Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 1369 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің  кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 14 қыркүйектегі
N 1369 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

      1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 470-184-12-жолмен толықтырылсын:

"

470-184-12

"Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы

".

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Қарағанды облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 214-7-жол алынып тасталсын.
      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде реттік нөмірі 222-9-жол алынып тасталсын.
      4. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі N 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 28, 339-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-жолмен толықтырылсын:

"

34

"Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті" республикалық мемлекеттік  кәсіпорны

Теміртау қаласы

".

      5. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-12-жолмен толықтырылсын:
      "77-12. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті".