Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 және 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 1682 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды тұлғалар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінде:
      "Жүргізушілердің жалпы міндеттері" деген 2-бөлімде:
      2.1.1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 1, 9-құжат):
      2-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов