"Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы N 1521 Қаулысы

Жаңартылған

      "Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1371 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ) "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ-ға тиесілі Қоғамның орналастырылған акцияларының жалпы санының 50 (елу) пайызын құрайтын қарапайым акцияларының саны 46553 (қырық алты мың бес жүз елу үш) акциялар пакетін республикалық меншікке өтеусіз беру туралы ұсынысымен келісілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;
      мүлікті иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-34-жолмен толықтырылсын:
      "237-34. "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" АҚ";
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен;
      3) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы  N 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-1-жолмен толықтырылсын:
      "20-1. "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамы 50%".
      "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 44-1-жол "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" деген сөздерден кейін "50 %" деген сандармен толықтырылсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов