Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 және 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1307 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 1272 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 323-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінде:
      25-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қорға аударылған, төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар сомасын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:";
      алтыншы абзацтағы "үш" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1307 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 49, 603-құжат):
      тақырыбы және 1-тармағы "есептеу" деген сөзден кейін ", қайта есептеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау) және арттыру ережесінде:
      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "есептеу", "есептеудің" деген сөздерден кейін тиісінше ", қайта есептеу", "қайта есептеудің" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алушы қайтыс болған жағдайда баланы толық мемлекеттік қамсыздандыруға белгілеу жағдайларын қоспағанда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адам Орталыққа мынадай құжаттарды:
      1) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алушының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесін;
      2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адамды баланың (балалардың) қорғаншысы етіп тағайындау туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдары шешімінің көшірмесін немесе баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесін қоса өтініш береді.";
      16-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте есептеуге осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы туралы жұмыс орнынан берілген анықтамада көрсетілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан айлардың саны қабылданады.";
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      "19-1. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алушы қайтыс болған жағдайда бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адамға әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешімнің жобасын бастапқы деректер негізінде Орталықтың құрылымдық бөлімшесі дайындайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің шешімімен бекітіледі.";
      21-тармақ алып тасталсын;
      Ережеге 3, 4-қосымшаларда:
      тақырыбындағы "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің" деген сөздер "Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мәтіндегі "ҚР Еңбекмині аумақтық департаментінің директоры" деген сөздер "Директор" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Ережеге 5-қосымшада:
      тақырыбында:
      "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің" деген сөздер "Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(немесе тағайындаудан бас тарту туралы)" деген сөздер ", қайта есептеу немесе тағайындаудан бас тарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мәтіндегі "ҚР Еңбекмині аумақтық департаментінің директоры" деген сөздер "Директор" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Ережеге 6-қосымшада:
      тақырыбында:
      "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің" деген сөздер "Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(немесе тағайындаудан бас тарту туралы)" деген сөздер ", қайта есептеу немесе тағайындаудан бас тарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мәтіндегі "ҚР Еңбекмині аумақтық департаментінің директоры" деген сөздер "Директор" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Ережеге 7, 8, 9-қосымшаларда:
      "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің" деген сөздер "Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(немесе тағайындаудан бас тарту туралы)" деген сөздер ", қайта есептеу немесе тағайындаудан бас тарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ҚР Еңбекмині аумақтық департаментінің директоры" деген сөздер "Директор" деген сөзбен ауыстырылсын;
      осы қаулының қосымшасына сәйкес Ережеге 10-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 28 тамыздағы
N 1272 қаулысына   
қосымша       

Ережеге      
10-қосымша     

Әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы он екі күнтізбелік
айдағы табысы туралы жұмыс орнынан берілетін
АНЫҚТАМА

Қызметкердің Т.А.Ә._______________________________________________
__________________________________________________________________
Қызметкердің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)*_____________________
Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және орналасқан жері**______________________________________________

Кезең (айы және жылы)

Жалақы (табыс) сомасы

Міндетті әлеуметтік аударымдардың сомасы, теңге

Міндетті зейнетақы жарналарының сомасы, теңге

Ескертпе

аударылған

төленген

аударылған

төленген

1

2

3

4

5

6

7





















































































Жиыны







Барлығы__________айда_________________________________________теңге
                                 (сомасы жазбаша)

Негіздеме:_________________________________________________________
                (анықтама беру үшін негіздеме болған құжаттар)

---------
|Мөр орны|      Басшы       ___________      _____________________
|        |                   (қолы)                  (Т.А.Ә.)
---------

              Бас бухгалтер   ____________   ____________________
                                 (қолы)             (Т.А.Ә.)

Берілген күні: 20 жылғы " " ______________
___________________________________________________________________
Ескертпе:
* ЖСН болмаған жағдайда қызметкердің СТН мен ӘЖК көрсетіледі.
** БСН болмаған жағдайда заңды тұлғаның СТН көрсетіледі.
Бұл ескертпе 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданылады.