Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі N 639 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 26, 302-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеде:
16-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі еңбекақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңінде ҚАЖ қызметкері ҚАЖ-дың тиісті органының немесе мекемесінің қарамағына есепке алынады. Үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі еңбекақысы сақталмайтын демалыс уақытында ҚАЖ қызметкерінің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.";
18-тармақтың үшінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"41-тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген, жұмыс уақыты мен демалыстар кезеңінде ауырып қалғаны туралы қызметкер кадр қызметіне және тікелей басшысына хабарлайды.".
19-тармақтың екінші абзацында "және олардың орынбасарларын" деген сөздерден кейін "атқарып отырған лауазымында" деген сөздермен толықтырылсын;
62-тармақтың 1) тармақшасында "ұлттық қауіпсіздік," деген сөздерден кейін "прокуратура, кеден қызметі," деген сөздермен толықтырылсын;
81-тармақтың екінші абзацында "Ол" деген сөз "Қызметтік тергеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
83-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"ҚАЖ қызметкерін тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, ҚАЖ-дың тиісті бөлімшесі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты (көшірмені) ҚАЖ қызметкеріне хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов