«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 398 қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 1 қыркүйектегі
N 1293 қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 398 қаулысымен.
Р/с |
Жобаның атауы |
1 |
2 |
1 |
Хлор мен каучук содасын мембраналық әдіспен өндіруді ұйымдастыру |
2 |
Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту |
3 |
Екібастұз МАЭС-1 қайта жаңарту және кеңейту |
4 |
Ақтау пластикалық масса зауытында жол битумдарын өндіру |
5 |
Метталлургиялық қайта бөлу мен инфрақұрылым объектілерін қамтитын металлургиялық кешен салу |
6 |
Атырау облысында алғашқы ықпалдастырылған газ-химия кешенін салу |
7 |
Қазақстанда поликристалды кремний өндіретін зауыт салу |
8 |
Мұнай мен құрғақ жүктерді аудару көлемін ұлғайту үшін Ақтау халықаралық теңіз сауда портын кеңейту |
9 |
Балқаш ЖЭС-ін салу |
10 |
Шымбұлақ тау шаңғысы курортын кешенді дамыту |
11 |
Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ магистралдық газ құбырын салу |
12 |
Астана қаласында локомотив құрастыру зауытын салу |
13 |
Жүк вагондарын шығаруды ұйымдастыру |
14 |
Тараз металлургиялық зауытында ферроқорытпа өндірісін кеңейту және жаңғырту |
15 |
Мойнақ СЭС-ін салу |
16 |
Ақшабұлақ кен орнында ГТЭС салу |
17 |
Орал ГТЭС салу |
18 |
Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғырту, 2-кезең |
19 |
Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту |
20 |
Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту |
21 |
Павлодар мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту |
22 |
Калий тыңайтқыштарын өндіру |
23 |
Күкірт қышқылын өндіру |
24 |
Р65 түріндегі магистралдық рельстер шығару |
25 |
Цифрлы телевидение жасау |
26 |
Астана қаласында фармацевтикалық фабрика салу |
27 |
Мемлекеттік медицина ұйымдары үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының бірыңғай дистрибуциясы жүйесін құру |
28 |
Астана қаласындағы локомотив құрастыру зауытында шығарылатын тепловоздармен локомотив паркін жаңарту |
29 |
Ақмола облысының Атбасар қаласындағы "Бәйтерек-А" акционерлік қоғамы базасында электровоздар шығаруды ұйымдастыру |
30 |
«Казхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының феррорхром өндіру жөніндегі № 4 балқыту цехын жобалау және салу» |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МАЭС - мемлекеттік аудандық электр станциясы
ЖЭС - жылу электр станциясы
СЭС - су электр станциясы
ГТЭС - газ-турбиналық электр станциясы