Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.18 N 1070 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 4, 53-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесі:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Аса маңызды ұшуларды жүзеге асыратын (коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз) және сертификаттық талаптарға сәйкес келетін қазақстандық авиакомпанияларға коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз Пайдаланушының сертификаты (1-1-қосымша) берілуі мүмкін.";
осы қаулының қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 қазандағы
N 1695 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыларды және олар
көрсететін қызметтерді
сертификаттау ережесіне
1-1-қосымша
--Елтаңба--
____________________________________________
Уәкілетті орган
Пайдаланушының сертификаты
коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз
N ____
Осымен пайдаланушы - __________________________________________
(пайдаланушының атауы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ________________ N ____ қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесінің талаптарын қанағаттандыратындығын және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын қанағаттандыратындығын куәландырады.
Пайдаланушы - _________________________________________________ Қазақстан Республикасының заңнамасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго қ., 1944 ж.) қосымшаларына, сондай-ақ қоса беріліп отырған Пайдалану жөніндегі арнайы ережелерде қамтылған пайдалану талаптары мен шектеулерге сәйкес __________________________
(авиациялық қызметтердің
______________________________________ жүзеге асыруға қабілетті.
түрлері, халықаралық ұшулар және т.б.)
Осы Сертификат табыстауға жатпайды және ол кері қайтарып алынғанға немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін күшінде болады.
Инспекциялық бақылауды ________________________ жүзеге асырады.
(уәкілетті органның атауы)
МО Уәкілетті органның басшысы
_________ __________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Күшіне енген күні: ____ ж. "__" ___________
Қолданылу мерзімі: ____ ж. "__" ___________ дейін