Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 184 және 2009 жылғы 18 ақпандағы N 185 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1185 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 184 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспарында :
      реттік нөмірлері 17 және 18-жолдар алынып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 185 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспарында:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8-1 және 8-2-жолдармен толықтырылсын:

"

8-1

Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау қызметі туралы

Әділет-
мині

2010 жылғы 1-тоқсан

2010 жылғы 1-тоқсан

2010 жылғы 2-тоқсан

8-2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бақылау және қадағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділет-
мині

2010 жылғы 1-тоқсан

2010 жылғы 1-тоқсан

2010 жылғы 2-тоқсан

".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов