Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 1167 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесі бекітілсін.
      1-1. Қоса беріліп отырған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі бекітілсін.
      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерін және "Алтын сапа" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы N 1059 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 41, 449-бап) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 31 шілдедегі
N 1167 қаулысымен 
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын
ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына (бұдан әрі - Жарлық) сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа (бұдан әрі - конкурс) қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.
      2-1. Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен айналысатын заңды тұлғалар (бұдан әрі - конкурсқа қатысушылар) мынадай номинациялар бойынша сыйлық алуға үміттенуі мүмкін:
      1) «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
      2) «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»;
      3) «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын».
      Ескерту. 1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2-2. Әрбір номинация бойынша мынадай санаттар бойынша екі сыйлық беріледі:
      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
      2) ірі кәсіпкерлік субъектісі.
      Ескерту. 1-тарау 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2-3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.
      Ескерту. 1-тарау 2-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

2. Материалдарды ресімдеу және ұсыну тәртібі

      Ескерту. 2-бөлімде «заңды тұлға», «заңды тұлғаның», «Заңды тұлғаның», «Заңды тұлға» деген сөздер «конкурсқа қатысушы», «конкурсқа қатысушының», «Конкурсқа қатысушының», «Конкурсқа қатысушы» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      3. Конкурсқа қатысу үшін конкурсқа қатысушы 1 шілдеге дейін конкурсты ұйымдастырушыға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді және мыналарды:
      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама-декларацияны;
      2) оның қызметінің және сапа саласындағы нақты нәтижелердің деңгейін өзіндік бағалауды білдіретін конкурсқа қатысушының есебін - 36 беттен көп емес;
      3) есепке қосымшаны (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшірмелері) - 30 беттен көп емес;
      4) конкурсты ұйымдастырушы белгілеген нысан бойынша өлшемдер көрсеткіштері негізінде толтырылған конкурсқа қатысушының сапа саласындағы қызметін өзіндік бағалау бойынша сауалнаманы;
      5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.25 N 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      6) салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
      7) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмесін қамтитын құжаттар жиынтығын 3 данада тапсырады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2012.08.25 N 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      4. Конкурсқа қатысушының есебі мыналардан тұруға тиіс:
      1) конкурсқа қатысушы қызметіне қысқаша шолу;
      2) Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының моделіне сәйкес белгіленген өзіндік бағалау өлшемдерінің сипаты.
      5. Көлемі А4 пішіміндегі 6 парақтан аспайтын шолуда мыналар қамтылуға тиіс:
      1) конкурсқа қатысушының тарихы;
      2) өнімнің (қызметтердің) негізгі түрлерінің сипаты;
      3) ұйымдық құрылымы;
      4) өнімнің (қызметтердің) сапасына қойылатын негізгі талаптар;
      5) өнімді өткізетін негізгі нарықтар немесе көрсетілген қызметтер туралы ақпарат (өңірлік, республикалық, халықаралық);
      6) өнімді (қызметтерді) негізгі тұтынушылардың сипаттамасы;
      7) конкурсқа қатысушының маңыздылығын білдіретін өзге ақпарат.
      6. конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысуға өтінім берген сәттен бастап конкурсты ұйымдастырушы, Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы және сараптамалық топтар конкурс материалдарында қамтылған ақпаратқа қатысты толық құпиялылықты қамтамасыз етеді.
      7. Конкурсқа қатысушы қызметінің мүмкіндіктерін және нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерді (бұдан әрі - өлшемдер) конкурсты ұйымдастырушы айқындайды.

3. Материалдарды алдын ала бағалау тәртібі

      8. Ұсынылған материалдарға алдын ала бағалау жүргізу мыналарды қамтиды:
      1) конкурсқа қатысушылардың материалдарына және қызметіне жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізу;
      2) конкурсқа қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалау және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындау.
      9. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiне жергiлiктi жерлерде алдын ала бағалау жүргiзу үшiн конкурсты ұйымдастырушының шешiмiмен сапа саласында оқытудан өткен сарапшылар, конкурсты ұйымдастырушының өкiлдерi, қоғамдық бiрлестiктердiң, жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi арасынан сараптамалық топтар құрылады.
      Сараптамалық топтың жергілікті жерлердегі сандық құрамы 3 адамнан кем болмауға тиіс.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.25 N 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметін жергілікті жерлерде алдын ала бағалауды сараптамалық топтар конкурсты ұйымдастырушы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады.
      Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметін жергілікті жерлерде алдын ала бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық топтар өлшемдерге сәйкес баллмен бағасын қойып, сараптамалық қорытындыны жасайды.
      Сараптамалық қорытынды осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
      11. Сараптамалық топтар жергiлiктi жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiн алдын ала бағалауды жүргiзгеннен кейiн 3 дана құжаттар жиынтығы мен сараптамалық қорытынды 15 қыркүйекке дейінгі мерзiмде конкурсты ұйымдастырушыға жiберiледi.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.25 N 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12. Конкурсқа қатысушылардың материалдарына алдын ала бағалау жүргізу және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындау үшін конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сапа саласында оқытудан өткен сарапшылар, конкурсты ұйымдастырушының және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы құрылады.
      Конкурсты ұйымдастырушы комиссиясының сандық құрамы 9 адамнан кем болмауға тиіс.
      13. Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы конкурсқа қатысушылардың материалдарын, сараптамалық топтардың сараптамалық қорытындыларын қарайды.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      14. Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы ұсынылған материалдарды алдын ала бағалауды жүргізгеннен кейін осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала қорытынды шығарады және конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
      15. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атақтарын беру жөніндегі комиссияның қарауына конкурсқа қатысушылардың қорытынды материалдарын және осы материалдар бойынша алдын ала қорытындыны ұсынады.

Қазақстан Республикасы Президентінің
"Алтын сапа" сыйлығын алуға   
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне  
1-қосымша           

Тіркеу нөмірі___________
Конкурсты ұйымдастырушы -
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысуға арналған
өтінім

1. Өтінім беруші
Заңды тұлғаның атауы______________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен-жайы________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жұмыс істеу кезеңі________________________________________________
2. Заңды тұлғаның басшысы
Тегі, аты, әкесінің аты___________________________________________
Лауазымы__________________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________
Қызметтік телефоны, факс__________________________________________
3. Заңды тұлғаның сипаттамасы
Қызметкерлердің жалпы саны
Филиалдар саны____________________________________________________

Қосымша:
Сауалнама-декларация - 1 дана.
Құжаттар жиынтығы - 3 дана.

Басшының қолы
___жылғы "__"______

Қазақстан Республикасы Президентінің
"Алтын сапа" сыйлығын алуға   
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне  
2-қосымша           

Тіркеу нөмірі____________________ Қазақстан Республикасы Президентінің
"Алтын сана" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушының
сауалнама-декларациясы

1. Конкурсқа қатысушы
Заңды тұлғаның атауы______________________________________________
Заңды мекен-жайы _________________________________________________
2. Басшы
Тегі, аты, әкесінің аты____________________________________________
___________________________________________________________________
Лауазымы __________________________________________________________
___________________________________________________________________
Почталық мекен-жайы________________________________________________
___________________________________________________________________
Қызметтік телефоны_________________________________________________
3. Заңды тұлғаның атауы туралы мәліметтер
Қызметкерлердің жалпы саны_________________________________________
Филиалдар саны_____________________________________________________
Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) аса маңызды түрлерінің үш атауы), СЭҚ ТН коды
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Уәкілетті және конкурсқа жауапты адам
Тегі, аты, әкесінің аты____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Лауазымы___________________________________________________________
___________________________________________________________________
Телефоны___________________________________________________________
факс_______________________________________________________________
5. Декларация
      Кәсіпорын атынан біздің конкурсқа қатысушылар үшін белгіленген ережелерді орындауға келісетінімізді және Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы лауреаттарының атақтарын беру жөніндегі комиссияның шешімі түпкілікті деп қабылдайтынымызды мәлімдеймін. Жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізу қажет болған жағдайда, біз оны ашық және күнілгері кесіп-пішпей өткізуге жәрдемдесеміз. Біз кәсіпорынның осындай сараптамаға байланысты шығыстарды көтеретінін түсінеміз.

Басшының қолы
_____жылғы "___"________

Қазақстан Республикасы Президентінің
"Алтын сапа" сыйлығын алуға   
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне  
3-қосымша           

Негізгі көрсеткіштер туралы ақпаратты беру нысаны
Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сана" сыйлығын
алатын ұйымның атауы______________________________________

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Р/с
N

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірл.

алдыңғы 2 жылда

Өсу қарқыны, %

Бизнес-жоспар

20___жылы

20___жылы

1

Алынған мемлекеттік преференциялардың көлемі, барлығы

Оның ішінде (толық жазу):

- салықтар бойынша (салық кредиті, кейінге қалдыру, төлемдерді бөліп төлеу)

- кедендік төлемдер бойынша

- бюджеттік ссудалар, қарыздар

- банктік кредиттерді пайдаланғаны үшін пайыздарды бюджеттен жеңілдету

- пайдаланылған отын-энергетикалық ресурстар үшін төлемдерді кейінге қалдыру

- жеңілдікті тарифтер

- жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жеңілдіктер (толық жазу)

- және басқалар (толық жазу)

2

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі

млн. тг.

3

Заттай мәндегі өнімдер өндірісі:

-

4

Өнімдер өндірісі:

- қолданыстағы бағамен

- салыстырмалы бағамен

5

Өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен пайда

6

Кәсіпорынның ақша қаражатын есепке алу шотына түскен пайда

7

Есептердің жалпы көлеміндегі ақшалай емес есептердің үлес салмағы

8

Өнімдерді жеткізу көлемі, барлығы

Оның ішінде өнімдерді экспортқа жеткізу көлемі

9

Өнімдерді жеткізудің жалпы көлемінде экспортқа жеткізудің үлес салмағы

%

10

Экспорттың өсу қарқыны

%

11

Импорттың өсу қарқыны

%

12

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

%

13

Өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығыны

14

Өткізілген өнім бойынша рентабельділік

%

15

Теңгерім нәтижесі (пайда, шығын)

16

Дайын өнімнің қалдығы (нақты мәні):

- өткізілетін бағамен

- күнмен

- жоғарғы тұрған ұйым белгілеген күнмен берілген норматив

17

Дебиторлық берешек, барлығы

Оның ішінде мерзімі өткен (1 айдан артық)

18

Кредиторлық берешек, барлығы

Оның ішінде бюджет алдында мерзімі өткен (1 айдан артық)

19

Кәсіпорынның иелігінде қалған пайда, барлығы:

млн. тг.

оның ішінде мыналарға бағытталды:

- айналым қаражатын толықтыру

- тұтыну қоры

- жинақтау қоры

- басқа мақсаттар (толық жазу)

20

Қызметкерлердің орташа айлық саны

адам

21

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы

мың тг.

22

Орташа айлық еңбекақы

мың тг.

23

1-ші разряд тарифі

мың тг.

24

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

25

Айналым құралдарымен қамтамасыз етілу коэффициенті

26

Жалпы ішкі өнімдегі үлесі

27

Мыналарға түскен салықтық түсімдердің үлесі:

- бюджетке

- бюджеттен тыс қорларға

Кәсіпорынның басшысы ______________  __________________

Бас бухгалтер ____________________  __________________

Қазақстан Республикасы Президентінің
"Алтын сапа" сыйлығын алуға   
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне  
4-қосымша           

Тіркеу нөмірі___________ Сараптамалық қорытынды

Кәсіпорынның атауы

Конкурсқа қатысушының құжаттары

Сараптамалық бағалау

Ескертпе

Өтінім:

Сауалнама-декларация:

Бағалау бойынша сауалнама:

Есеп:

Шешімдер:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Ұсыныстар:

Қолдары

_____жылғы "__"______

Қазақстан Республикасы Президентінің
"Алтын сапа" сыйлығын алуға   
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне  
5-қосымша           

Тіркеу нөмірі________________ Алдын ала қорытынды

Заңды тұлғаның атауы________________________

Өлшемдер

Конкурсқа қатысушының өзін-өзі баллмен берілген бағалауы

Баллмен берілген сараптамалық бағалау

Баллмен берілген түпкілікті бағалау

Өлшемдер атауы

Баллмен берілген ең жоғары баға

1. Басшылықтың көшбасшылық рөлі

2. Сапа саласындағы саясат және стратегия

3. Персонал

4. Серіктестік және ресурстар

5. Ұйым жүзеге асыратын үдерістер

6. Тауарлар сапасына тұтынушылардың қанағаттануы

7. Персоналдың қанағаттануы

8. Ұйымның қоғамға ықпалы

9. Ұйым жұмысының нәтижелері

Барлық  өлшемдер бойынша баллдардың жалпы саны

Шешімдер:
____________________________________________________________

___жылғы "___"_______

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 31 шілдедегі
№ 1167 қаулысымен   
бекітілген      

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі»

      Ескерту. Қаулы Ережелермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну  және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Ереже «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына (бұдан әрі - өңірлік конкурс, республикалық конкурс) ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.
      3. Республикалық конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы), өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері (бұдан әрі - өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады.
      4. Республикалық конкурсты және республикалық конкурстың марапаттау рәсімін өткізу Жарлыққа сәйкес Дүниежүзілік сапа күніне орайластырылған салтанатты жағдайда өткізіледі.

2. Өңірлік конкурстарға ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау тәртібі

      5. Өңірлік конкурсқа қатысуға:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіп, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы (қару-жарақ пен әскери техника өндірісін қоспағанда) өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын;
      2) өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі түрде жақсарту бойынша оң нәтижелері бар заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер (бұдан әрі - конкурсқа қатысушылар) үміткер бола алады.
      6. Конкурсқа қатысушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтінім;
      2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сауалнама-декларация;
      3) сәйкестік сертификаттары мен сапа және қауіпсіздік туралы қорытындылардың көшірмелері (бар болса);
      4) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
      5) негізгі параметрлер мен сипаттамалардың сандық мәндері көрсетілген өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттерінің сипаты;
      6) конкурсқа қатысушылар өз нәтижелерін және осы көрсеткіштердің өзгеру үрдісін бағалайтын көрсеткіштер;
      7) конкурсқа қатысушылар қызметінің нәтижелері туралы ақпарат (ұсынылған сандық деректердің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік беретін қысқаша түсініктермен сүйемелденуге тиіс кестелер немесе диаграммалар түрінде ұсынылады).
      7. Өңірлік конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімдерді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін өңірлік сараптамалық топ құрылады.
      8. Өңірлік сараптамалық топтар өңірлік конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылады.
      Сараптамалық топтардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың, конкурсты ұйымдастырушы өкілдерінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, сарапшылар кіреді.
      Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде үш адамды құрауы тиіс.
      9. Сараптамалық топтар жергілікті жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдарын және өнімді алдын ала сараптамалық бағалауды өңірлік конкурсты ұйымдастырушы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады.
      Сараптамалық топтар конкурсқа қатысушылардың материалдары мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша алдын ала сараптамалық қорытынды жасайды.
      10. Өңірлік конкурстар өңірлік конкурстарды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде, бірақ конкурстар өткізілетін жылдың 30 тамызынан кешіктірілмей өткізіледі.
      11. Өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары конкурстар өткізілетін жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей өңірлік конкурстар жеңімпаздарының қажетті құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
      Өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары сараптамалық топтардың алдын ала сараптамалық қорытындыларын ескере отырып:
      1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
      2) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;
      3) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша өңірлік конкурстардың жеңімпаздарын анықтайды.
      12. Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.

3. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар
мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалау тәртібі

      13. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сараптамалық топтар (бұдан әрі - сараптамалық топтар) құрылады.
      14. Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде бес адамды құрауы тиіс.
      15. Сараптамалық топтардың құрамына:
      1) осы Ережеге 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес қалған ұстанымдарды сызып тастай отырып, кестеде өзінің құзыреттілігінің деңгейі жеткілікті деп есептейтін ұстанымдарға ғана баға қоятын;
      2) алдын ала сараптамалық қорытынды дайындайтын және беретін конкурсты ұйымдастырушы, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, оның орынбасары, сарапшылар кіреді.
      16. Конкурсты ұйымдастырушы сараптамалық топтардың алдын ала сараптамалық қорытындыларын және жинақталған құжаттар құрамында сараптамалық бағалаудың толтырылған кестелерін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияға жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілгенге дейін бес күн бұрын жібереді.

«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық 
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесіне      
1-қосымша          

Тіркеу нөмірі________________
Конкурсты ұйымдастырушы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігіне Өтінім

1. Өтінім беруші
Конкурсқа қатысушының атауы__________________________________________
_____________________________________________________________________
Мекенжайы____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қызмет ету кезеңі____________________________________________________
2. Басшы
Тегі, аты, әкесінің аты______________________________________________
Лауазымы_____________________________________________________________
Мекенжайы____________________________________________________________
Жұмыс телефоны, факс_________________________________________________
3. Конкурсқа қатысушының сипаттамасы
Жұмысшылардың жалпы саны_____________________________________________
Филиалдар саны_______________________________________________________

Қосымша:
Құжаттар жинағы.

Басшының қолы
20 жылғы « »

«Қазақстанның үздік тауары» 
өңірлік және республикалық  
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесіне       
2-қосымша           

Тіркеу нөмірі__________________ Сауалнама-декларация

1. Конкурсант
Конкурсқа қатысушының атауы__________________________________________
Заңды мекенжайы______________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Басшы
Тегі, аты, әкесінің аты______________________________________________
_____________________________________________________________________
Лауазымы_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Пошталық мекенжайы___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыс телефоны ______________________________________________________
3. Конкурсқа қатысушының атауы туралы мәліметтер
Жұмыскерлердің жалпы саны____________________________________________
Филиалдар саны_______________________________________________________
Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) аса маңызды түрлерінің үш атауы, СЭҚ ТН коды_____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ 4. Өкілетті және конкурсқа жауапты тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Лауазымы_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Телефон______________________________________________________________
факс_________________________________________________________________

5. Декларация
      Кәсіпорын атынан конкурсқа қатысушылар үшін белгіленген ережелерді орындауға келісетінімізді мәлімдеймін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия шешімін түпкілікті деп қабылдайтын боламыз. Жер-жерде алдын ала бағалауды жүргізу қажет болған жағдайда, біз оны ашық және күнілгері кесіп-пішпей өткізуге көмек көрсетеміз. Біз осындай сараптамаға байланысты шығыстарды кәсіпорын көтеретінін түсінеміз.

Басшының қолы
20 жылғы « »

«Қазақстанның үздік тауары» 
өңірлік және республикалық  
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесіне       
3-қосымша           

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.25 N 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

«Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар» номинациясы
Облыс _______________________________________________________________
Ұйым ________________________________________________________________
Өнiм ________________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы _____________________________________________

Сараптамалық бағалау кестесi

Р/с

Өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер

Сарапшылар

Орташа балл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

2

3

4

1

Отандық аналогпен салыстырғанда техникалық деңгейi (1-10 балл)

2

Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (10 % үшiн 1 балл)

3

Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң артуы (10 % үшiн 1 балл)

4

Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар, сатып алатын ұйымдар тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (0, 10 балл)

5

Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделген) (0, 10 балл)

6

Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (әрбiр 10 % үшiн 1 балл)

7

Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы (0, 10 балл)

8

Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (Кеден одағының бірыңғай нысаны бойынша берілген сертификаттарды, декларацияларды қоса алғанда, сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (0, 10 балл)

9

Өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында компанияның маркетингтік саяси тиімділігі (1-10 балл)

10

Бұйымды жасау кезінде пайдаланылатын инновациялар («ноу-хаудың», өнертабыстың, патенттердің болуы, конструкциялардың жаңалығы) (1-10 балл)

11

Өнімнің эстетикалық ерекшелігі, орамның дизайны, (1-10 балл)

Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт. балл)

Комиссия төрағасы (Т.А.Ә.) ________________________
Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ә.) _________________
Сараптамалық топ мүшелері _________________________
                          _________________________

«Қазақстанның үздік тауары» 
өңірлік және республикалық  
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесіне       
4-қосымша           

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.25 N 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

«Халық тұтынатын үздiк тауарлар» номинациясы
Облыс _______________________________________________________________
Ұйым ________________________________________________________________
Өнiм ________________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы _____________________________________________

Р/с

Өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер

Сарапшылар

Орташа балл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

2

3

4

1

Отандық аналогпен салыстырғанда техникалық деңгейi (1-10 балл)

2

Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (10 % үшiн 1 балл)

3

Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң артуы (10 % үшiн 1 балл)

4

Тұтынушылардың түрлі санаты үшін әлеуметтік маңыздылық деңгейі (аналогпен салыстырғанда бағасы және Қазақстан нарығындағы қолжетiмдiлiгi) (1-10 балл))

5

Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (0, 10 балл)

6

Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделген) (0, 10 балл)

7

Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (әрбiр 10 % үшiн 1 балл)

8

Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы (0, 10 балл)

9

Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (Кеден одағының бірыңғай нысаны бойынша берілген сертификаттарды, декларацияларды қоса алғанда, сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (0, 10 балл)

10

«Буып-түюге, таңбалауға, зат белгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген техникалық регламентінің сақталуы/сақталмауы (0, 10 балл)

11

Өнімнің эстетикалық ерекшелігі, орамның дизайны, (1-10 балл)

Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт. балл)

Комиссия төрағасы (Т.А.Ә.) ________________________
Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ә.) _________________
Сараптамалық топ мүшелері _________________________
                          _________________________

«Қазақстанның үздік тауары» 
өңірлік және республикалық  
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесіне       
5-қосымша           

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.25 N 1086  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

«Үздiк азық-түлiк тауарлар» номинациясы
Облыс _______________________________________________________________
Ұйым ________________________________________________________________
Өнiм ________________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы _____________________________________________

Сараптамалық бағалау кестесi

Р/с

Өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер

Сарапшылар

Орташа балл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

2

3

4

1

Отандық аналогпен салыстырғанда техникалық деңгейi (1-10 балл)

2

Экспортқа шығарылатын өнiмнiң өндiрiлу көлемiнен үлесi (10 % үшiн 1 балл)

3

Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң артуы (10 % үшiн 1 балл)

4

Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар, сатып алатын ұйымдар тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/ болмауы (0, 10 балл)

5

Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделген) (0, 10 балл)

6

Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (әрбiр 10 % үшiн 1 балл)

7

Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы (0, 10 балл)

8

Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (Кеден одағының бірыңғай нысаны бойынша берілген сертификаттарды, декларацияларды қоса алғанда, сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (0, 10 балл)

9

Өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында компанияның маркетингтік саяси тиімділігі (1-10 балл)

10

Бұйымды жасау кезінде пайдаланылатын инновациялар («ноу-хаудың», өнертабыстың, патенттің болуы, конструкциялардың жаңалығы) (1-10 балл)