Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын іске асырудың кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1205 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын іске асыруды үйлестіру жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі тағайындалсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов