Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 549 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы N 1562 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 549 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 22, 254-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Баймағанбетов              - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Серік Нұртайұлы              министрі

Жақсыбеков                 - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Әділбек Рыскелдіұлы          министрі

Исекешев                   - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы              сауда министрі

Құл-Мұхаммед               - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы              ақпарат министрі

Құсайынов                  - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы        коммуникация министрі

Түсіпбеков                 - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы            министрі

      көрсетілген құрамнан Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы, Балиева Зағипа Яхянқызы, Школьник Владимир Сергеевич, Ахметов Серік Нығметұлы, Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Мәйірманов Қажымұрат Нұрғалиұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов