Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы N 1710 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары бекітілсін:
      1) "Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру";
      2) "Өзен кемелерін және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу";
      3) "Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу";
      4) "Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу";
      5) "Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу";
      6) "Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 29 қазандағы
N 1710 қаулысымен 
бекітілген    

"Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі — стандарт) шағын өлшемді кемелерді басқару құдығына куәлік беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының, "Қазақстан Республикасы су қоймаларында шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін регламенттейтін құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 1998 жылғы 10 тамыздағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 618 нөмірмен тіркелген) N 172 бұйрығымен бекітілген Кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау бойынша нұсқаулықтың негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет аттестаттау емтиханын жақсы тапсырған сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде көрсетіледі.
      Қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген мерзімі: 20 минуттан аспайды.
      Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік алу кезінде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген мерзімі: 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша орналасқан: www.mtk.gov.kz.
      10. Аумақтық органның жұмыс кестесі бес күндік жұмыс аптасын (9:00 - 18:30), оның ішінде түскі асқа үзілісті (13:00 - 14:30) құрайды. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. Емтиханды экстернмен қабылдау туралы мәселені шешу кезінде белгіленген құжаттарға қосымша аумақтық орган бастығының атына ұсыныс ресімделеді.
      11. Қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стендтермен жарақтандырылатын мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндіктері шектелген адамдарға жағдай жасалынған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар аумақтық орган ғимараттарында осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін тұтынушы мыналарды ұсынады:
      1) кеме жүргізушілерді дайындауды жүзеге асыратын оқу мекемелері беретін әуесқой кеме жүргізушілерді дайындау курстарын аяқтауы туралы анықтама;
      2) аумақтық орган беретін кеме жүргізушінің жеке карточкасы;
      3) тұтынушының тұрғылықты мекен-жайы бойынша денсаулық сақтау мекемелері беретін медициналық анықтамасы (N 083/У нысанындағы);
      4) 3x4 см өлшемдегі 3 сурет.
      Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру аттестаттау емтиханын жақсы тапсырғаннан кейін емтихан комиссиясы қорытындысының негізінде жүргізіледі.
      13. Кеме жүргізушінің белгіленген үлгідегі жеке карточкасының нысанын аумақтық орган қызметкері береді.
      14. Осы стандарттың 12-тармағында аталған құжаттар аумақты қорғанның кеңсесіне осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылады.
      Аумақтық орган мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде кеңсе қызметкері құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарды тіркеу кітабына тиісті жазба енгізеді. Ұсынылатын құжаттар осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес келмесе тұтынушыға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талабы бойынша оған құжаттарын қабылдаудан бас тартудың дәлелденген жазбаша растамасы беріледі.
      15. Осы стандарттың 12-тармағында аталған құжаттарды тапсырған
тұтынушыға емтихан парағы беріледі.
      Емтиханды аумақтық органдардың емтихан комиссиялары қабылдайды.
      Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына емтихан қабылдау шағын өлшемді кеме жүргізушілерді дайындау жөніндегі оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
      Емтихан комиссиясының отырысы кезінде хаттама жасалады, оған емтихан тапсырушылардың тегі, аты және әкесінің аты, қозғалтқыш қуатының (желкендердің ауданы) және әр емтихан тапсырушы үшін жүзу ауданының көрсеткіші көрсетілген емтихан тапсыру нәтижелері жазылады, хаттаманы түзетуге, өшіруге рұқсат етілмейді.
      Шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлік беру емтихан тапсырғаннан кейін емтихан комиссиясының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
      16. Шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлікті аумақтық органның кеңсесі иесіне шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлік беру журналына қол қойдырып береді.
      17. Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына емтиханды дұрыс тапсыра алмау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Аумақтық органның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақтауына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Аумақтық органның жұмыс нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін аумақтық органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген телефондар мен мекенжайлар бойынша аумақтық органдар кеңселерінің қызметкерлері түсіндіреді.
      22. Шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша аумақтық орган басшысының атына беріледі. Аумақтық органдардың басшылары шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда шағым бұдан әрі осы стандарттың 24-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына жіберіледі. Көліктік бақылау комитеті төрағасының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым бұдан әрі осы стандарттың 25-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі басшылығының атына жіберіледі.
      Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
      23. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымды қабылдап алған адам ұсынылған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген шағымның екінші нұсқасы не шағымның көшірмесі шағымның қабылданғандығын растайтын құжат болып табылады.
      Шағым заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта не электрондық почта арқылы хабарланады.

6. Байланыс жасау ақпараты

      24. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты аумақтық органдардың мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, электрондық почтаның мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 24-27-08.
      25. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, интернет-ресурсы: www.mtk.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 24-13-12.

"Шағын өлшемді   
кемелерді басқару 
құқығына куәлік беру"
мемлекеттік қызмет 
көрсету стандартына
1-қосымша     

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесі

Р/с
N

Бөлімшелердің атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық почтасының мекенжайы

1.

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша "Солтүстік"" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Көкшетау қ., Абай к-сі, 87

8-(7162) 25-69-93 ktk_akm@mtc.gov.kz

2.

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша "Батыс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Ақтөбе қ., 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы, 5А

8-(7132) 54-29-03 ktk_aktb@mtc.gov.kz

3.

Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша "Жетісу" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Талдықорған қ., Шевченко к-сі, 131

8-(7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc. gov. kz

4.

Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша "Каспий" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Атырау қ., Привокзальный 5 шағын ауданы, 17-үй

8-(7122) 26-16-33 ktk_atr@mtc.gov.lcz

5.

Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша "Сарыарқа" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Қарағанды қ., Гапеева к-сі, 5

8-(7212) 77-22-40 ktk_kar@mtc.gov.kz

6.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша "Ертіс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Павлодар қ., Бектұров к-сі,107

8-(7182) 32-06-39 ktk_pavl@mtc.gov. kz

7.

Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша "Оңтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Шымкент қ., Молдағұлова к-сі, нөмірсіз

8-(7252) 56-08-94 ktk_uko@mtc.gov.kz

"Шағын өлшемді  
кемелерді басқару
құқығына куәлік беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
2-қосымша     

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1.Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан артық күтпеген тұтынушылардың %-ы (үлесі)

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген есептемелер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесі)

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3.2. Тұтынушы құжаттарды бастапқыдан дұрыс толтырған және тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі)

3.3. Ол туралы ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтердің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 29 қазандағы
N 1710 қаулысымен   
бекітілген      

"Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу қызметін көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының, "Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысының (бұдан әрі — Ереже), сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1  қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - тіркеуші орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны шетел кемесіне Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзу құқығын уақытша ұсыну туралы куәлік беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      тіркеуші органға өтініш білдірген кезде;
      тіркеуші органның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушының қажетті құжаттары келіп түскен сәттен бастап отыз күнтізбелік күн;
      1) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;
      2) кеме куәлігін алған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды;
      ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде:
      1) құжаттарды ресімдеу мерзімі тіркеуші органға қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 10 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы болып табылады.
      Өзен кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым ставкасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы он бес еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      Тіркеуші органға өтініш білдірген кезде:
      демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліспен аптаның бес күнінде көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыс кестесі сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін.
      ХҚКО-на өтініш білдірген кезде:
      жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліссіз аптаның алты күнінде сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес ұсынылады. Қабылдау "электронды" кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет корсету қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкіндіктері шектелген адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар тіркеуші орган ғимараттарында жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет, сондай-ақ мүмкіндіктері шектелген тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген тұтынушының тұрғылықты орны бойынша ХҚКО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
      Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында тіркеуші орган мен ХҚКО-да жеке және заңды тұлғаларға арналған Шағымдану және ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін тұтынушы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, белгіленген нысандағы кеме тізілімінің сауалнамасын қамтитын кемені мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті ұсынады:
      1) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттар;
      2) "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесі беретін кеменің жүзуге жарамдылығы туралы куәлік;
      3) "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесі беретін өлшеу куәлігі ("өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелер үшін);
      4) тіркеуші орган беретін сыныптау куәлігі;
      5) "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесі беретін
жолаушылар куәлігі (жолаушылар кемесі үшін);
      6) өзен кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасының төленгендігін растайтын құжат;
      7) шетел кемесіне Қазақстан Республикасының туын уақытша көтеріп жүзу құқығын беру туралы және осы кеменің атауын белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі;
      8) жалға беру шарты;
      9) туын ауыстырғанға дейін кеме тікелей тіркелген шетелдік мемлекеттің құзыретті билік орындары берген және осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзіміне тоқтатыла тұрғандығын растайтын құжат;
      10) кеме иесінің және кеменің тіркелген ипотекасын немесе сондай сипаттағы тіркелген ауыртпалығын кепілге ұстаушының кемені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге ауыстыруға жазбаша рұқсаты;
      11) кемені қазақстандық жалға алушының аты мен мекен жайын растайтын құжат.
      Кемелерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
      құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған болуы тиіс;
      егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдік құжаттар белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде жария етілуі тиіс. Қажет болған жағдайларда қарауға, сондай-ақ оларға қатысты көрсетілген талаптар орындалған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылдануы мүмкін. Ұсынылатын құжаттар шет тілінде жасалған жағдайда, оларға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі;
      құжаттардың мәтіндері анық жазылған, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері қысқартусыз жазылуы, оларды растау талап етілетін даналарда қолы мен мөрі болуы тиіс;
      мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарда тазаланған не үстінен жазылған, сызылған сөздер және оларда ескерілмеген өзге де қолжазба немесе машинамен жазылған түзетулер, мазмұнын бір мағынада түсіндіруге мүмкіндік бермейтін бүлінген жерлері болуға тиісті емес, құжаттар қарындашпен жазылмауға тиіс;
      тіркеуге қажетті барлық құжаттар екі данада беріледі, олардың біреуі-түпнұсқа, ал екіншісі нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы тиіс. Түпнұсқа тіркелгеннен кейін құқық иесіне қайтарылуы тиіс.
      13. Белгіленген үлгідегі өтініштің және кеме тізілімі сауалнамасының нысанын тіркеуші органның қызметкері береді, сондай-ақ ол ХҚКО-ға күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не консультанттарда болады.
      14. Осы стандарттың 12-тармағында санамаланған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тіркеуші органның немесе ХҚКО-ның кеңсесіне көрсетіледі.
      Тіркеуші орган мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазу енгізеді. Ұсынылатын құжаттар осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде тұтынушыға құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талабы бойынша оған құжаттарын қабылдаудан бас тартудың дәлелденген жазбаша растамасы беріледі.
      ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ХҚКО-ның инспекторы осы стандарттың 12-тармағының талаптарына құжаттардың сәйкестігін тексеруді, журналда тіркеуді және жинақтаушы бөлімнің инспекторына құжаттарды беруді жүзеге асырады.
      ХҚКО жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинақтауды, тізілімді жасауды және тіркеуші органга женелтуді жүзеге асырады.
      Тіркеуші орган ХҚКО-дан құжаттардың пакетін алғаннан кейін олардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және отыз күнтізбелік күн ішінде өзен кемесін және оған құқықтарды тіркеуді жүргізеді.
      Тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) ұсынылған құжаттар тізбесінің Ережеде қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау және мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздеменің жоқ екендігін белгілеу;
      2) жазуларды жалға алынған шетелдік кемелердің тізіліміне енгізу;
      3) мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттар беру.
      Орындалған (дайын болған) құжаттар қолхатта көрсетілген беру мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын тіркеуші органнан ХҚКО-ға келіп түсуі тиіс.
      15. Тіркеуші орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға:
      1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
      2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттар берілетін күн (уақыт) мен орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған тіркеуші органның лауазымдық тұлғасының не ХҚКО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
      16. Шетел кемесіне Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлікті тіркеуші органның кеңсесі тұтынушыға өзен кемесі жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде тіркелгеннен кейін береді.
      ХҚКО-да тұтынушыға дайын болған құжаттарды беруді ХҚКО инспекторы "терезе" арқылы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін:
      1) мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті тиісті емес тұлғаның ұсынуы;
      2) Ережеде көзделген талаптардың орындалмауы.
      Тіркеуші орган ХҚКО-дан келіп түскен құжаттардың пакетінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға болатын жағдайларды анықтаған кезде, құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде кері қайтарудың жазбаша негіздемесімен бірге, оларды ХҚКО-ға қайтарады.
      Құжаттарды ХҚКО-ға қайтарған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді және тіркеуші органның бас тарту себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.
      Егер өтініш беруші құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда ХҚКО 1 ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды тіркеуші органға береді.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тіркеуші орган мен ХҚКО-ның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тіркеуші орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін тіркеуші органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген телефондар мен мекенжайлар бойынша аумақтық органдар кеңселерінің қызметкерлері түсіндіреді.
      ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда ХҚКО лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО-ның қызметкерлері түсіндіреді.
      22. Шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша аумақтық орган басшысының атына беріледі. Аумақтық органдар басшыларының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 24-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына жіберіледі. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 25-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі басшылығының атына жіберіледі.
      ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда, шағым сондай-ақ осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына берілуі мүмкін.
      Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
      23. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымды қабылдап алған адамның ұсынылған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымдық адамдардың байланыс деректері көрсетілген шағымның екінші нұсқасы не шағымның көшірмесі шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
      Шағым заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта не электрондық почта арқылы хабарланады.

6. Байланыс жасау ақпараты

      24. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты тіркеуші органның мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, электрондық почтасының мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz; қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 24-27-08.
      ХҚКО-ның мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
      25. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, интернет-ресурсы: www.mtk.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 24-13-12.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, N 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.

"Жалға алынған шетел кемелерінің
тізілімінде өзен кемелерін
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесі

Р/с
N

Бөлімшелердің атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық почтасының мекенжайы

1.

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша "Солтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Көкшетау қ., Абай к-сі, 87

8-(7162) 25-69-93 ktk_alcm@mtc.gov.kz

2.

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша "Батыс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Ақтөбе қ., 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы, 5А

8-(7132) 54-29-03 ktk_alctb@mtc.gov.kz

3.

Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша "Жетісу" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Талдықорған қ., Шевченко к-сі, 131

8-(7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc.gov.kz

4.

Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша "Каспий" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Атырау қ., Привокзальный 5-шағын ауданы, 17-үй

8-(7122) 26-16-33 ktk_atr@mtc. gov.kz

5.

Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша "Сарыарқа" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Қарағанды қ., Гапеева к-сі, 5

8-(7212) 77-22-40 ktk_kar@mtc.gov.kz

6.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша "Ертіс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Павлодар қ., Бектұров к-сі,107

8-(7182) 32-06-39 ktk_pavl@mtc.gov.kz

7.

Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша "Оңтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Шымкент қ., Молдағұлова к-сі, нөмірсіз

8-(7252) 56-08-94 ktk_uko@mtc.gov.kz

"Жалға алынған шетел кемелерінің 
тізілімінде өзен кемелерін  
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік 
қызмет көрсету стандартына   
2-қосымша            

Р/с
N

Орталықтардың атауы

Орталықтардың орналасқан мекенжайлары

Телефон нөмірі

1.

Ақмола облысының ХҚКО

Көкшетау, қ. Әуезов көш., 189 "а" үй

40-10-76

2.

Ақтөбе облысының ХҚКО

Ақтөбе қ., Тургенев көш., 109-үй

56-57-87

3.

Алматы облысының ХҚКО

Талдықорған қ., Тәуелсіздік көш., 67 "б" үй

24-41-33

4.

Атырау облысының ХҚКО

Атырау қ., Баймұханов көш., 6-үй

28-40-14

5.

Шығыс Қазақстан облысының ХҚКО

Өскемен қ., Белинский көш., 37 "а" үй

51-03-46

6.

Жамбыл облысының ХҚКО

Тараз қ., Қойгелді көш., 158 "а" үй

43-84-18

7.

Батыс Қазақстан облысының ХҚКО

Орал қ., Жамбыл көш., 81-үй

23-68-81

8.

Қарағанды облысының ХҚКО

Қарағанды қ., Чкалов көш., 7-үй

41-63-03

9.

Қостанай облысының ХҚКО

Қостанай қ., Таран көш., 114-үй

54-10-20

10.

Қызылорда облысының ХҚКО

Қызылорда қ., Мұратбаев көш., нөмірсіз

23-08-46

11.

Маңғыстау облысының ХҚКО

Ақтау, 15 ш/а, 67 "б" үй

31-85-16

12.

Павлодар облысының ХҚКО

Павлодар қ., Павлов кеш., 48-үй

33-47-55

13.

Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО

Петропавл қ., Әуезов көш., 157-үй

33-31-03

14.

Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚКО

Шымкент қ., Мәделі қожа көш., нөмірсіз

30-06-79

15.

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО

Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 221-үй

263-82-51

16.

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚКО

Алматы қ., Ходжанов көш., 9-үй

248-17-77

17.

Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО

Алматы қ., Төле би көш., 155-үй

378-47-01

18.

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО

Алматы қ., Марков көш., 44-үй

239-65-52

19.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының ХҚКО

Алматы қ., Зорге көш., 9-үй

234-09-35

20.

Астана қаласы Алматы ауданының N 1 ХҚКО

Астана қ., Жұбанов көш., 2-үй

37-02-06

21.

Астана қаласы Алматы ауданының N 2 ХҚКО

Астана қ., 70 "а" көш.

40-65-62

22.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 ХҚКО

Астана қ., Пушкин көш., 97-үй

32-42-79

23.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 ХҚКО

Астана қ., 81 көш., 85-үй

37-74-34

"Жалға алынған шетел кемелерінің 
тізілімінде өзен кемелерін   
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік 
қызмет көрсету стандартына   
3-қосымша           

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан артық күтпеген тұтынушылардың %-ы (үлесі)

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген есептемелер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесі)

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3.2. Тұтынушы құжаттарды бастапқыдан дұрыс толтырған және тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі)

3.3. Ол туралы ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтердің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

5.Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 29 қазандағы
N 1710 қаулысымен  
бекітілген     

"Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік
тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу" қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.
      2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының, "Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысының (бұдан әрі - Ереже), сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1  қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі — тіркеуші орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны кеме билетін беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына олардың тіркелген орны бойынша берілген сенімгерлік басқару негізінде шетелдік заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      тіркеуші органға өтініш білдірген кезде;
      тіркеуші органның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушының қажетті құжаттары келіп түскен сәттен бастап: отыз күнтізбелік күн;
      1) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;
      2) кеме билетін алған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды;
      ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде:
      1) құжаттарды ресімдеу мерзімі тіркеуші органға қажетті құжаттардың келіп түскен күнінен бастап отыз күнтізбелік күн (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 10 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады.
      Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алымдар тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым ставкалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және мыналар үшін келесіні құрайды:
      1) қуаттылығы 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын өлшемді кемелер — алым төленген күні қолданыстағы үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;
      2) қуаттылығы 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын өлшемді кемелер - алым төленген күні қолданыстағы екі еселенген айлық есептік көрсеткіш;
      3) өздігінен жүрмейтін шағын өлшемді кемелер - алым төленген күні қолданыстағы бір жарым еселенген айлық есептік көрсеткіш.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      Тіркеуші органға өтініш білдірген кезде:
      демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліспен аптаның бес күнінде көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыс кестесі сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін.
      ХҚКО-на өтініш білдірген кезде:
      жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліссіз аптаның алты күнінде сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес ұсынылады. Қабылдау "электронды" кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкіндіктері шектелген адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар тіркеуші орган ғимараттарында жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет, сондай-ақ мүмкіндіктері шектелген тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген тұтынушының тұрғылықты орны бойынша ХҚКО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
      Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында тіркеуші орган мен ХҚКО-да жеке және заңды тұлғаларға арналған Шағымдану және ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін тұтынушы мыналарды ұсынады:
      1) кеменің негізгі техникалық деректері, оның тұрақтау орны, иесінің атауы және заңды мекенжайы, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, тұрақты тұратын жері, жұмыс орны көрсетілген жазбаша өтініш, өтініштің нысанын тіркеуші органның қабылдауды жүргізетін қызметкері береді;
      2) шағын өлшемді кемені не кеме өз күшімен жасалған болса, материалдарды алғанын немесе сатып алғанын растайтын құжат (шоттар, дүкендердің тауарлық чектері, материалдарға анықтамалар, сатып алу-сату шарттары, сыйға беру актілері, мұраға қалғаны туралы куәліктер, сот шешімі және басқалары);
      3) шағын өлшемді кемелерді тұрақты тұратын орны (тіркеу) бойынша мемлекеттік тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртек;
      4) зауытта жасалған кеменің техникалық паспорты және сауда ұйымының олардың сатылғаны туралы белгісі бар қозғалтқыштың техникалық паспорты, ал жеке жасалған немесе қайта жабдықталған кемелер үшін - нормативтерге және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін кеме жасауға арналған құжаттар мен техникалық құжаттама.
      Кемелерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
      құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуы тиіс;
      егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдік құжаттар белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде жария етілуі тиіс. Қажет болған жағдайларда қарауға, сондай-ақ оларға қатысты көрсетілген талаптар орындалған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылдануы мүмкін. Ұсынылатын құжаттар шет тілінде жасалған жағдайда, оларға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі;
      құжаттардың мәтіндері анық жазылуы, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері қысқартусыз жазылуы, оларды растауды талап етілетін данасында қолы мен мөрі болуы тиіс;
      мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарда тазаланған не үстінен жазылған, сызылған сөздер және оларда ескерілмеген өзге де қолжазба немесе машинамен жазылған түзетулер, мазмұнын бір мағынада түсіндіруге мүмкіндік бермейтін бүлінген жерлері болуға тиісті емес, құжаттар қарындашпен жазылмауға тиіс;
      тіркеуге қажетті барлық құжаттар екі данада ұсынылады, олардың біреуі - түпнұсқа, ал екіншісі нотариалды куәландырылған көшірме болуы тиіс. Түпнұсқа тіркелгеннен кейін құқық иесіне қайтарылуы тиіс.
      13. Белгіленген үлгідегі өтініштің нысанын тіркеуші органның қызметкері береді, сондай-ақ ХҚКО-да күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не консультанттарда болады.
      14. Осы стандарттың 12-тармағында санамаланған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тіркеуші органның немесе ХҚКО-ның кеңсесіне көрсетіледі.
      Тіркеуші орган мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазу енгізеді. Ұсынылатын құжаттар осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде тұтынушыға құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талабы бойынша оған құжаттарын қабылдаудан бас тартудың дәлелденген жазбаша растамасы беріледі.
      ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ХҚКО-ның инспекторы осы стандарттың 12-тармағының талаптарына құжаттардың сәйкестігін тексеруді, журналда тіркеуді және жинақтаушы бөлімнің инспекторына құжаттарды беруді жүзеге асырады.
      ХҚКО жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинақтауды, тізілімді жасауды және тіркеуші органға жөнелтуді жүзеге асырады.
      Тіркеуші орган ХҚКО-дан құжаттардың пакетін алғаннан кейін олардың осы стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және отыз күнтізбелік күн ішінде өзен кемесін және оған құқықтарды тіркеуді жүргізеді.
      Тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) ұсынылған құжаттар тізбесінің Ережеде қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау және мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздеменің жоқ екендігін белгілеу;
      2) тіркеуден бас тарту үшін негіздемелер жоқ болған кезде кеме кітабына жазба енгізу;
      3) шағын өлшемді кемеге тіркеу нөмірін беру және кеме билетін ресімдеу.
      Орындалған (дайын болған) құжаттар қолхатта көрсетілген беру мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын тіркеуші органнан ХҚКО-ға келіп түсуі тиіс.
      15. Тіркеуші орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға:
      1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
      2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттар берілетін күн (уақыт) мен орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған тіркеуші органның лауазымдық тұлғасының не ХҚКО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
      16. Кеме билетін тіркеуші органның кеңсесі шағын өлшемді кемені кеме кітабына тіркегеннен кейін кеме билеттерін беру журналына қолын қойдырып иесіне береді.
      ХҚКО-да тұтынушыға дайын болған құжаттарды беруді ХҚКО инспекторы "терезе" арқылы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін, егер:
      1) мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті тиісті емес тұлғаның ұсынса;
      2) Ережеде көзделген талаптар сақталмаса.
      Тіркеуші орган ХҚКО-дан келіп түсетін құжаттардың пакетінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін жағдайларды анықтаған кезінде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды қайтару себептерін жазбаша негіздеп ХҚКО-ға қайтарады.
      Құжаттарды ХҚКО-ға қайтарған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді және тіркеуші органның бас тарту себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.
      Егер өтініш беруші құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда ХҚКО 1 ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды тіркеуші органға береді.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тіркеуші орган мен ХҚКО-ның қызметі адамның конститутциялық, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тіркеуші орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін тіркеуші органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген телефондар мен мекенжайлар бойынша аумақтық органдар кеңселерінің қызметкерлері түсіндіреді.
      ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда ХҚКО лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО-ның қызметкерлері түсіндіреді.
      22. Шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша аумақтық орган басшысының атына беріледі. Аумақтық органдар басшыларының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 24-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына жіберіледі. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 25-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі басшылығының атына жіберіледі.
      ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда, шағым сондай-ақ осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына берілуі мүмкін.
      Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
      23. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымды қабылдап алған адамның ұсынылған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымдық адамдардың байланыс деректері көрсетілген шағымның екінші нұсқасы не шағымның көшірмесі шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
      Шағым заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта не электрондық почта арқылы хабарланады.

6. Байланыс жасау ақпараты

      24. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты тіркеуші органның мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, электрондық почтасының мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz; қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 24-27-08.
      ХҚКО-ның мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
      25. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, интернет-ресурсы: www.mtk.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 24-13-12.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, N 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.

"Шағын өлшемді кемелерді 
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесі

Р/с
N

Бөлімшелердің атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық почтасының мекенжайы

1.

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша "Солтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Көкшетау қ., Абай к-сі, 87

8-(7162) 25-69-93 ktk_akm@mtc.gov.kz

2.

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша "Батыс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Ақтөбе қ., 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы, 5 А

8-(7132) 54-29-03 ktk_aktb@mtc.gov. kz

3.

Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша "Жетісу" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Талдықорған қ., Шевченко к-сі, 131

8-(7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc. gov. kz

4.

Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша "Каспий" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Атырау қ., Привокзальный 5 шағын ауданы, 17-үй

8-(7122) 26-16-33 ktk_atr@mtc.gov.kz

5.

Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша "Сарыарқа" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Қарағанды қ., Гапеева к-сі, 5

8-(7212) 77-22-40 ktk_kar@mtc.gov.kz

6.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша "Ертіс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Павлодар қ., Бектұров к-сі, 107

8-(7182) 32-06-39 ktk_pavl@mtc.gov.kz

7.

Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша "Оңтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Шымкент қ., Молдағұлова к-сі, нөмірсіз

8-(7252) 56-08-94 ktk_uko @mtc. gov.kz

"Шағын өлшемді кемелерді   
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына  
2-қосымша          

Р/с
N

Орталықтардың атауы

Орталықтардың орналасқан мекенжайлары

Телефон нөмірі

1

Ақмола облысының ХҚКО

Көкшетау, қ. Әуезов көш., 189 "а" үй

40-10-76

2

Ақтөбе облысының ХҚКО

Ақтөбе қ., Тургенев көш., 109-үй

56-57-87

3

Алматы облысының ХҚКО

Талдықорған қ., Тәуелсіздік көш., 61 "б" үй

24-41-33

4

Атырау облысының ХҚКО

Атырау қ., Баймұханов көш., 6-үй

28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының ХҚКО

Өскемен қ., Белинский көш., 37 "а" үй

51-03-46

6

Жамбыл облысының ХҚКО

Тараз қ., Қойгелді көш., 158 "а" үй

43-84-18

7

Батыс Қазақстан облысының ХҚКО

Орал қ., Жамбыл көш., 81-үй

23-68-81

8

Қарағанды облысының ХҚКО

Қарағанды қ., Чкалов көш., 7-үй

41-63-03

9

Қостанай облысының ХҚКО

Қостанай қ., Таран көш., 114-үй

54-10-20

10

Қызылорда облысының ХҚКО

Қызылорда қ., Мұратбаев көш., нөмірсіз

23-08-46

11

Маңғыстау облысының ХҚКО

Ақтау, 15 ш/а, 67 "б" үй

31-85-16

12

Павлодар облысының ХҚКО

Павлодар қ., Павлов көш., 48-үй

33-47-55

13

Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО

Петропавл қ., Әуезов көш., 157-үй

33-31-03

14

Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚКО

Шымкент қ., Мәделі қожа көш., нөмірсіз

30-06-79

15

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО

Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 221-үй

263-82-51

16

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚКО

Алматы қ., Ходжанов көш., 9-үй

248-17-77

17

Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО

Алматы қ., Төле би көш., 155-үй

378-47-01

18

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО

Алматы қ., Марков көш., 44-үй

239-65-52

19

Алматы қаласы Түрксіб ауданының ХҚКО

Алматы қ., Зорге көш., 9-үй

234-09-35

20

Астана қаласы Алматы ауданының N 1 ХҚКО

Астана қ., Жұбанов көш., 2-үй

37-02-06

21

Астана қаласы Алматы ауданының N 2 ХҚКО

Астана қ., 70 "а" көш.

40-65-62

22

Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 ХҚКО

Астана қ., Пушкин көш., 97-үй

32-42-79

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 ХҚКО

Астана қ., 81 көш., 85-үй

37-74-34

"Шағын өлшемді кемелерді   
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына  
3-қосымша          

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан артық күтпеген тұтынушылардың %-ы (үлесі)

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтунышылардың %-ы (үлесі)

2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген есептемелер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесі)

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3.2. Тұтынушы құжаттарды бастапқыдан дұрыс толтырған және тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі)

3.3. Ол туралы ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтердің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 29 қазандағы
N 1710 қаулысымен  
бекітілген       

"Өзен кемелерін және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме
тізілімінде мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Өзен кемелерін және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) өзен кемелерін және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.
      2. Мемлекеттік қызметін тіркеу нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының, "Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысының, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1  қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - тіркеуші орган) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекен-жайлар бойынша, сондай-ақ балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны кеме куәлігін беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      тіркеуші органға өтініш білдірген кезде;
      тіркеуші органның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушының қажетті құжаттары келіп түскен сәттен бастап отыз күнтізбелік күн;
      1) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;
      2) кеме куәлігін алған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды;
      ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде:
      1) құжаттарды ресімдеу мерзімі тіркеуші органға қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 10 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады.
      Өзен кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым ставкалар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы он бес еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      Тіркеуші органға өтініш білдірген кезде:
      демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліспен аптаның бес күнінде көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыс кестесі сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін.
      ХҚКО-на өтініш білдірген кезде:
      жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліссіз аптаның алты күнінде сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес ұсынылады. Қабылдау "электронды" кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкіндіктері шектелген адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар тіркеуші орган ғимараттарында жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет, сондай-ақ мүмкіндіктері шектелген тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген тұтынушының тұрғылықты орны бойынша ХҚКО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
      Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында тіркеуші орган мен ХҚКО-да жеке және заңды тұлғаларға арналған Шағымдану және ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін тұтынушы мынадай құжаттар қоса берілген белгіленген нысандағы кеме тізілімінің сауалнамасын қамтитын кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті ұсынады:
      1) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттар;
      2) "Кеме қатынасы тіркелімі" мемлекеттік мекемесі беретін жүзуге жарамдылық туралы куәлік;
      3) "Кеме қатынасы тіркелімі" мемлекеттік мекемесі беретін өлшеу куәлігі ("өзен-теңіз" суларында жүзу кемелері үшін);
      4) тіркеуші орган беретін сыныптау куәлігі;
      5) "Кеме қатынасы тіркелімі" мемлекеттік мекемесі беретін жолаушылар куәлігі (жолаушылар кемесі үшін);
      6) өзен кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасының төленгендігін растайтын құжат.
      Кемелерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
      құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған болуы тиіс;
      құжаттардың мәтіндері анық жазылған, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері қысқартусыз жазылуы, оларды растау талап етілетін даналарда қолы мен мөрі болуы тиіс;
      мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарда тазаланған не үстінен жазылған, сызылған сөздер және оларда ескерілмеген өзге де қолжазба немесе машинамен жазылған түзетулер, мазмұнын бір мағынада түсіндіруге мүмкіндік бермейтін бүлінген жерлері болуға тиісті емес, құжаттар қарындашпен жазылмауға тиіс;
      тіркеуге қажетті барлық құжаттар екі данада беріледі, олардың біреуі-түпнұсқа, ал екіншісі нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы тиіс. Түпнұсқа тіркелгеннен кейін құқық иесіне қайтарылуы тиіс.
      13. Белгіленген үлгідегі өтініштің және кеме тізілімі сауалнамасының нысанын тіркеуші органның қызметкері береді, сондай-ақ ХҚКО-ға күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не консультанттарда болады.
      14. Осы стандарттың 12-тармағында санамаланған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тіркеуші органның немесе ХҚКО-ның кеңсесіне көрсетіледі.
      Тіркеуші орган мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазу енгізеді. Ұсынылатын құжаттар осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде тұтынушыға құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талабы бойынша оған құжаттарын қабылдаудан бас тартудың дәлелденген жазбаша растамасы беріледі.
      ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ХҚКО-ның инспекторы осы стандарттың 12-тармағының талаптарына құжаттардың сәйкестігін тексеруді, журналда тіркеуді және жинақтаушы бөлімнің инспекторына құжаттарды беруді жүзеге асырады.
      ХҚКО жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинақтауды, тізілімді жасауды және тіркеуші органға жөнелтуді жүзеге асырады.
      Тіркеуші орган ХҚКО-дан құжаттардың пакетін алғаннан кейін олардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және отыз күнтізбелік күн ішінде өзен кемесін және оған құқықтарды тіркеуді жүргізеді.
      Тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) ұсынылған құжаттар тізбесінің Ережеде қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау және мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздеменің жоқ екендігін белгілеу;
      2) мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздемелер жоқ болған кезде жазбаларды Мемлекеттік кеме тізіліміне енгізу;
      3) мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттарды беру.
      Орындалған (дайын болған) құжаттар қолхатта көрсетілген беру мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын тіркеуші органнан ХҚКО-ға келіп түсуі тиіс.
      15. Тіркеуші орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде
тұтынушыға:
      1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
      2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттар берілетін күн (уақыт) мен орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған тіркеуші органның лауазымдық тұлғасының не ХҚКО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
      16. Кеме куәлігін тіркеуші органның кеңсесі өзен кемесін және оған құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркегеннен кейін иесіне беріледі.
      ХҚКО-да тұтынушыға дайын болған құжаттарды беруді ХҚКО инспекторы "терезе" арқылы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін, егер:
      1) мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті тиісті емес тұлға ұсынса;
      2) Ережеде көзделген талаптар сақталмаса.
      Тіркеуші орган ХҚКО-дан келіп түсетін құжаттардың пакетінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін жағдайларды анықтаған кезде, құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жазбаша негіздеп ХҚКО-ға қайтарады.
      Құжаттарды ХҚКО-ға қайтарған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді және тіркеуші органның бас тарту себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.
      Егер өтініш беруші құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда ХҚКО 1 ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды тіркеуші органға береді.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тіркеуші орган мен ХҚКО-ның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тіркеуші орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін тіркеуші органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметті корсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген телефондар мен мекенжайлар бойынша аумақтық органдар кеңселерінің қызметкерлері түсіндіреді.
      ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда ХҚКО лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО-ның қызметкерлері түсіндіреді.
      22. Шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша аумақтық орган басшысының атына беріледі. Аумақтық органдар басшыларының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 24-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына жіберіледі. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 25-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі басшылығының атына жіберіледі.
      ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда, шағым сондай-ақ осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына берілуі мүмкін.
      Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
      23. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымды қабылдап алған адамның ұсынылған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымдық адамдардың байланыс деректері көрсетілген шағымның екінші нұсқасы не шағымның көшірмесі шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
      Шағым заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта не электрондық почта арқылы хабарланады.

6. Байланыс жасау ақпараты

      24. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты тіркеуші органның мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, электрондық почтасының мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz; қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 24-27-08.
      ХҚКО-ның мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
      25. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, интернет-ресурсы: www.mtk.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 24-13-12.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, N 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.

"Өзен кемелерін және оларға құқықтарды
Мемлекеттік кеме тізілімінде     
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына          
1-қосымша               

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесі

Р/с
N

Бөлімшелердің атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық почтасының мекенжайы

1.

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша "Солтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Көкшетау қ., Абай к-сі, 87

8-(7162) 25-69-93 ktk_acm@mtc.gov.kz

2.

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша "Батыс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Ақтөбе қ., 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы, 5А

8-(7132) 54-29-03 ktk_actb@mtc.gov.kz

3.

Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша "Жетісу" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Талдықорған қ., Шевченко к-сі, 131

8-(7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc. gov.kz

4.

Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша "Каспий" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Атырау қ., Привокзальный 5-шағын ауданы, 17-үй

8-(7122) 26-16-33 ktk_atr@mtc. gov.kz

5.

Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша "Сарыарқа" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Қарағанды қ., Гапеева к-сі, 5

8-(7212) 77-22-40 ktlc_kar@mtc. gov.kz

6.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша "Ертіс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Павлодар қ., Бектұров к-сі, 107

8-(7182) 32-06-39 ktk_pavl@mtc.gov. kz

7.

Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша "Оңтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Шымкент қ., Молдағұлова к-сі, нөмірсіз

8-(7252) 56-08-94 ktk_uko@mtc.gov.kz

"Өзен кемелерін және оларға құқықтарды
Мемлекеттік кеме тізілімінде    
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына         
2-қосымша              

Р/с
N

Орталықтардың атауы

Орталықтардың орналасқан мекенжайлары

Телефон нөмірі

1

Ақмола облысының ХҚКО

Көкшетау, қ. Әуезов көш., 189 "а" үй

40-10-76

2

Ақтөбе облысының ХҚКО

Ақтөбе қ., Тургенев көш., 109-үй

56-57-87

3

Алматы облысының ХҚКО

Талдықорған қ., Тәуелсіздік көш., 67 "б" үй

24-41-33

4

Атырау облысының ХҚКО

Атырау қ., Баймұханов көш., 6-үй

28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының ХҚКО

Өскемен қ., Белинский көш., 37 "а" үй

51-03-46

6

Жамбыл облысының ХҚКО

Тараз қ., Қойгелді көш., 158 "а" үй

43-84-18

7

Батыс Қазақстан облысының ХҚКО

Орал қ., Жамбыл көш., 81-үй

23-68-81

8

Қарағанды облысының ХҚКО

Қарағанды қ., Чкалов көш., 7-үй

41-63-03

9

Қостанай облысының ХҚКО

Қостанай қ., Таран көш., 114-үй

54-10-20

10

Қызылорда облысының ХҚКО

Қызылорда қ., Мұратбаев көш., нөмірсіз

23-08-46

11

Маңғыстау облысының ХҚКО

Ақтау, 15 ш/а, 67 "б" үй

31-85-16

12

Павлодар облысының ХҚКО

Павлодар қ., Павлов көш., 48-үй

33-47-55

13

Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО

Петропавл қ., Әуезов көш., 157-үй

33-31-03

14

Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚКО

Шымкент қ., Мәделі қожа көш., нөмірсіз

30-06-79

15

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО

Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 221-үй

263-82-51

16

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚКО

Алматы қ., Ходжанов көш., 9-үй

248-17-77

17

Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО

Алматы қ., Төле би көш., 155-үй

378-47-01

18

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО

Алматы қ., Марков көш., 44-үй

239-65-52

19

Алматы қаласы Түрксіб ауданының ХҚКО

Алматы қ., Зорге көш., 9-үй

234-09-35

20

Астана қаласы Алматы ауданының N 1 ХҚКО

Астана қ., Жұбанов көш., 2-үй

37-02-06

21

Астана қаласы Алматы ауданының N 2 ХҚКО

Астана қ., 70 "а" көш.

40-65-62

22

Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 ХҚКО

Астана қ., Пушкин көш., 97-үй

32-42-79

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 ХҚКО

Астана қ., 81 көш., 85-үй

37-74-34

"Өзен кемелерін және оларға құқықтарды
Мемлекеттік кеме тізілімінде      
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет 
көрсету стандартына           
3-қосымша                 

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан артық күтпеген тұтынушылардың %-ы (үлесі)

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген есептемелер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесі)

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3.2. Тұтынушы құжаттарды бастапқыдан дұрыс толтырған және тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі)

3.3. Ол туралы ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтердің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 29 қазандағы
N 1710 қаулысымен   
бекітілген       

"Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу"
мемлекеттік қызмет көрсету
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) қызметтің аталған түрін мемлекеттік реттеу, көлік қызметі нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оларды тұтынушылардың мүдделерін қорғау, темір жол жылжымалы құрамының бірыңғай мемлекеттік деректер банкінің болуын және жұмысқа қабілеттігін қалыптастыру, қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында темір жол көлігімен жолаушыларды, жүктерді және багажды тасымалдау жөніндегі қызметте пайдаланылатын темір жол жылжымалы құрамын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі — мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының, "Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1948 нөмірмен тіркелген), сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - тіркеуші орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      тіркеуші органға өтініш білдірген кезде;
      тіркеуші органның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушының қажетті құжаттары келіп түскен сәттен бастап: отыз күнтізбелік күн;
      1) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;
      2) темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды;
      ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде:
      1) құжаттарды ресімдеу мерзімі тіркеуші органға қажетті құжаттардың келіп түскен күнінен бастап отыз күнтізбелік күн (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 10 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      Тіркеуші органға өтініш білдірген кезде:
      демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліспен аптаның бес күнінде көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыс кестесі сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін.
      ХҚКО-на өтініш білдірген кезде:
      жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліссіз аптаның алты күнінде сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес ұсынылады. Қабылдау "электронды" кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкіндіктері шектелген адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар тіркеуші орган ғимараттарында жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет, сондай-ақ мүмкіндіктері шектелген тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген тұтынушының тұрғылықты орны бойынша ХҚКО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
      Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында тіркеуші орган мен ХҚКО-да жеке және заңды тұлғаларға арналған Шағымдану және ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін жеке тұлға мыналарды ұсынады:
      1) қабылдауды жүргізетін тіркеуші орган қызметкері беретін белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) жеке тұлғаның қолымен куәландырылған темір жол жылжымалы құрамының қолда бар мүкәммал паркінің, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы немесе мүліктік жалдаудағы тізбесі;
      3) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) темір жол жылжымалы құрамын иеліктен шығару шартының немесе сенімгерлік басқаруға беру шартының немесе мүлікті жалдау (жалға алу) шартының көшірмесі;
      5) темір жол жылжымалы құрамына арналған техникалық паспорт.
      Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін заңды тұлға мыналарды ұсынады:
      1) қабылдауды жүргізетін тіркеуші орган қызметкері беретін белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) заңды тұлғаның бірінші басшысының және бас бухгалтерінің қолымен куәландырылған темір жол жылжымалы құрамының қолда бар мүкәммал паркінің, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы немесе мүліктік жалдаудағы тізбесі;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      4) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттар;
      5) темір жол жылжымалы құрамын иеліктен айыру шартының немесе сенімгерлік басқаруға беру шартының немесе мүлікті жалдау (жалға алу) шартының көшірмесі;
      6) темір жол жылжымалы құрамына арналған техникалық паспорт.
      Темір жол жылжымалы құрамын тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
      құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған болуы тиіс;
      егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдік құжаттар белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде жария етілуі тиіс. Қажет болған жағдайларда қарауға, сондай-ақ оларға қатысты көрсетілген талаптар орындалған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылдануы мүмкін. Ұсынылатын құжаттар шет тілінде жасалған жағдайда оларға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі;
      құжаттардың мәтіндері анық жазылған, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері қысқартусыз жазылуы, оларды растау талап етілетін даналарда қолы мен мөрі болуы тиіс;
      мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарда тазаланған не үстінен жазылған, сызылған сөздер және оларда ескерілмеген өзге де қолжазба немесе машинамен жазылған түзетулер, мазмұнын бір мағынада түсіндіруге мүмкіндік бермейтін бүлінген жерлері болуға тиісті емес, құжаттар қарындашпен жазылмауға тиіс;
      тіркеуге қажетті барлық құжаттар екі данада беріледі, олардың біреуі-түпнұсқа, ал екіншісі нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы тиіс. Түпнұсқа тіркелгеннен кейін құқық иесіне қайтарылуы тиіс.
      13. Белгіленген үлгідегі өтініштің нысанын тіркеуші органның қызметкері береді, сондай-ақ ХҚКО-ға күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не консультанттарда болады.
      14. Осы стандарттың 12-тармағында санамаланған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тіркеуші органның немесе ХҚКО-ның кеңсесіне көрсетіледі.
      Тіркеуші орган мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазу енгізеді. Ұсынылатын құжаттар осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде тұтынушыға құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талабы бойынша оған құжаттарын қабылдаудан бас тартудың дәлелденген жазбаша растамасы беріледі.
      ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ХҚКО-ның инспекторы осы стандарттың 12-тармағының талаптарына құжаттардың сәйкестігін тексеруді, журналда тіркеуді және жинақтаушы бөлімнің инспекторына құжаттарды беруді жүзеге асырады.
      ХҚКО жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинақтауды, тізілімді жасауды және тіркеуші органға жөнелтуді жүзеге асырады.
      Тіркеуші орган ХҚКО-дан құжаттардың пакетін алғаннан кейін олардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және отыз күнтізбелік күн ішінде темір жол жылжымалы құрамын тіркеуді жүргізеді.
      Тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) ұсынылған құжаттар тізбесінің Ережеде қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау және мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздеменің жоқ екендігін белгілеу;
      2) жазбаларды Темір жол жылжымалы құрамының мемлекеттік тізіліміне енгізу;
      3) мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттар беру.
      Орындалған (дайын болған) құжаттар қолхатта көрсетілген беру мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын тіркеуші органнан ХҚКО-ға келіп түсуі тиіс.
      15. Тіркеуші орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде
тұтынушыға:
      1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
      2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттар берілетін күн (уақыт) мен орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған тіркеуші органның лауазымдық тұлғасының не ХҚКО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
      16. Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тіркеуші органның кеңсесі темір жол жылжымалы құрамының иесіне (өкіліне) темір жол жылжымалы құрамының куәліктерін беру тізіліміне қол қоя отырып, жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсынған кезде береді.
      ХҚКО-да тұтынушыға дайын болған құжаттарды беруді ХҚКО инспекторы "терезе" арқылы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін:
      1) жеке және заңды тұлғалар осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбағанда;
      2) жеке және заңды тұлғалар ұсынған құжаттар Ереженің талаптарына сәйкес келмегенде;
      3) тіркеуші органға ұсынылған құжаттарда өшірулердің, қолмен немесе машинамен жазылған түзетулер болғанда немесе оларды растауды талап ететін даналарында қолы және мөр болмағанда.
      Тіркеуші орган ХҚКО-дан келіп түсетін құжаттар пакетінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға болатын жағдайларды анықтаған кезде, құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды кері қайтару себептерінің жазбаша негіздемесімен бірге ХҚКО-ға қайтарады.
      Құжаттарды ХҚКО-ға қайтарған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді және тіркеуші органның бас тарту себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.
      Егер өтініш беруші құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда ХҚКО 1 ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды тіркеуші органға береді.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тіркеуші орган мен ХҚКО-ның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тіркеуші орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін тіркеуші органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген телефондар мен мекенжайлар бойынша аумақтық органдар кеңселерінің қызметкерлері түсіндіреді.
      ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда ХҚКО лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО-ның қызметкерлері түсіндіреді.
      22. Шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша аумақтық орган басшысының атына беріледі. Аумақтық органдар басшыларының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 24-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына жіберіледі. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 25-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі басшылығының атына жіберіледі.
      ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда, шағым сондай-ақ осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына берілуі мүмкін.
      Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
      23. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымды қабылдап алған адамның ұсынылған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымдық адамдардың байланыс деректері көрсетілген шағымның екінші нұсқасы не шағымның көшірмесі шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
      Шағым заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта не электрондық почта арқылы хабарланады.

6. Байланыс жасау ақпараты

      24. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты тіркеуші органның мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, электрондық почтасының мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz; қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 24-27-08.
      ХҚКО-ның мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
      25. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, интернет-ресурсы: www.mtk.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 24-13-12.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, N 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.

"Темір жол жылжымалы   
құрамын тіркеу" мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесі

Р/с
N

Бөлімшелердің атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық почтасының мекенжайы

1.

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша "Солтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Көкшетау қ., Абай к-сі, 87

8-(7162) 25-69-93 ktk_akm@mtc.gov.kz

2.

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша "Батыс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Ақтөбе қ., 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы, 5 А

8-(7132) 54-29-03 ktk_aktb@mtc. gov.kz

3.

Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша "Жетісу" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Талдықорған қ., Шевченко к-сі, 131

8-(7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc.gov.kz

4.

Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша "Каспий" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Атырау қ., Привокзальный 5-шағын ауданы, 17-үй

8-(7122) 26-16-33 ktk_atr@mtc.gov.kz

5.

Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша "Сарыарқа" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Қарағанды қ., Гапеева к-сі, 5

8-(7212) 77-22-40 ktk_kar@mtc.gov.kz

6.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша "Ертіс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Павлодар к., Бектұров к-сі,107

8-(7182) 32-06-39 ktk_pavl@mtc.gov.kz

7.

Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша "Оңтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Шымкент қ., Молдағұлова к-сі, нөмірсіз

8-(7252) 56-08-94 ktk_uko@mtc.gov.kz

"Темір жол жылжымалы  
құрамын тіркеу" мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
2-қосымша        

Р/с
N

Орталықтардың атауы

Орталықтардың орналасқан мекенжайлары

Телефон нөмірі

1

Ақмола облысының ХҚКО

Көкшетау, қ. Әуезов көш., 189 "а" үй

40-10-76

2

Ақтөбе облысының ХҚКО

Ақтөбе қ., Тургенев көш., 109-үй

56-57-87

3

Алматы облысының ХҚКО

Талдықорған қ., Тәуелсіздік көш., 67 "б" үй

24-41-33

4

Атырау облысының ХҚКО

Атырау қ., Баймұханов көш., 6-үй

28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының ХҚКО

Өскемен қ., Белинский көш., 37 "а" үй

51-03-46

6

Жамбыл облысының ХҚКО

Тараз қ., Қойгелді көш., 158 "а" үй

43-84-18

7

Батыс Қазақстан облысының ХҚКО

Орал қ., Жамбыл көш., 81-үй

23-68-81

8

Қарағанды облысының ХҚКО

Қарағанды қ., Чкалов көш., 7-үй

41-63-03

9

Қостанай облысының ХҚКО

Қостанай қ., Таран көш., 114-үй

54-10-20

10

Қызылорда облысының ХҚКО

Қызылорда қ., Мұратбаев көш., нөмірсіз

23-08-46

11

Маңғыстау облысының ХҚКО

Ақтау, 15 ш/а, 67 "б" үй

31-85-16

12

Павлодар облысының ХҚКО

Павлодар қ., Павлов көш., 48-үй

33-47-55

13

Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО

Петропавл қ., Әуезов көш., 157-үй

33-31-03

14

Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚКО

Шымкент қ., Мәделі қожа көш., нөмірсіз

30-06-79

15

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО

Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 221-үй

263-82-51

16

Алматы каласы Бостандық ауданының ХҚКО

Алматы қ., Ходжанов көш., 9-үй

248-17-77

17

Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО

Алматы қ., Төлеби көш., 155-үй

378-47-01

18

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО

Алматы қ., Марков көш., 44-үй

239-65-52

19

Алматы қаласы Түрксіб ауданының ХҚКО

Алматы қ., Зорге көш., 9-үй

234-09-35

20

Астана қаласы Алматы ауданының N 1 ХҚКО

Астана қ., Жұбанов көш., 2-үй

37-02-06

21

Астана қаласы Алматы ауданының N 2 ХҚКО

Астана қ., 70 "а" көш.

40-65-62

22

Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 ХҚКО

Астана қ., Пушкин көш., 97-үй

32-42-79

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 ХҚКО

Астана қ., 81 көш., 85-үй

37-74-34

"Темір жол жылжымалы  
құрамын тіркеу" мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
3-қосымша        

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан артық күтпеген тұтынушылардың %-ы (үлесі)

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген есептемелер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесі)

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3.2. Тұтынушы құжаттарды бастапқыдан дұрыс толтырған және тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі)

3.3. Ол туралы ақпаратқа интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтердің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 29 қазандағы
N 1710 қаулысымен   
бекітілген      

"Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу"
мемлекеттік қызмет көрсету
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) кепіл ұстаушылардың мүдделерін қорғау және кепіл ұстаушының келісімінсіз кепілге берілген мүлікті иеліктен айыруға жол бермеу мақсатында темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 308-бабының, "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, "Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1948 нөмірімен тіркелген), сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - тіркеуші орган) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны темір жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына олардың тіркелген орны бойынша берілген сенімгерлік басқару негізінде шетелдік заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      Тіркеуші органға өтініш білдірген кезде;
      тіркеуші органның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушының қажетті құжаттары келіп түскен сәттен бастап: екі жұмыс күнінен артық емес;
      1) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды;
      2) құжаттарды алған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды;
      ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде:
      1) құжаттарды ресімдеу мерзімі тіркеу органына қажетті құжаттардың келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 10 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы болып табылады.
      Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алым тіркеу жүзеге асырылатын орын бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым ставкалары "Салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және жеке тұлғалардан алым төленген күні қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткішті; заңды тұлғалардан алым төленген күні қолданыстағы бес айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      Тіркеуші органға өтініш білдірген кезде:
      демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліспен аптаның бес күнінде көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыс кестесі сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін.
      ХҚКО-на өтініш білдірген кезде:
      жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліссіз аптаның алты күнінде сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес ұсынылады. Қабылдау "электронды" кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкіндіктері шектелген адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар тіркеуші орган ғимараттарында жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет, сондай-ақ мүмкіндіктері шектелген тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген тұтынушының тұрғылықты орны бойынша ХҚКО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
      Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында тіркеуші орган мен ХҚКО-да жеке және заңды тұлғаларға арналған Шағымдану және ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін жеке тұлға "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254-І Заңының 9-бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      Темір жол жылжымалы құрам кепілін тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
      құжаттар мемлекеттік және орыс тілдеріне жасалған болуы тиіс;
      егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдік құжаттар белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде жария етілуі тиіс. Қажет болған жағдайларда қарауға, сондай-ақ оларға қатысты көрсетілген талаптар орындалған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылдануы мүмкін. Ұсынылатын құжаттар шет тілінде жасалған жағдайда оларға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі;
      құжаттардың мәтіндері анық жазылған, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері қысқартусыз жазылуы, оларды растау талап етілетін даналарда қолы мен мөрі болуы тиіс;
      мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарда тазаланған не үстінен жазылған, сызылған сөздер және оларда ескерілмеген өзге де қолжазба немесе машинамен жазылған түзетулер, мазмұнын бір мағынада түсіндіруге мүмкіндік бермейтін бүлінген жерлері болуға тиісті емес, құжаттар қарындашпен жазылмауға тиіс;
      тіркеуге қажетті барлық құжаттар екі данада беріледі, олардың біреуі-түпнұсқа, ал екіншісі нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы тиіс. Түпнұсқа тіркелгеннен кейін құқық иесіне қайтарылуы тиіс.
      13. Белгіленген үлгідегі өтініштің нысанын тіркеуші органның қызметкері береді, сондай-ақ ХҚКО-ға күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не консультанттарда болады.
      14. Осы стандарттың 12-тармағында санамаланған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тіркеуші органның немесе ХҚКО-ның кеңсесіне көрсетіледі.
      Тіркеуші орган мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазу енгізеді. Ұсынылатын құжаттар осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде тұтынушыға құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талабы бойынша оған құжаттарын қабылдаудан бас тартудың дәлелденген жазбаша растамасы беріледі.
      ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ХҚКО-ның инспекторы осы стандарттың 12-тармағының талаптарына кұжаттардың сәйкестігін тексеруді, журналда тіркеуді және жинақтаушы бөлімнің инспекторына құжаттарды беруді жүзеге асырады.
      ХҚКО жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинақтауды, тізілімді жасауды және тіркеуші органға жөнелтуді жүзеге асырады.
      Тіркеуші орган ХҚКО-дан құжаттар пакетін алғаннан кейін олардың осы стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және екі жұмыс күні ішінде темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеуді жүргізеді.
      Тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) ұсынылған құжаттар тізбесінің Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау және мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздеменің жоқ екендігін белгілеу;
      2) жазбаларды Темір жол жылжымалы құрамының кепілдерін тіркеу тізіліміне енгізу;
      3) мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттарды беру.
      Орындалған (дайын болған) құжаттар қолхатта көрсетілген беру мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын тіркеуші органнан ХҚКО-ға келіп түсуі тиіс.
      15. Тіркеуші орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға:
      1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
      2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттар берілетін күн (уақыт) мен орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған тіркеуші органның лауазымдық тұлғасының не ХҚКО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
      16. Темір жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тіркеуші органның кеңсесі темір жол жылжымалы құрамының иесіне (өкіліне) темір жол жылжымалы құрамы кепілінің куәліктерін беру тізіліміне қол қойдырып, жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсынған кезде береді.
      ХҚКО-да тұтынушыға дайын болған құжаттарды беруді ХҚКО инспекторы "терезе" арқылы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
      17. Тіркеуші орган кепілді тіркеуден мынадай жағдайларда бас тартуы мүмкін, егер:
      1) кепіл туралы шарт немесе кепіл шарттарын қамтитын өзге шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келмесе;
      2) кепілді тіркеу туралы өтініш "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254 Заңының 9-бабының талаптарына сәйкес келмесе;
      3) кепілді тіркеу туралы тиісті емес тұлға өтініш жасаса;
      4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат болмаса.
      Кепілді тіркеуден бас тартқан кезде тұтынушыға бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
      Тіркеуші орган ХҚКО-дан келіп түсетін құжаттар пакетінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға болатын жағдайларды анықтаған кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды кері қайтару себептерінің жазбаша негіздемесімен бірге ХҚКО-ға қайтарады.
      Құжаттарды ХҚКО-ға қайтарған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді және тіркеуші органның бас тарту себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.
      Егер өтініш беруші құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда ХҚКО 1 ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды тіркеуші органға береді.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тіркеуші орган мен ХҚКО-ның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тіркеуші орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін тіркеуші органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген телефондар мен мекенжайлар бойынша аумақтық органдар кеңселерінің қызметкерлері түсіндіреді.
      ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда ХҚКО лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО-ның қызметкерлері түсіндіреді.
      22. Шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша аумақтық орган басшысының атына беріледі. Аумақтық органдар басшыларының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 24-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына жіберіледі. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 25-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі басшылығының атына жіберіледі.
      ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда, шағым сондай-ақ осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына берілуі мүмкін.
      Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
      23. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымды қабылдап алған адамның ұсынылған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымдық адамдардың байланыс деректері көрсетілген шағымның екінші нұсқасы не шағымның көшірмесі шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
      Шағым заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта не электрондық почта арқылы хабарланады.

6. Байланыс жасау ақпараты

      24. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты тіркеуші органның мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, электрондық почтасының мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz; қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 24-27-08.
      ХҚКО-ның мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
      25. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, интернет-ресурсы: www.mtk.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 24-13-12.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, N 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.

"Темір жол жылжымалы құрамының 
кепілін тіркеу" мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына       
1-қосымша             

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесі

Р/с
N

Бөлімшелердің атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық почтасының мекенжайы

1.

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша "Солтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Көкшетау қ., Абай к-сі, 87

8-(7162) 25-69-93 ktk_akm@mtc. gov.kz

2.

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша "Батыс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Ақтөбе қ., 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы, 5А

8-(7132) 54-29-03 ktk_aktb@mtc.gov.kz

3.

Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша "Жетісу" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Талдықорған қ., Шевченко к-сі, 131

8-(7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc.gov.kz

4.

Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша "Каспий" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Атырау қ., Привокзальный 5-шағын ауданы, 17-үй

8-(7122) 26-16-33 ktk_atr@mtc.gov.kz

5.

Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша "Сарыарқа" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Қарағанды қ., Гапеева к-сі, 5

8-(7212) 77-22-40 ktk_kar@mtc.gov.kz

6.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша "Ертіс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Павлодар қ., Бектұров к-сі, 107

8-(7182) 32-06-39 ktk_pavl@mtc.gov.kz

7.

Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша "Оңтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

Шымкент қ., Молдағұлова к-сі, нөмірсіз

8-(7252) 56-08-94 ktk_uko@mtc.gov.kz

"Темір жол жылжымалы құрам 
кепілін тіркеу" мемлекеттік 
қызмет көрсету стандартына 
2-қосымша         

Р/с
N

Орталықтардың атауы

Орталықтардың орналасқан мекенжайлары

Телефон нөмірі

1

Ақмола облысының ХҚКО

Көкшетау, қ. Әуезов көш., 189 "а" үй

40-10-76

2

Ақтөбе облысының ХҚКО

Ақтөбе қ., Тургенев көш., 109-үй

56-57-87

3

Алматы облысының ХҚКО

Талдықорған қ., Тәуелсіздік көш., 67 "б" үй

24-41-33

4

Атырау облысының ХҚКО

Атырау қ., Баймұханов көш., 6-үй

28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының ХҚКО

Өскемен қ., Белинский көш., 37 "а" үй

51-03-46

6

Жамбыл облысының ХҚКО

Тараз қ., Қойгелді көш., 158 "а" үй

43-84-18

7

Батыс Қазақстан облысының ХҚКО

Орал қ., Жамбыл көш., 81-үй

23-68-81

8

Қарағанды облысының ХҚКО

Қарағанды қ., Чкалов көш., 7-үй

41-63-03

9

Қостанай облысының ХҚКО

Қостанай қ., Таран көш., 114-үй

54-10-20

10

Қызылорда облысының ХҚКО

Қызылорда қ., Мұратбаев көш., нөмірсіз

23-08-46

11

Маңғыстау облысының ХҚКО

Ақтау, 15 ш/а, 67 "б" үй

31-85-16

12

Павлодар облысының ХҚКО

Павлодар қ., Павлов көш., 48-үй

33-47-55

13

Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО

Петропавл қ., Әуезов көш., 157-үй

33-31-03

14

Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚКО

Шымкент қ., Мәделі қожа көш., нөмірсіз

30-06-79

15

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО

Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 221-үй

263-82-51

16

Алматы каласы Бостандық ауданының ХҚКО

Алматы қ., Ходжанов көш., 9-үй

248-17-77

17

Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО

Алматы қ., Төлеби көш., 155-үй

378-47-01

18

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО

Алматы қ., Марков көш., 44-үй

239-65-52

19

Алматы қаласы Түрксіб ауданының ХҚКО

Алматы қ., Зорге көш., 9-үй

234-09-35

20

Астана қаласы Алматы ауданының N 1 ХҚКО

Астана қ., Жұбанов көш., 2-үй

37-02-06

21

Астана қаласы Алматы ауданының N 2 ХҚКО

Астана қ., 70 "а" көш.

40-65-62

22

Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 ХҚКО

Астана қ., Пушкин көш., 97-үй

32-42-79

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 ХҚКО

Астана қ., 81 көш., 85-үй

37-74-34

"Темір жол жылжымалы құрам 
кепілін тіркеу" мемлекеттік 
қызмет көрсету стандартына 
3-қосымша         

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштердің мәні