Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 552 және 2009 жылғы 10 наурыздағы N 275 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 1123 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 552 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 23, 258-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Исекешев                    - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы               Индустрия және сауда министрі;

Тәжияқов                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы          Банкі Төрағасының орынбасары
                              (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Школьник Владимир Сергеевич, Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы шығарылсын;
      2) "Дағдарысқа қарсы кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 275 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарысқа қарсы кеңестің құрамына:

Бишімбаев                   - Қазақстан Республикасы
Қуандық Уәлиханұлы            Президентінің көмекшісі (келісім
                              бойынша) енгізілсін;
      мына:

"Исекешев                   - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы               Президентінің көмекшісі (келісім
                              бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Исекешев                   - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы               Индустрия және сауда министрі";

      көрсетілген құрамнан Школьник Владимир Сергеевич шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов