2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1669 қаулысымен
бекітілген
"Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру"
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мекен-жай анықтамаларын беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны ішінара автоматтандырылған. Қызмет автоматтандырылған ақпараттық жүйені (бұдан әрі - ААЖ) де, әліпби-анықтамалық картотеканы да пайдалана отырып көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулыларының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1995 жылғы 10 шілдедегі N 169 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарының мекен-жай-анықтама жұмысы жөніндегі нұсқаулықтың негізінде жүзеге асырылады. P100745 қараңыз
4. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің құрылымдық бөлімшілері - мекен-жай бюролары (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді, олардың тізбесі осы стандарттың 2, 2-1-қосымшаларында көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны мекен-жай анықтамасын (1-қосымша) беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
жеке тұлға өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 минуттан аспайды. Астана қаласында және облыс орталықтарында орналасқан Орталықтардан жеке тұлғалардың сұрауларын орындау мерзімі - құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап 3 жұмыс күні, қалған, оның ішінде Алматы қаласының Орталықтарынан құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап 5 жұмыс күні. Тұтынушылардың жазбаша сұрауларын орындау мерзімі 5 жұмыс күні;
құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 30 минуттан аспайды;
құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 10 минут;
Орталыққа жүгінген кезде:
жеке тұлғалардың құжаттарын ресімдеу мерзімі қажетті құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап Астана қаласында және облыс орталықтарында орналасқан Орталықтар үшін - 3 жұмыс күні, қалған, оның ішінде Алматы қаласының Орталықтары үшін - 5 жұмыс күні, заңды тұлғалардың құжаттарын ресімдеу мерзімі - қажетті құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап 5 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 30 минуттан аспайды;
құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 30 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (http://www.mvd.kz) интернет-ресурсында, мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стенділерде орналастырылады, олардың тізбесі осы стандарттың 2, 2-1-қосымшаларында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету:
уәкілетті органға жүгінген кезде:
демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен аптасына бес күн ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және тездетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Орталыққа жүгінген кезде:
жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгілеген жұмыс кестесіне сәйкес аптасына алты күн, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, филиалдар мен өкілдіктер үшін жұмыс кестесі бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін белгіленеді. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетіп қызмет көрсетусіз, "электронды" кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
11. Уәкілетті органның үй-жайларында ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек кіретін есігі, күту залы болады, ақпараттық стенділермен жабдықталады және ғимараттың бірінші қабатында орналасады, мүмкіндігі шектелген тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталық ғимаратында да көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектелген тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, бланкілерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында уәкілетті органдар мен Орталықтарда жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мекен-жай анықтамасы уәкілетті органға жүгінген жеке тұлғаға ғана беріледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар:
уәкілетті органға:
жеке тұлғалар - жеке басын куәландыратын құжатын;
заңды тұлғалар - сұрау жіберуші бөлімше басшысы (қызметкері) қол қойған және заңды тұлғаның кеңсесінде тіркелген жазбаша сұрауларды;
мекен-жай анықтамасын үшінші тұлғаға беру үшін жеке немесе заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімін;
Орталыққа:
өтініш;
жеке тұлғалар - жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін;
заңды тұлғалар - сұрау жіберуші бөлімше басшысы (қызметкері) қол қойған және заңды тұлғаның кеңсесінде тіркелген жазбаша сұрауларды;
мекен-жай анықтамасын үшінші адамға беру үшін жеке немесе заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімін ұсынады.
Орталық қызметкері құжаттар пакетін қабылдау кезінде көшірменің түпнұсқаға сәйкестігін салыстырып тексереді және түпнұсқаны өтініш берушіге қайтарады.
13. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер, өтініштер толтыру талап етілмейді.
Орталықта өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тіреуде не Орталық консультанттарында болады.
14. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар уәкілетті органның тіркеушісіне тапсырылады.
Жеке тұлға тікелей жүгінген кезде уәкілетті органның тіркеушісі тұлғаның анықтамалық деректерін есепке алу журналына тіркейді, деректерді картотека бойынша және/немесе ААЖ-ні пайдалану арқылы тексереді, оған тұтынушының мекен-жай бөлігін және сұрауды орындаған уәкілетті орган тіркеушісінің деректерін көрсете отырып, мөртабан қойылған мекен-жай анықтамасын береді.
Тұтынушылардың жазбаша сұрауларын уәкілетті органның тіркеушісі кіріс хат-хабарлар журналына тіркейді, деректерді картотека бойынша және/немесе ААЖ-ні пайдалану арқылы тексереді, мекен-жай анықтамасын толтырып, шығыс хат-хабарлар журналына тіркейді.
Заңды тұлғалардың жазбаша сұраулары бойынша бір тұлғаға мекен-жай анықтамалары тұтынушыға қайтарылатын сұраудың артқы бетіне мөртабан қою және толтыру арқылы беріледі. Тізім түскен кезде мекен-жай анықтамалары тіркелгені немесе тіркеуден шыққаны туралы мәліметтер бар адамдарға қатысты ғана толтырылады, қалған адамдардың тегінің тұсына "тіркелмеген" деген белгі қойылады және қоса берілген анықтамалармен бірге тізім адресатқа қайтарылады.
Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Орталықтың инспекторы құжаттардың толықтығын осы стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексеруді, журналға тіркеуді және құжаттарды жинақтаушы бөлімнің инспекторына беруді жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілім жасауды және уәкілетті органға жіберуді жүзеге асырады.
Қоса берілген құжаттармен бірге өтініштерді тиісті уәкілетті органға және кері жеткізуді Орталық осы өтініштер қабылданған күні курьерлік байланыс арқылы кемінде 2 рет жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін олардың осы стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, деректерді картотека бойынша және/немесе ААЖ-ні пайдалану арқылы тексереді, мекен-жай анықтамасын толтырады, орындалған құжаттардың тізілімін жасайды және тұтынушыға беру үшін Орталыққа жолдайды.
Уәкілетті орган орындалған (дайын) құжаттарды курьерлік байланыс арқылы қолхатта көрсетілген беру күні аяқталғанға дейін бір күн бұрын Орталыққа береді.
15. Тұтынушыға уәкілетті органның құжаттарды қабылдағаны туралы жазбаша растау берілмейді. Мекен-жай анықтамасын тұтынушы уәкілетті органға жүгінген сәтте алады.
Заңды тұлғалардан жазбаша сұраулар түскен жағдайда, уәкілетті орган сұраудың екінші данасына сұрауды қабылдаған тіркеушінің деректерін, сұраудың қабылданған күнін қояды.
Құжаттарды Орталық арқылы қабылдау кезінде тұтынушыға:
сұрауды қабылдау нөмірі мен күні;
сұралатын мемлекеттік қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттардың берілген күні (уақыты) мен орны;
Орталықтың құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
16. Уәкілетті органда мекен-жай анықтамасын беру жеке тұлға өзі жүгінген кезде жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның тіркеушісі тұтынушылардың жазбаша сұрауларына мекен-жай анықтамаларын конвертке салады және тұтынушыға почта арқылы жолдайды.
Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталық инспекторы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде "терезелер" арқылы жүзеге асырады.
17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган немесе Орталық мемлекетті қызметті көрсетуден бас тартады.
Орталықтан түсетін құжаттарды ресімдеудегі қателер анықталған кезде не осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған кезде уәкілетті орган құжаттар пакеті қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жазбаша негіздей отырып, оларды Орталыққа қайтарады.
Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық бір жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді және уәкілетті органның қайтару себебі туралы жазбаша негіздемесін ұсынады.
Егер тұтынушы құжаттарды алу үшін мерзімінде келмеген жағдайда, Орталық оларды 1 ай мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға тапсырады.
Уәкілетті органда мекен-жай анықтамаларын сақтау мерзімі және жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты өтеу кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Уәкілетті орган мен Орталық жұмысының нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген, солар бойынша уәкілетті органның және Орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндерін арнайы құрылған жұмыс топтары жыл сайын бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті орган қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне заңнамада белгіленген тәртіппен осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген жоғары тұрған басшылыққа шағымдануға болады.
Орталық инспекторының әрекетіне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтама қызметінің 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.
22. Шағым облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ІІД ақпараттық-техникалық қызметтері бастықтарының, ІІД басшылығының, Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жөніндегі шағым Орталық директорының атына беріледі. Уәкілетті органның және Орталықтың мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 2, 2-1-қосымшаларында көрсетілген.
23. Қабылданған шағым уәкілетті органның, ішкі істер органының, Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады. Өтініш берушіге күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон (4-қосымша) беріледі.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Уәкілетті орган мен Орталық басшыларының байланыс деректері 2, 2-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен Орталықтың үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетіледі.
25. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1; интернет-ресурсы: http://www.mvd.kz.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1669 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
1 -қосымша
МЕКЕН-ЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ
АДРЕСНАЯ СПРАВКА
Мекен-жай бюросының мәліметіне сәйкес азамат(ша)___________________ по сведениям адресного бюро гр-н(ка)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және жері) (фамилия, имя, отчество, год и место рождения)
мына мекен-жай бойынша_______________________________________________
по адресу (қала, көше, үйдің N, ауыл көрсетілсін)
(указать город, улицу, N дома, село)
20___ ж. "____" _________
тіркелген (шығарылған)
прописан (выписан)
_____________________________________________________________________
(облыс, аудан, егер тіркеуден шығарылса, қайда кеткені көрсетілсін) (область, район, если выписан, указать куда выбыл)
Анықтаманы тексерген
мекен-жай бюросының қызметкері
Справку наводил сотрудник адресного бюро
__________қолы ______________________________________________________
подпись
20___ ж. "____" _________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1669 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
2-қосымша
р/с |
Атауы IIД |
Уәкілетті орган орналасқан мекен-жай |
Уәкілетті орган бастығының телефон нөмірі |
Ақпараттық техникалық қызмет басқармасы бастығының телефон нөмірі |
IIД кезекші бөлімінің телефон нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Астана қаласының IIД |
Астана қаласы |
21-91-30 |
71-60-60 |
71-60-10, |
2 |
Алматы қаласының IIД |
Алматы қаласы |
267-48-38 |
254-40-32 |
54-40-42, |
3 |
Ақмола облысының IIД |
Көкшетау қаласы, |
25-56-90 |
29-10-85 |
25-16-95, |
4 |
Алматы облысының IIД |
Талдықорған қаласы, |
60-05-31 |
60-80-20 |
60-00-08, |
5 |
Ақтөбе облысының IIД |
Ақтөбе қаласы, |
21-36-63 |
93-00-58 |
52-05-14, |
6 |
Атырау облысының IIД |
Атырау қаласы, |
27-08-29 |
98-15-15 |
25-10-15 |
7 |
Шығыс Қазақстан облысының IIД |
Өскемен қаласы, |
47-19-18 |
23-42-55 |
23-42-02, |
8 |
Жамбыл облысының IIД |
Тараз қаласы, |
43-04-04 |
99-71-62 |
43-06-78, |
9 |
Батыс Қазақстан облысының IIД |
Орал қаласы, |
51-74-30 |
98-45-25 |
51-04-50, |
10 |
Қарағанды облысының IIД |
Қарағанды қаласы, |
44-18-66 |
42-90-10 |
42-90-25, |
11 |
Қостанай облысының IIД |
Қостанай қаласы, |
52-63-43 |
52-60-43 |
52-60-21, |
12 |
Қызылорда облысының IIД |
Қызылорда қаласы, |
7-01-40 |
29-50-15 |
27-28-76, |
13 |
Манғыстау облысының IIД |
Ақтау қаласы, |
50-76-61 |
47-50-30 |
42-15-71, |
14 |
Павлодар облысының IIД |
Павлодар қаласы, |
55-24-80 |
39-11-19 |
39-12-41, |
15 |
Солтүстік Қазақстан облысының IIД |
Петропавл қаласы, |
39-43-12 |
39-40-39 |
39-40-07, |
16 |
Оңтүстік Қазақстан облысының IIД |
Шымкент қаласы, |
97-62-67 |
97-60-22 |
21-20-41, |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1669 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
2-1-қосымша
Р/с |
ХҚО-ның атауы |
Орталықтар орналасқан мекен-жай |
Телефон нөмірлері |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Ақмола облысының ХҚО |
Көкшетау қ., Әуезов көшесі, 189 "а" үй |
40-10-76 |
2 |
Ақтөбе облысының ХҚО |
Ақтөбе қ., Тургенев көшесі, 109-үй |
56-57-87 |
3 |
Алматы облысының ХҚО |
Талдықорған қ., Тәуелсіздік, көшесі, 67 "б" үй |
24-41-33 |
4 |
Атырау облысының ХҚО |
Атырау қ., Баймұханов көшесі, 6-үй |
28-40-14 |
5 |
Шығыс Қазақстан облысының N 1 ХҚО |
Өскемен қ., Белинский көшесі, 37 "а" үй |
51-03-46 |
6 |
Шығыс Қазақстан облысының N 2 ХҚО |
Семей қ., 408-ші квартал, 21-үй |
33-55-93 |
7 |
Жамбыл облысының ХҚО |
Тараз қ., Қойгелді көшесі, 158 "а" үй |
43-84-18 |
8 |
Батыс Қазақстан облысының ХҚО |
Орал қ., Жамбыл көшесі, 81-үй |
23-68-81 |
9 |
Қарағанды облысының ХҚО |
Қарағанды қ., Қазыбек би ауданы, Чкалов көшесі, 7-үй |
41-63-03 |
10 |
Қостанай облысының ХҚО |
Қостанай қ., Таран көшесі, 114-үй |
54-10-20 |
11 |
Қызылорда облысының ХҚО |
Қызылорда қ., Мұратбаев көшесі, н/ж |
23-08-46 |
12 |
Маңғыстау облысының ХҚО |
Ақтау қ., 15 шағын ауд., 67 "б" үй |
31-85-16 |
13 |
Павлодар облысының ХҚО |
Павлодар қ., Павлов көшесі, 48-үй |
33-47-55 |
14 |
Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО |
Петропавл қ., Әуезов көшесі, 157-үй |
33-31-03 |
15 |
Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО |
Шымкент қ., Мәделі Қожа н/ж |
30-06-79 |
16 |
Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО |
Алматы к., Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй |
263-82-51 |
17 |
Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО |
Алматы қ., Ходжанов көшесі, 9-үй |
248-17-77 |
18 |
Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО |
Алматы қ., Төле би көшесі, 155-үй |
378-47-01 |
19 |
Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО |
Алматы қ., Марков көшесі, 44-үй |
239-65-52 |
20 |
Алматы қаласы Түрксіб ауданының ХҚО |
Алматы қ., Зорге көшесі., 9-үй |
234-09-35 |
21 |
Астана қаласы Алматы ауданының N 1 ХҚО |
Астана қ., Жұбанов көшесі, 2-үй |
37-02-06 |
22 |
Астана қаласы Алматы ауданының N 2 ХҚО |
Астана қ., 70-көше, 31-үй |
40-65-62 |
23 |
Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 ХҚО |
Астана қ., Пушкин көшесі, 97-үй |
32-42-79 |
24 |
Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 ХҚО |
Астана қ., 81-көше, 85-үй |
37-74-34 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1669 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
3-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің алдағы жылдағы мақсатты мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1. Уақтылылығы |
||||
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі) |
100 |
|||
1.2. Қызмет алуды кезекте кемінде 40 минут күткен тұтынушылардың % -ы (үлесі) |
0 |
|||
2. Сапасы |
||||
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100 |
|||
2.2. Лауазымды адам дұрыс ресімдеген құжаттардың (жүргізілген төлемдердің, есеп айырысулардың және т.б.) %-ы (үлесі) |
100 |
|||
3. Қол жетімділік |
||||
3.1. Қызмет көрсету сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100 |
|||
3.2. Тұтынушы құжаттарды бірден дұрыс толтырып, тапсыру жағдайларының %-ы (үлесі) |
100 |
|||
4. Шағымдану үдерісі |
||||
4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі) |
5 |
|||
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдардың %-ы (үлесі) |
100 |
|||
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100 |
|||
4.4. Шағымдану мерзімдеріне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100 |
|||
5. Сыпайылық |
||||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1669 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
4-қосымша
Талон Өтінішті қабылдаған_______________________________ 20__жылғы "___" ________ ___ сағ.____мин. |
(мөлшері 75 мм х 55 мм)