Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 54, 596-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесінде :
"А-25 Ақтөбе-РФ шек. (Орск қаласына)" деген жолдағы "135" деген сандар "127" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жиыны" деген жолдағы "23502,6" деген сандар "23494,6" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов