Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі N 1383 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.18 № 427 Қаулысымен.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 30, 294-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі туралы ережеде:
      14-тармақта:
      жиырма сегізінші абзацтағы "веб-сайттарын" деген сөздер "интернет-ресурстарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз үшінші абзацта:
      "ақпараттық жүйелерді" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      "электрондық үкімет" қалыптастыруда" деген сөздер "мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "депозитке беруді тіркеу, беру, сақтау, оның толықтығын қамтамасыз ету және депозитарийге бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов