 шаршы метрге дейін жер учаскелері бар 1-2 деңгейлі коттеждер салу арқылы жүргізілетін болады.
      Тұрғын үй құрылысын орналастырудың негізгі қағидаты халықты әртүрлі деңгейдегі қоғамдық орталықтардың айналасына көбірек шоғырландыру болып табылады, бұл адамдарға еңбек ететін орындарына және қоғамдық орталықтарға жаяу және велосипедпен баруға мүмкіндік береді. Биік үйлер, көп қабатты үйлер қала орталығының және өңірлік ауқым орталықтарының айналасына шоғырландырылады. Қаланың шетіне қарай үйлердің қабаты мен халықтың тығыздығы азая бастайды. Мұндай қабылдау халықтың еңбек ететін орындарға автомобильмен баруын қысқартуға, өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді.
      Бас жоспарда қазіргі қалашілік аумақтарды, оның ішінде қолайсыз аумақтарды аумақтарды инженерлік дайындау жөніндегі арнайы іс-шараларды орындай отырып, құрылыс салуға және аббаттандыруға барынша тиімді пайдалану ұсынылады.
      Голден Сити қаласының бас жоспарында аумақтың экологиялық теңгерімін сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға үлкен көңіл бөлінеді, бұл кіші өзендердің арналарында қала аумағының 20 пайызға жуығын орманды аймақтарға бөлуді негіздейді.
      Қаланың аумағында қалалық және аудандық саябақтар, тұрғын аудандардың бақтары және шағын аудандардың бақтары, скверлері, гүлзарлары салынатын болады. Дамыған гүлзар жүйесі серіктес қаланың көгалдандырылған құрылымдық элементтері арасындағы негізгі байланыстырушы буын болып табылады.
      Орталық саябақ қала орталығының бірден бір элементі болып табылады. Оны Гейт және Голден Сити екі қалаларының түйіскен жерінде орналастыру ұсынылып отыр. Орталық саябақ Алматы қаласы және қала маңы аймақтары өзендерінің көгалдандырылған арналарының арасындағы байланыстырушы буын (басты жасыл дәліздермен) жасыл аймақтың құраушы бөлігі, өз алдына қосалқы жасыл дәліз болып табылады. Қаланың оңтүсік-шығыс бөлігінде саябақ аймағында ипподром орналасқан.
      Қаланы периметрі бойынша қамтитын кіші өзендер арналарын көгалдандыру маңызды орын алады. Онда бас және қосалқы "жасыл дәліздер" салынады. Кіші өзендердің арналарында жасанды су айдындарының болуы тек Голден Ситидің ғана емес, оған жапсарлас елді мекендерінің де тұрғындарының демалуына қолайлы негіз жасайды.
      Бас және қосалқы "жасыл дәліздер" Алматы, Гейт Сити және Голден Сити қалаларының бірыңғай көгалдандыру жүйесінің арасындағы байланыстырушы элемент болып табылады.
      Бас жоспардың жобасымен көшелер мен автожолдарды қарқынды көгалдандыру көзделеді. Алматы - Өскемен республикалық маңызы бар автожолының бойымен санитарлық-қорғау жолағын құру ұсынылады.
      Голден Сити қаласында ірі кәсіпорындарды орналастыру болжанбайды. Онда Алматы серіктес қаласының тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындар орналасатын болады. ЖЭС және кіші қазандықтарда санитарлық-қорғау аймақтары болады.

Голден Сити қаласының аумағын қала құрылысы аймағына бөлу

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес елді мекендерді дамытудың кала құрылысын жоспарлау туралы және оларды салу туралы кала құрылысы құжаттамасын әзірлеу кезінде аумақтарды пайдалану түрін айқындайтын және кала құрылысы қызметін жүзеге асыру үшін олардың пайдаланылуына шектеу (регламенттер) белгілейтін аумақтарды қала құрылысы аймағына бөлу жоспарларының жобалары (схемалары) әзірленді.
      Аймаққа бөлу қала аумағын белгілі бір түрлері және оларды пайдалануда шектеулері, функционалдық мақсаттары, пайдалану параметрлері бар бөліктерге бөлу және қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде жер учаскелері мен басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін өзгерту процесі мен нәтижесі ретінде қаралады.
      Мұндай аймаққа бөлудің мақсаты - халықтың тұруына қолайлы жағдайдың қала құрылысы құралдарымен қамтамасыз ету, оның ішінде қоршаған табиғи ортаға шаруашылық және өзге қызметтің зиянды әсерін шектеу және оны қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесінде оңтайлы пайдалану болып табылады.
      Қала аумағын аймаққа бөлу қолайлы тіршілік ортасын қамтамасыз етуге, аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар әсерінен қорғауға, халықтың және өндірістің мөлшерден тыс шоғырлануын, қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, оның ішінде табиғи ландшафтарды, тарихи-мәдени объектілер аумақтарын, сондай-ақ қала шекарасындағы ауыл шаруашылығы жерлері мен орман алқаптарын қорғауға және пайдалануға бағытталды.
      Аумақтарды пайдалануға шектеулерді ескере отырып, әрбір жоспарлы аумақтық бірліктің функционалдық мақсаты, пайдалану қарқындылығы және сипаттамасы анықталады.
      Құрылыс қызметін бақылау үшін қала құрылыстық аймаққа бөлу негізінде "Қала аумағын салу ережесі" әзірленуге тиіс.
      Бас жоспардың негізінде әзірленген қала құрылысын аймаққа бөлу схемалары белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін бекітілген қала құрылысы құжаттамасының мәртебесін алуға тиіс, ал бекітілген "Қала аумағын салу ережесі" құрамында олар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік актісі мәртебесін алады.
      Голден Сити қаласын қала құрылысы аумағына бөлу бас жоспардың материалдарына және олардың құрамында әзірленген схемаларға негізделген.
      Аймаққа бөлу мынадай ретпен жүргізілді:
      негізгі болып табылатын аумақтарды олардың функционалдық мақсаты бойынша аймаққа бөлу;
      аумақты сипаты және оларды игеру дәрежесі бойынша аймаққа - құрылыс аймағына бөлу;
      ландшафтық және ортаны қорғау аймағына бөлу.
      Аймаққа бөлуге әзірлеудің соңғы кезеңінде аймақтың көрсетілген түрлерін өзара салу жолымен біріктірілген аймақтар анықталды.

Қала аумағына құрылыс салуды реттеудің жалпы ережелері

      Қала аумағына құрылыс салуды реттеудің жалпы ережелері бойынша Бас жоспарда мыналар көзделеді:
      қаланың қала құрылысы коды бойынша жалпы регламенттер мен шектеулерді сақтау;
      көше-жол желісінің схемасына сәйкес қызыл сызықтарды сақтау. Қызыл сызық шегіндегі көше-жол желісін дамытуға көзделген аумақтар қала әкімдігіне тиесілілер деп есептелсін;
      функционалдық аймақтар - селитебтік, коммуналдық-қойма, рекреациялық, қоғамдық және аймақтық орталықтардың шекараларын сақтау;
      республикалық және жалпықалалық маңызы бар инженерлік-көлік дәліздерінің шекараларын сақтау (инженерлік коммуникация мен құрылыстардың дәліздері).

Көлік инфрақұрылымын дамыту

      Бас жоспарда сыртқы көлік желісін, көше-жол желісін және жасанды инженерлік көлік құрылыстарын (жол өтпелері, түрлі деңгейдегі жол айрықтары) дамыту, автомобиль және автобус парктерін, автожанар-жағар май станциялары мен халыққа техникалық қызмет көрсету станциялары желісін құру көзделеді.
      Жақын жерде Алматы әуежайы мен I Алматы темір жол вокзалының болуы осындай үлгідегі объектілерді Голден Сити қаласының аумағында орналастыру орынсыз болып табылады. Осыған байланысты Бас жоспарда тек сыртқы автомобиль көлігін дамыту көзделді.
      Гейт және Голден Сити калалары біртұтас қаланы құрайды, сондықтан Голден Сити аумағында автовокзал салу орынсыз. Оны Голден Сити қаласының шығыс бөлігіне Алматы - Өскемен республикалық маңызы бар автомобиль жолдары мен ҮАААЖ қиылысының оңтүстік-шығысына қарай орналастыру ұсынылады. Бұл серіктес қалалардың республиканың бүкіл өңірлерімен және жақын және алыс шет елдермен байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің шешіміне сәйкес Алматы - Өскемен республикалық маңызы бар автомобиль жолы концессиялық негізде қайта жаңартылатын болады. Алматы - Өскемен және Байсерке - Қараой автожолдарының қиылысында концессионерлер "беде жапырағы" үлгісі бойынша екі деңгейлі автомобиль жол айрығын салынатын болады. Бас жоспарда мынадай магистральды көшелерді салу көзделген:
      қозғалысты реттейтін жалпықалалық маңызы бар - 17,2 километр;
      аудандық маңызы бар - 41,25 километр.
      Қаланың тұрғын аудандары арасындағы қатынастың қолайлығы үшін Алматы - Өскемен республикалық маңызы бар автожолы арқылы бір айрық жол қайта салынады (концессиялық негізде) және төрт эстакада салынады.
      Қоғамдық көлік желісінің ұзындығы 43 километрді құрайды. Жолаушы тасымалдауды игеру үшін қоғамдық көлік желісіне LRT - жеңіл рельс көлігі деп аталатын жүрдек көлік түрі енгізілді.
      Жеке автомобильдерді қою үшін Бас жоспарда есепті мерзімге 1000 тұрғынға 500 автомобиль автомобильдендіру деңгейіне сүйене отырып әр түрлі үлгідегі гараждар және тұрақты және уақытша қоюға арналған автотұрақтар салу көзделген.

ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ

      Қаланың инженерлік инфрақұрылымы су шаруашылығы кешенінің инфрақұрылымынан, энергетикалық кешен инфрақұрылымынан, байланыс инфрақұрылымынан тұрады.
      Сумен жабдықтау
      Голден Сити серіктес қаласының бас жоспары сумен жабдықтау жүйелерін дамытудың мынадай бағыттарын көздейді:
      су дайындау станциялары, II сорғы станциясы бар "Шығыс" және "Батыс" су жинағыларын салу, ұзындығы 37 километр магистральды су құбыры желілерін салу;
      қазіргі заманғы, көп жылға шыдамды энергия үнемдеу жабдықтары мен 1 құбыржолдарды қолдану есебінен сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділік деңгейін арттыру;
      су қорғау аймақтары жобасын әзірлеу есебінен жер асты сумен  жабдықтау көздерін тиімді қорғау жолымен қалаларды халықаралық стандартқа сай сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

Су бұру

      Голден Сити қаласының кәріз жүйесін дамыту бөлігінде бас жоспарда Мыналар көзделген:
      аэробтық-гравитациялық әдісті қолданып, ағындарды толық биологиялық жолмен тазалайтын кәріздік тазалау құрылыстарын салу;
      кәріздік сорғы станцияларын салу;
      ұзындығы 37 километр кәріз коллекторларын салу;
      аумақтарды ішінара босатып және рекультивациялап ағын сулардың тұнбасын толық өңдеуді, кәдеге жаратуды және рекультаивациялауды қамтамасыз ету;
      Гейт Сити және Голден Сити екі қаласына арналған көлемі 11,3 миллион текше метр ортақ су жинау тоғанын салу.

Аумақтың инженерлік дайындығы

      Қала аумағының инженерлік дайындығы өзіне мынадай іс-шараларды қамтиды:
      аумақтың тік түрде жоспарлануы;
      жер үсті ағынын ұйымдастыру;
      жасыл екпелерді суғаруды ұйымдастыру;
      аумақты топырақ суларының басып қалуынан қорғау;
      өзен арналарын абаттандыру.
      Рельефті құрылыс талаптарына қайта құру және бейімдеу және жер үсті сулары өздігінен ағатын жолдар төсеу үшін құрылыстың жекелеген учаскелерінде аумақты тұтас тік түрде жоспарлауды жүзеге асыру көзделген. Жер үсті суларының ағуына кедергі келтіретін ойық жерлер толтырылуда, жоталар мен дөңдер тегістелуде.
      Жобада жер үсті суы ағынын арнаулы тазарту құрылыстарына ұйымдасқан жинауды және бұруды жүзеге асыру ұсынылады. Магистралды жабық нөсер коллекторлары диаметрі 400-ден 1000 миллиметрге дейін битум жағылған қысымсыз темір-бетон құбырларынан көзделген. Ең төменгі орнату тереңдігі - 2,0 метр.
      Жобада жасыл екпелерді және аула маңы учаскелерін суаруды қолда бар суару көздерін және суару желісінің кейбір бөлігін пайдаланатын суару жүйесінің көмегімен жүзеге асыру ұсынылады.
      Жобаланып отырған аумақтың инженерлік-геологиялық жағдайларын жақсарту мақсатында бас жоспар жобасында қаланы топырақ суларының басып қалуынан инженерлік қорғау жөнінде бірқатар іс-шаралар әзірленді:
      қала аумағында кешенді дренаж жүйесін салу;
      нөсер және еріген суларды жинау және бұру жөніндегі іс-шараларды орындау;
      жұмыс істеп тұрған каналдардың арналарын тазалау;
      аумақты су басып қалудан қорғау жөнінде ескерту іс-шараларын әзірлеу және орындау;
      суару каналдарында суаратын суды сүзгіден өткізуді жою мақсатында, сүзгіден өткізуге қарсы экран орнату.
      Көлденең дренаж негізгі көшелер мен өту жолдарының бойында қолданыстағы су тасу коммуникацияларына қатар орнатылады. Кептіргіштер өту жолдары мен тұрғын көшелердің бойында, магистральды дренаж коллекторлар магистралды көшелердің газон бөлігіне төселеді.
      Осы жоба көгалдандыру жүйесін тұрғындардың серуендеуі және демалуына арналған орындармен өзендерді бойлай ұйымдастыруды ұсынады.
      Жобаланатын аумақ шегінде құрылысқа жақын өтетін өзендердің учаскелерінде жағалауды бекіту жұмыстарын орындау белгіленді:
      өзендер арнасының бүкіл ұзына бойы қоқыстар мен үйінділерден тазартылады, керексіз сағалар мен қайраңдар тегістеледі, тереңдетіледі, жойылады;
      өзен арналары темір-бетон плиталарымен немесе Г тәріздес блоктармен қаланады;
      өзен арналарын бойлай асфальтты-бетонды төсегіш немесе серуендеуге арналған тротуар плиткалары төселеді;
      жағалаулар бойына серуендеу жолдары салынып, жағалаулық аңғар құламалары түзетіледі;
      түзетілген аңғар құламаларына шым төселіп, жасыл екпелер егіліп нығайтылады;
      өзендер арнасының бүкіл ұзына бойына жобалау аумағының шегінде суға баратын баспалдақтар салынады;
      аңғар беткейінің үстінен, бойлай суды ұстап қалатын жыралар орналасады.

Жылумен жабдықтау

      Голден Ситиді жылумен жабдықтау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мыналарды көздейді:
      заман талабына сай технологиялар және жабдықтар базасында жекелеген тұтынушылардың қажеттілігі үшін орталықтандырылмаған жылумен жабдықтау жүйесіне дәстүрлі емес жылу көздерін тарта отырып, жылумен жабдықтау жүйелерін жетілдіру, техникалық жарақтандыру;
      қоршаған ортаға жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін тиімді энергия үнемдейтін технологиясы бар табиғи газбен жанатын қазіргі заманғы автоматтандырылған қазандықтар салу;
      қазіргі заманғы автоматтандырылған жоғары технологиялық шағын ЖЭС салу;
      қызмет ету мерзімін 50 жылға дейін арттыратын, зауыт жағдайында полимермен қапталған алдын ала оқшауланған құбыр өткізгіштердің каналсыз төселуін қолданып, ұзындығы 21,5 километр магистральды жылу желілерін салу.

Электрмен жабдықтау

      Голден Сити қаласын электрмен жабдықтау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мыналарды көздейді:
      табиғи газбен жұмыс істейтін (жиынтық куаты 112 МВт), екі автономдық электрмен жабдықтау көздері - шағын ЖЭО салу;
      10 кВ жаңа электр желілерінің 21,6 километрін салу.

Газбен жабдықтау

      Голден Сити қаласын газбен жабдықтау жүйесін дамыту бөлігінде бас жоспарда мыналар көзделген:
      жаңа АГРС-2 салу жолымен газбен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігі және сенімділігі;
      СГ-ЭК электр өлшеу кешені бар қазіргі заманға сай ГРП (ПГП-50, ПГБ-100, ПГБ-150) салу және жоғары қысымды газ құбырының 13,9 километр желісін және орта қысымды 18,7 километр желісін салу.
      Есептік мерзімге болжамды 259,6 мың текше метр газ тұтыну көлемі кешенді әдіспен шешілетін болады, атап айтқанда:
      "Солнечная" құрылымында жер асты газды сақтау қоймасын (ЖГҚ) салу Қарасай ауданы);
      Қытайға магистральды газ құбырын салу;
      "Алматы - Қапшағай" магистральды газ құбырын салу;
      "Байсерке - Талғар - Шелек" магистральды газ құбырын салу.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 2 қарашадағы
N 1740 қаулысына
1-қосымша    

Инвестицияның салалық құрылымы

Р/с
N

Сала

Жобалау кезеңіне барлығы, млрд. теңге

Жиынына %-бен

Құрылыстың 1-кезеңі

Оның ішінде қаржыландыру түрлері бойынша

Республикалық бюджет





Инвестицияның барлығы

461,1

100,0

164,9

41,8

29,5

90,8

2,8


соның ішінде:








1.

Тұрғын үй құрылысы

205,2

44,5

79,9

0,0

12,5

64,9

2,5

2.

Мәдени-тұрмыстыққұрылыс

148,2

32,1

35,2

5,7

7,5

22,0

0,0

3.

Көлік, барлығы

32,4

7,0

13,0

4,5

6,1

2,0

0,4


соның ішінде:








3.1

Сыртқы көлік

10,0


9,0

4,5

4,5

0,0

0,0

3.2

Қала ішіндегі көлік

15,0


1,5

0,0

0,4

0,7

0,4

3.3

Жол-көше желісі

7,4


2,5

0,0

1,2

1,3

0,0

4.

Инженерлік инфрақұрылым, барлығы

60,0

13,0

31,6

31,6

0,0

0,0

0,0


соның ішінде:








4.1

Сумен жабдықтау

6,6


2,2

2,2

0,0

0,0

0,0

4.2

Кәріз

14,6


6,0

6,0

0,0

0,0

0,0

4.3

Электрмен жабдықтау

21,3


19,1

19,1

0,0

0,0

0,0

4.4

Жылумен жабдықтау

15,5


3,3

3,3

0,0

0,0

0,0

4.5

Газбен жабдықтау

1,0


0,7

0,7

0,0

0,0

0,0

4.6

Телефон орнату

1,0


0,3

0,3

0,0

0,0

0,0

5.

Аумақты инженерлік дайындау

2,5

0,6

1,4

0,0

1,1

0,3

0,0

6.

Жасыл екпелерді отырғызуды ұйымдастыру

12,8

2,8

3,8

0,0

2,3

1,5

0,0

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 2 қарашадағы
N 1740 қаулысына
2-қосымша    

Құрылыстың I кезегіне арналған инвестициялардың жылдар бойынша
(2009 - 2013) құрылымы

Салалардың атауы

Бюджет қаражатының барлығы, 2009 - 2013 жылдар

Оның ішінде жылдар бойынша (млрд.теңге)

2009

2010

2011

2012

2013

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Инвестициялардың барлығы

89,2

43,8

4,6

0,6

14,0

11,9

31,0

13,8

28,0

7,7

11,6

9,8

соның ішінде:

























Тұрғын үй құрылысы

0,0

19,4

0,0

0,0

0,0

5,8

0,0

3,9

0,0

3,9

0,0

3,9

Мәдени тұрмыстық құрылысы

14,3

5,9

0,0

0,0

3,2

0,7

1,7

0,5

7,0

1,3

2,4

3,4

Көлік

6,0

8,0

0,0

0,6

3,0

3,7

3,0

3,7

0,0

0,0

0,0

0,0

Инженерлік инфрақұрылым

68,9

0,0

4,6

0,0

7,8

0,0

26,3

0,0

21,0

0,0

9,2

0,0

Аумақты инженерлік дайындау

0,0

3,4

0,0

0,0

0,0

1,0

0,0

1,0

0,0

0,7

0,0

0,7

Жасыл екпелерді отырғызуды ұйымдастыру

0,0

7,1

0,0

0,0

0,0

0,7

0,0

2,8

0,0

1,8

0,0

1,8

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 2 қарашадағы
N 1740 қаулысына
3-қосымша     

Голден Сити серіктес қаласының бас жоспары жобасының негізгі
техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Р/с

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Көрсеткіштер

Бастапқы жыл 2008 жыл

2013 I кезеңнің соңына

2020 жыл II кезеңнің соңына

2030 жыл III кезеңнің соңына

1.

Аумағы






1.1

Қала сызығының шегіндегі елді мекендер жерінің ауданы, барлығы

гектар

1869,0

1869,0

1869,0

1869,0

1.1.1

Қоғамдық және тұрғын құрылыстар, оның ішінде:

гектар

37,4

278,7

759,1

1148,5

1.1.1.1

үй маңындағы жер учаскелерімен бірге үй құрылыстары (600 м2)

гектар

-

92,5

300,9

512,4

1.1.1.2

үй маңындағы жер учаскелерімен бірге үй құрылыстары (300 м2)

гектар

-

39,7

128,9

219,6

1.1.1.3

үй маңындағы жер учаскелерімен бірге 2-3 қабатты тығыздығы жоғары құрылыстар (таунхаустар)

гектар

-

44,3

139,0

200,8

1.1.1.4

көп пәтерлі тұрғын үйлерімен орта қабатты құрылыстар, 5 қабатты құрылыс

гектар

-

67,2

67,1

67,2

1.1.1.5

көп пәтерлі тұрғын үйлерімен көп қабатты құрылыстар, 9-12 қабатты құрылыс

гектар

-

-

-

-

1.1.1.6

қоғамдық құрылыс

гектар

-

35,0

123,2

148,5

1.1.2

Өнеркәсіптік және коммуналдық-қойма құрылыстары, олардың ішінде:

гектар

-

40,4

64,6

101,9

1.1.2.1

өнеркәсіптік құрылыс

гектар

-

-

-

-

1.1.2.2

коммуналдық құрылыс

гектар

-

40,4

64,6

101,9

1.1.3

Көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар, олардың ішінде: сыртқы көлік (темір жол автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыржолдар)

гектар

343,9

170,3

170,3

170,3

1.1.4

Ормандар және орман саябақтары

гектар

48,0

-

-

-

1.1.5

Су айдындары мен акваторийлер, олардың ішінде:

гектар

-

-

-

-

1.1.5.1

өзендер, табиғи және жасанды су айдындары

гектар

-

-

-

-

1.1.5.2

су қорғау аймақтары

гектар

-

-

-

-

1.1.5.3

гидротехникалық құрылыстар

гектар

-

-

-

-

1.1.5.4

су шаруашылығы құрылыстары

гектар

-

-

-

-

1.1.6

Ауыл шаруашылығына пайдалану, олардың ішінде:

гектар

1379,7

-

-

-

1.1.6.1

жыртылған жерлер

гектар

1140

-

-

-

1.1.6.2

бақтар және жүзімдіктер

гектар

-

-

-

-

1.1.6.3

шабындықтар, жайылымдар

гектар

239,7

-

-

-

1.1.7

Жалпы пайдалану,  олардың ішінде:


-

113,0

318,6

448,3

1.1.7.1

көшелер, жолдар, өткелдер

гектар

-

91,2

197,6

314,4

1.1.7.2

су айдындары, жағажайлар, жағалаулар

гектар

-

-

-

-

1.1.7.3

саябақтар, скверлер, гүлзәрлар

гектар

-

21,8

121,0

133,9

1.1.7.4

жалпы пайдаланымдағы басқа да аумақтық объектілер

гектар

-

-

-

-

1.1.8

Резервтік, олардың ішінде:

гектар

-

1266,6

556,4

-

1.1.8.1

селитебтік аумақтарды дамыту үшін

гектар

-

1266,6

556,4

-

1.1.8.2

өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық аумақтарды дамыту үшін

гектар

-

-

-

-

1.1.8.3

рекреациялық және өзге аймақтарды ұйымдастыру үшін

гектар

-

-

-

-

1.1.9

Қолайсыз аумақтар

гектар

60,0

-

-

-

2.

Тұрғындар






2.1

Тұрғындар саны

адам

-

36323

71956

103000

2.2

Тұрғындардың табиғи қозғалысының көрсеткіштері:

адам

Жаңа қаланың жобалануына байланысты, деректер жоқ

2.2.1

өсімі

адам





2.2.2

кемуі

адам





2.3

Тұрғындардың көші-қон көрсеткіштері

адам

Жаңа қаланың жобалануына байланысты, деректер жоқ

2.3.1

өсімі

адам





2.3.2

кемуі

адам





2.4

Тұрғындардың тығыздығы






2.4.1

селитебті аумақ шегінде

адам гектарға

-

22

44

65

2.4.2

қала құрылысының аумағы шегінде

адам гектарға

-

19

39

55

2.5

Тұрғындардың жас құрылымы:






2.5.1

15 жасқа дейінгі балалар

адам

-

9262

18350

26265

%

-

25,5

25,5

25,5

2.5.2

еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар (16-62 жастағы ерлер, 16-57 жастағы әйелдер)

адам

-

23320

46195

66126

%

-

64,2

64,2

64,2

2.5.3

еңбекке қабілетті егде жастағы тұрғындар

адам

-

3741

7411

10609

%

-

10,3

10,3

10,3

2.6

Отбасы саны

бірлік

-

10378

20559

29424

2.7

Экономикалық белсенді тұрғындар

адам

-

19179

37993

54384

%

-

52,8

52,8

52,8

3.

Тұрғын үй құрылыстары






3.1

Тұрғын үй қоры, барлығы

жалпы ауданы мың шаршы метр

0

1017,1

2014,7

2883,6

%

-

100,0

100,0

100,0

3.2

Жалпы қордан






3.2.1

көп пәтерлі үйлерде, олардың ішінде:

жалпы ауданы мың шаршы метр


750,6

1148,3

1407,9

%


73,8

57,0

48,8


орта қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер, 5-қабатты құрылыстар

жалпы ауданы мың шаршы метр

-

564,5

564,5

564,5

%

-

55,5

28,0

19,6


көп қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер, 9-12 қабатты құрылыстар

жалпы ауданы мың шаршы метр

-

-

-

-

%

-

-

-

-


аз қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер, 2-3 қабатты құрылыстар (таунхаустар)

жалпы ауданы мың шаршы метр

-

186,1

583,8

843,4

%

-

18,3

29,0

29,2

3.2.2

мекен типіндегі үйлер, олардың ішінде:

жалпы ауданы мың шаршы метр


266,5

866,4

1475,7

%


26,2

43,0

51,2


мекен құрылысы (600 м2 учаскелерімен бірге)

жалпы ауданы мың шаршы метр

-

155,5

505,4

860,8

%

-

15,3

25,1

29,9


мекен құрылысы (300 м2 учаскелерімен бірге)

жалпы ауданы мың шаршы метр

-

111,0

361,0

614,9

%

-

10,9

17,9

21,3

3.3

Тұрғын үй қорының 70 % астам тозуы, барлығы

жалпы ауданы мың шаршы метр

Жаңа қаланың жобалануына байланысты, деректер жоқ

%





3.4

Жаңа тұрғын үй құрылысы

бірлік үйлер/пәтерлер

-

10378

20559

29424

жалпы ауданы мың шаршы метр

-

1017,1

2014,8

2883,6

3.5

Қабаты бойынша жаңа тұрғын үй құрылысының құрылымы, оның ішінде:

бірлік үйлер/пәтерлер

-

10378

20559

29424

жалпы ауданы мың шаршы метр

-

1017,1

2014,8

2883,6

3.5.1

Аз қабатты, олардың ішінде:

бірлік үйлер

-

4618

14799

23864

жалпы ауданы мың шаршы метр

-

425,6

1450,2

2319,1

3.5.1.1

үй маңындағы жер учаскелерімен мекен құрылысы (600 м2)

бірлік үйлер

-

1586

5158

8784

жалпы ауданы мың шаршы метр

-

155,5

505,4

860,8

3.5.1.2

үй маңындағы жер учаскелерімен мекен құрылысы (300 м2)

бірлік үйлер

-

1133

3684

6474

жалпы ауданы мың шаршы метр

-

111,0

361,0

614,9

3.5.1.3

2-3 қабатты тығыздығы жоғары құрылыстар (таунхаустар)

бірлік үйлер

-

1899

5957

8606

жалпы ауданы мың шаршы метр

-

186,1

583,8

843,4

3.5.2

көп қабатты көп пәтерлі

бірлік пәтерлер

-

5760

5760

5760

жалпы ауданы мың шаршы метр

-

564,5

564,5

564,5

3.5.2.1

5 қабатты құрылыстар

бірлік пәтерлер

-

5760

5760

5760

жалпы ауданы мың шаршы метр

-

564,5

564,5

564,5

3.6

Жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен орналасады:






3.6.1

бос тұрған аумақтарға

бірлік үйлер/пәтерлер

-

10378

20559

29424

жалпы ауданы мың шаршы метр

-

1017,1

2014,8

2883,6

3.7

Жылына орта есеппен жаңа тұрғын үй қорының жалпы алаңын іске қосу

мың шаршы метр

-

203,4

167,9

131,1

3.8

Тұрғын үй қорының қамтамасыз етілуі:






3.8.1

су құбырымен

жалпы тұрғын үй %

-

100

100

100

3.8.2

кәрізбен

жалпы тұрғын үй %

-

100

100

100

3.8.3

электр плиталармен

жалпы тұрғын үй %

-

73,8

57,0

48,8

3.8.4

газ плиталармен

жалпы тұрғын үй %

-

26,2

43,0

51,2

3.8.5

жылумен

жалпы тұрғын үй %

-

100

100

100

3.8.6

ыстық сумен

жалпы тұрғын үй %

-

100

100

100

3.9

Тұрғындардың пәтерлердің жалпы алаңымен орташа қамтамасыз етілуі

адам басына текше метр

-

28

28

28

4.

Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері






4.1

Мектепке дейінгі мекеме

орын

-

3634

6993

10300

4.1.1

қамтамасыз етілу деңгейі

%

-

100,0

100,0

100,0

4.1.2

1000 тұрғынға

орын

-

100,0

97,2

100,0

4.1.3

жаңа құрылыс

орын

-

3634

6993

10300

4.2

Жалпы білім беретін мекемелер

орын

-

6541

12945

18540

4.2.1

қамтамасыз етілу деңгейі

%

-

100,0

100,0

100,0

4.2.2

1000 тұрғынға

орын

-

180,1

179,9

180,0

4.2.3

жаңа құрылыс

орын

-

6541

12945

18540

4.3

Ауруханалар, барлығы/1000 адамға

төсек

-

-

618/8,6

618/6,0

4.4

Емханалар барлығы/ 1000 адамға

орын ауысумен қатысу

-

943/26,0

2120/29,5

2678/26,0

4.5

Әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері (интернат-үйлері), барлығы/ 1000 адам

орын

-

-

12294/170,8

12294/119,3

4.6

Ұзақ мерзімді демалыс мекемелері (демалыс үйлері, пансионаттар, оқушыларға арналған лагерлер және т.б.), барлығы/ 1000 адам

орын

-

Green City қаласында орналасқандар

4.7

Дене шынықтыру-спорт ғимараттары, барлығы/1000 адамға

гектар

-

25,0/0,7

47,0/0,7

72,0/0,7

4.8

Ойын-сауық-мәдениет мекемелері (театрлар, клубтар, кинотеатрлар, мұражайлар, көрме залдары ж/е т.б.), барлығы/1000 адамға

орын

-

933/26,0

13287/185,0

13287/129,0

4.9

Сауда кәсіпорындары, барлығы/ 1000 адамға

сауда алаңының шаршы метрі

-

10168/279,9

19652/273,1

28840/280,0

4.10

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, барлығы/ 1000 адамға

1000 тұрғынға отырғызу орны

-

1452/40,0

2838/39,5

4120/40,0

4.11

Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорны, барлығы /1000 адамдық

жұмыс орны

-

382/10,5

414/5,8

515/5,0

4.12

Өрт сөндіру депосы

авто-көлік.саны/ постылар

-

-

26

26

5.

Көлікпен қамтамасыз ету






5.1

Жолаушылар көлігі желілерінің ұзындығы, оның ішінде:

километр

-

12,14

26,54

37,38

5.1.1

электрлендірілген темір жол

километр

-

-

-

-

5.1.2

метрополитен

километр

-

-

-

-

5.1.3

жылдам жүретін трамвай (LRT)

километр

-

-

-

7,19

5.1.4

троллейбус

километр

-

-

-

-

5.1.5

автобус

километр

-

12,14

26,54

32,19

5.2

Магистральдық көшелер мен жолдардың ұзындығы, барлығы

километр

-

25,15

48,56

76,51

5.2.1

жылдам қозғалыс жолдары

километр

-

7,19

7,19

-

5.2.2

жалпықалалық маңызы бар магистралдар

километр

-

8,24

15,77

18,39

5.2.3

аудандық маңызы бар магистралдар

километр

-

16,91

32,49

58,12

5.3

Сыртқы көлік, оның ішінде:






5.3.1

темір жол жолаушылары

жылына мың жолаушы

-

-

-

-


жүк

жылына мың тонна

-

-

-

-

5.3.2

әуе жолаушылары

жылына мың жолаушы

-

-

-

-


жүк

жылына мың тонна

-

-

-

-

5.3.3

автомобиль жолаушылары

жылына мың жолаушы

-

-

-

-


жүк

жылына мың тонна

-

-

-

-

5.3.4

өзен жолаушылар

жылына мың жолаушы

-

-

-

-


жүк

жылына мың тонна

-

-

-

-

5.4

Көше-жол желісінің тығыздығы

километр/ шаршы километр

-

4,14

3,66

4,09

6.

Инженерлік жабдықтау






6.1

Сумен жабдықтау






6.1.1

тұтыну жиынтығы, барлығы, оның ішінде:

тәулігіне мың текше метр

-

24,77

51,17

70,0

6.1.1.1

шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына

тәулігіне мың текше метр

-

14,0

29,61

40,9

6.1.1.2

өндірістік мұқтаждарына

тәулігіне мың текше метр

-

10,77

21,56

29,0

6.1.2

Басты су құбыры құрылыстарының қуаты

тәулігіне мың текше метр

-

24,77

51,17

70,0

6.1.3.

орталықтандырылмаған көздер

тәулігіне мың текше метр

-

-

-

-

6.1.4

ҚКЗ жер асты суларының бекітілген қорлары

тәулігіне мың текше метр

-

151,2

-

-

6.1.5

Тәулігіне орташа есеппен 1 адамға су тұтыну, оның ішінде:

тәулігіне литр

-

682,0

711,0

679,0

6.1.5.1

шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына

тәулігіне литр

-

385,0

411,0

397,0

6.1.6

Суды екінші қайтара пайдалану

%

-

-

-

-

6.1.7

Желілердің ұзындығы

километр

-

7,5

24,0

30,0

6.2

Кәріз






6.2.1

Ағын сулардың жалпы түсімі, барлығы, оның ішінде:

тәулігіне мың текше метр

-

14,262

30,38

41,8

6.2.1.1

тұрмыстық кәріз

тәулігіне мың текше метр

-

11,98

25,52

35,11

6.2.1.2

өндірістік кәріз

тәулігіне мың текше метр

-

2,28

4,86

6,68

6.2.2

Кәріздік тазарту құрылыстарының өнімділігі

тәулігіне мың текше метр

-

14,262

30,38

41,8

6.2.3

Желілердің ұзындығы

километр

-

12,0

21,68

27,0

6.3

Электрмен жабдықтау






6.3.1

электр энергиясын тұтыну жиынтығы, оның ішінде

жылына МВт/сағ

-

206170

489720

639710

6.3.1.1

коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар

жылына МВт/сағ

-

206170

489720

639710

6.3.1.2

өндірістік мұқтаждықтар

МВт/сағ/ жылына


-

-

-

6.3.2

Жылына бір адамның шектрді орташа есеппен тұтынуы

сағатына кВт

-

1710

1710

1710

6.3.3

Жүктемелерді жабу көздері, ЖЭО

Миллион кВт

-

0,112

0,112

0,112

6.3.4

Желілердің ұзындығы

километр

-

2,3

9,7

17,5

6.4

Жылумен жабдықтау






6.4.1

Орталықтандырылған көздердің қуаты, барлығы, оның ішінде:

МВт

-

100

355

425

6.4.1.1

ЖЭО

МВт

-

40

75

75

6.4.1.2

ауданның қазандықтары

МВт

-

60

280

350

6.4.1.3

орамның қазандықтары

МВт

-

-

-

-

6.4.1.4

жергілікті көздердің жиынтық қуаты

МВт

-

49,01

159,34

271,38

6.4.2

Жылытуға тұтыну, барлығы

МВт

-

149,96

292,88

395,28


оның ішінде:






6.4.2.1

коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар

МВт

-

149,96

292,88

395,28

6.4.2.2

өндірістік мұқтаждар

МВт

-

-

-

-

6.4.3

Ыстық сумен жабдықтауды тұтыну, барлығы

МВт

-

12,20

21,36

27,28


оның ішінде:






6.4.3.1

коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар

МВт

-

12,20

21,36

27,28

6.4.3.2

өндірістік мұқтаждар

МВт

-

-

-

-

6.4.3.3

жылумен жабдықтаудың жергілікті көздерінің өнімділігі

МВт

-

-

-

-

6.4.4

Желілердің ұзындығы

километр

-

7,365

18,52

21,57

6.5

Газбен жабдықтау






6.5.1

Табиғи газды тұтыну, барлығы

жылына миллион текше метр

-

103,405

263,1

304,0


оның ішінде:






6.5.1.1

коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар

жылына миллион текше метр

-

15,0

58,4

82,8

6.5.1.2

өндірістік мұқтаждар

жылына миллион текше метр

-

88,405

204,7

221,2

6.5.2

Сұйытылған газды тұтыну,барлығы

тонн/жыл

-

-

-

-

6.5.3

Табиғи газды беру көздері

жылына миллион текше метр

"Алматы-Байсерке-Талғар" магистралдық газ құбыры

6.5.4

Қаланың жылу балансында газдың үлес салмағы

%


100

100

100

6.5.5

Желілердің ұзындығы

километр


5,0

12,8

12,8

6.6

Байланыс






6.6.1

Халықты телевизия хабарларымен қамту

халықтың %

-

100

100

100

6.6.2

Халықтың жалпы қолданыстағы телефон жүйесімен қамтамасыз етілуі

100 отбасыға нөмір

-

150

150

150

7.

Аумақты инженерлік дайындау






7.1

Нөсер кәрізінің жалпы ұзындығы

километр

-

16,0

33,6

41,6

7.2

Шайылу және үстемелеп салу, барлық көлемі және ауданы

гектарға млн. текше метр

-

0,75/6,3

2,25/60,3

5,65/179,1

7.3

Жағаны бекіту

километр

-

-

4,0

6,4

7.4

Топырақ суларының деңгейін төмендету

гектар

-

16,0

33,6

41,6

8.

Халыққа салт жоралық қызмет көрсету






8.1

Зираттың жалпы саны

гектар

-

-

-

25,0

9.

Қоршаған ортаны қорғау






9.1

Атмосфералық ауаға шығарылған зиянды заттардың көлемі

жылына мың тонн

-

0,53

1,32

1,84

9.2

Шығарылған ластанған сулардың жалпы көлемі

жылына миллион текше метр

-

4,982

10,614

14,60

9.3

Бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру

гектар

-

25,8

22,17

159,38

9.4

Санитарлық-қорғау аймағын және су қорғау аймағын көгалдандыру

гектар

-

288

576

824

9.5

Тұрмыстық қалдықтардың көлемі

жылына мың тонна

0,35

15,97

15,66

13,68

9.5.1

Қоқысты қайта өңдеу зауыты (Іле ауданының солтүстік-батыс бөлігінде Growing City қаласынан
14 километр, төрт
қаланың бүкіл халқын
ескеріп орналасқан)

зауыт саны/жылына мың тонна

-

-

-

1/120-350

10.

Инвестициялардың өсу тәртібімен шамамен көлемі

млрд. теңге

0

164,865

373,84

461,1