Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 шілдедегі N 1109 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3) "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 4, 48-құжат):

      32-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) автокөлік құралдары үшін - үлгіні мақұлдауды растайтын құжаттар.";

      Техникалық регламентке 1-қосымшада:

      Сертификаттау схемаларын қолдануда:

      8-тармақтың үшінші абзацы "өнімдерді" деген сөзден кейін ", сондай-ақ автокөлік құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов