Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 184 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 29-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 37-1-жолмен толықтырылсын:
"
37-1 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ИСМ |
Маусым |
Қыркүйек |
Қараша |
Ж.С. Айтжанова |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов