"43988 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1208 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "43988 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
      2. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мекеменің Жарғысын бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов