Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі N 1087 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес және Қызылорда облысы Қызылорда қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облыстық және қалалық мәслихаттары мақұлдаған Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспарының жобасы бекітілсін.
      2. "Қызыл-Орда қаласының бас жоспарын бекіту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советінің 1976 жылғы 18 октябрдегі N 475 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 17 шілдедегі
N 1087 қаулысымен   
бекітілген      

Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары 1. Қала туралы жалпы мәліметтер

      Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің оң жағалауында, оның орта ағысында орналасқан. Қызылорда қаласының негізі 1817 жылы бастапқыда Ақмешіт деген атпен қоқандық шапқыншылар салған бекініс ретінде қаланды.
      Қала салынған кезден бастап сауда орталығы қызметін атқарды, бұған оның Ұлы Жібек жолы бойындағы көне керуен жолдарының қиылысында оңтайлы орналасуы әсер етті.
      Орынбор - Ташкент темір жолының салынуы (1901 - 1905 жылдар) қаланың дамуына ерекше серпін берді.
      Қазіргі уақытта қала Ресеймен, Орта Азия республикаларымен, Қазақстан Республикасының өңірлерімен ыңғайлы көлік қатынасы бар, Қызылорда облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Оның аумағы арқылы Орынбор - Ташкент темір жолы және Ақтөбе - Алматы автокөлік жолы өтеді.
      2007 жылы "Урбостиль" (Алматы қаласы) жобалау-қала құрылысы фирмасы, есептік іске асыру мерзімі - 2025 жыл және қала құрылысын дамытудың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді болжамымен Қызылорда қаласының бас жоспарын жасады.

2. Қала құраушы база

      Бас жоспар шаруашылық-экономикалық және аумақтық-функционалдық дамудың ұзақ мерзімді болжамын жасау мақсатында әзірленді және қаланың экономика салалары үшін маңызды жаңару стратегиясы мәселелерінің кешені негізінде жасалды.
      Бұрын Қызылорда қаласы үшін дәстүрлі құрылыс индустриясы, ағаш өңдеу және қағаз өнеркәсібі, қайта өңдеу өнеркәсібі сияқты өнеркәсіптің мамандану салалары экономикалық байланыстардың үзілуі, өткізу нарығының жоқтығы, өндірісті дамытуға инвестициялардың болмауы себептерінен қажетсіз болып қалды.
      Дегенмен, қалада соңғы 10 жыл ішінде қала экономикасын дамыту үшін жаңа серпін берген өнеркәсіптің жаңа саласы - мұнай өндіру саласы пайда болды. Бұл сала кәсіпорындарының қаладан шалғай орналасқандығына қарамастан, мұнда қаланың экономикалық белсенді тұрғындарының 30 %-нан астамы еңбек етеді. Экономиканың бұл саласы әлеуметтік саланың дамуына барынша елеулі үлес қосып келеді.
      Қаланың келешектегі экономикалық даму болжамы өңірдің ресурстық әлеуетін, өнеркәсіптің тарихи қалыптасқан дамуын, облыстың индустриялық-инновациялық дамуының басым бағыттарын талдау негізінде әзірленді.
      Жобада шаруашылықтың басым салалары мен оларды дамытудың бағдарлы параметрлері айқындалған. Бірінші кезеңде мұнай-газ өндіру өнеркәсібін, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларын, құрылыс материалдары индустриясын одан әрі дамыту көзделген.
      Өнеркәсіп құрылысының неғұрлым маңызды және басым объектілері мыналар болып табылады:
      кірпіш зауыты - 30 млн. дана қыш кірпіш ("Айдан Инвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);
      кірпіш зауыты - 30 млн. дана қыш кірпіш ("Мелиоратор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);
      кварцтық құм шығару комбинаты - 136 мың тонна кварцтық құм;
      кальцийлендірілген сода өндіру зауыты - 400 мың тонна кальцийлендірілген сода.
      Бұдан өзге, 2013 жылға дейін жоғарғы сапалы тұз өндіретін цехы ("Арал тұз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), тағамның қатты қалдықтарын қайта өңдеу зауыты, қиыршақ тас, әк және ақ цемент өндіру зауыты, шыны ыдыстарын шығару зауыты, күріш майын шығару зауыты, кірпіш зауыты ("КиД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), сұйық газды тасымалдау терминалы ("Аралгаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), когенерациялық газ-турбиналық электр станциясының II кезегі және тағы басқа құрылыстарды салу болжанып отыр.
      Келешекте мұнай-газ кешенін дамыту негізінде бас жоспарда мұнай-газ өнеркәсібі, мұнай өңдеу және электр-техникалық өнеркәсіпті дамытуға арналған жабдықтар, қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандар өндірісін құру болжанған.
      Жеңіл өнеркәсіп қала үшін жүнді алғашқы өңдеу, қой терісін өңдеу әрі бояу, табиғи былғарыны өңдеу, аяқ киім тігу және сол сияқты неғұрлым перспективалы бағыттарды дамытуға бет алған.
      Облыс аумағында Байқоңыр кешенінің орналасқанын ескере отырып, ғарыштық зерттеулердің отандық бағдарламасын іске асыру мақсатында бас жоспарда Қызылорда қаласында ғарыштық зерттеу орталығын құру болжанады.
      Қаланың Жезқазған - Нүкіс темір жол магистралін салу есебінен өзінің көліктік торап функциясын күшейтудің және Оңтүстік, Батыс, Орталық Қазақстан және Орталық Азияда ірі көліктік орталық болуының зор әлеуеттік мүмкіндігі бар.
      Қазіргі уақытта қалада сауда, білім беру, денсаулық сақтау, транзиттік жүктерге қызмет көрсету кәсіпорындары мен көтерме сауда салаларында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Жобада бұл үрдісті күшейтіп, оны көтерме және бөлшек сауданың өңірлік орталығына айналдыру қарастырылған.
      Қызылорда облысы әр алуан тарихи-мәдени ресурстарға бай, осының базасында қалада жақын перспективада туризмнің әр түрін дамыту көзделіп отыр.

3. Халқы

      Қазіргі уақытта Қызылорда қаласы тұрғындарының саны 204,2 мың адамды құрайды, есепті мерзімде халықтың табиғи өсімі мен көші-қонды ескергенде 310,0 мың адамға жетеді.
      Бас жоспарда халық санының жедел қарқынмен өсу ықтималдығы ескерілген. Қаланың жедел қарқынмен даму нұсқасы үшін аумақты жоспарлы ұйымдастыру 350,0 мың адамға дейінгі халық санының өсуін қамтамасыз ететін аумақтық резервімен орындалды.
      Инженерлік қамтамасыз ету көздерін талдау осындай ауқымды қаланы қамтамасыз ету үшін оның қуатты резервінің бар екенін көрсетті.
      Таяу арадағы 10-15 жылда қала Сырдария өзенінің оң жағалауындағы солтүстік және шығыс бағытта және сол жағалауындағы оңтүстік бағытта дамитын болады.

4. Тұрғын үй құрылысы

      Тұрғын үй құрылысына аумақты белгілеу жөніндегі есептер бас жоспардың жобасы шеңберінде әзірленген, халықты әлеуметтік стратификациялау деректерінің негізінде орындалған, тұрғын үймен қамтамасыз етудің ең төменгі әлеуметтік шегі әр адамға жалпы алаңы 21,0 шаршы метр болады. Кепілдік берілген деңгейден тыс тұрғын үй құрылысын салу тапсырыс берушілердің сұранысы мен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты болады.
      Қолданыстағы тұрғын үйлер бойынша мүмкіндігі шектеулі топтар үшін пандустар мен лифтілер немесе басқа да тұрғын жайлар бөлу көзделеді.
      Жаңа тұрғын үй құрылысының құрылымын жобалауға арналған тапсырысқа сәйкес мынадай қатынастарда қабылданған:
      кіші қабатты құрылыс - 32 %;
      көп қабатты құрылыс - 68 %.
      Жобалаудың барлық кезеңінде мүмкін болған құрылыстың шамалас көлемінің жалпы алаңы 3916,0 шаршы метрді құрайды. Жаңа тұрғын үй құрылысын орналастыру үшін 2025 жылға дейін 3717 гектар аумақ қажет.
      Оңтайлы жобалау құрылымын қалыптастыру процесінде қолда бар құрылысты қайта жаңғырту қажет болады. 2008 - 2025 жылдар кезеңінде жалпы алаңы 210,0 мың шаршы метр ғимараттарды бұзу көзделген.

5. Қызмет көрсету саласы

      Бас жоспар жаңа әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік емес қызмет көрсету нысандарын дамыта отырып үйлестіруде халықтың әлеуметтік маңызды объектілердің тегін қызметімен қамтамасыз етілуінің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізу бағытындағы қала құрылысы талаптарын ескере отырып, әлеуметтік саланы дамытуды көздейді.
      Әлеуметтік саланы дамытудың негізгі басымдықтары мыналар болып табылады:
      облыс орталығы мәртебесіне сәйкес перспективалық даму;
      қолда бар мәдени-ағарту мақсатындағы мекемелерді сақтау;
      Сырдария өзенінде су спорттық және ойын-сауық объектілері мен құрылыстарын салу;
      қала орталығында және Сырдария өзенінің жағалауы бойында жоғарғы деңгейдегі эстетикалық келбеті бар қоғамдық ғимараттар салу.
      Жобаланған кезең ішінде 19315 орынға арналған мектепке дейінгі балалар мекемелері (әрқайсысы 280 орынға арналған 69 балалар бақшасы), 25397 оқушыға арналған жалпы білім беру мектептері (әрқайсысы 1200 орынға арналған 21 мектеп), 150 керуеттік стационары бар перинаталдық орталық, 200 керуеттік көп бейінді балалар ауруханасы, 300 керуеттік қалалық көп бейінді аурухана, 950 керуеттік басқа да стационарлар, ауысымына 4500 келушіге арналған емханалар құрылыстарын салу көзделген.
      Халықты әлеуметтік қорғау бағыты бойынша 150 орынға арналған мугедектерді оңалту орталығын, 570 орындық психоневрологиялық интернат-үйін, 175 орындық балалар интернат-үйін салу ұсынылған.
      Мәдениеттің одан әрі дамуы мәдени мұраларды сақтауға және жаңа объектілерді салуға бағытталған, олар: концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, цирк, әмбебап ойын-сауық залдары және тағы басқалар.
      мынадай құрамда жалпы қалалық спорт орталығын 10-15 гектар аумақта қалыптастыру көзделіп отыр:
      жасанды мұз жамылғысы бар спорт сарайы;
      10,0 мың орындық стадион;
      орталық жүзу бассейні;
      жеңіл атлетика манежі;
      олимпиада резервінің спорттық мектеп-интернаты.
      Президент Паркінің аумағында:
      ат спорты мектебі бар спорттық аймақты;
      қызмет көрсету объектілері бар ойын-сауық аймағын;
      шағын хайуанаттар саябағын орналастыру көзделген.
      Барлық белгіленген объектілерді жобалауға, салуға халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қол жетімділігі көзделіп отыр.

6. Аумақты жоспарлы ұйымдастыру

      Аумақтық дамуды шешу негізіне солтүстік және шығыс бағыттардағы бос аумақтарды игере отырып, қаланың жоспарлау құрылымын қалыптастыру және қала құрылысын Сырдария өзенінің сол жағалауына көшіру қағидаты алынған.
      Қаланың қоғамдық орталығының композициялық шешімі бір-біріне жалғасып жатқан алаңдар жүйесін қалыптастыруға негізделген. Қаланың бұқаралық іс-шаралар өтетін ең басты алаңы - бұл театр алаңына ұласып жатқан, әкімдік алдындағы алаң. "Қорқыт Ата" университетінің жаңа корпусында университет алаңы салынады.
      Қаланың әкімшілік орталығы қала құрылысының ең маңызды өзегінде орналасқан, әуежай жақтан шығатын магистралдан бастау алатын және теміржол вокзалына өтетін, сондай-ақ батыс тұрғын үй аудандарына және құмкөл мұнай кен орны топтарының өндірістік аймағына тармақтары бар қалыптасқан қала құрылысының торабы болып табылады.
      Өңірдің серпінді дамуы осы қала құрылысы торабы функцияларының және оның жаңа сәулет-кеңістігі композициясының кеңеюі мен нығаюын көздейді.
      Қарқынды түрде дамып отырған мұнай бизнесі қаланың бас әкімшілік орталығында іскерлік ынтымақтастық орталығын, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың баспасөз орталығын салуды талап етеді, олар қаланың бас әкімшілік алаңына іргелес орналасқан аймақта бас жоспар бойынша орналасатын болады.
      Қызылорда қаласы Үндістан мен Қытайдан Ресей мен Еуропаға дейін тауарлардың орасан зор мөлшері тасымалданған және әр түрлі халықтар арасында қарым-қатынас дамыған Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жаңғырту бағдарламасына сәйкес қалада қонақ үй кешені мен қызмет көрсету объектілері бар "Жібек жолы" туристік агенттігін орналастыру көзделінуде.
      Сырдария өзенінің рекреациялық аймағын дамытуға және оның жайылмасын абаттандыруға баса назар аударылады. Қала келбетін қалыптастыруға әсер ететін басты басымдық ретіндегі өзеннің маңызын ескере отырып, Сырдария жағалауын көркейту көзделуде. Жағалау - қала құрылымының желілік элементі, оның ұзына бойғы учаскелерін жасыл шоғырлар, тамашалау алаңдарын, перголалар, орындықтар мен әртүрлі шағын сәулеттік нысандар сияқты объектілерді салу есебінен түрлендіру ұсынылады.
      Аумақтың қалыптасқан функционалдық аймақтары сақталады және қоғамдық орталық жүйелерінде, жасыл желектер отырғызуды ұйымдастыруда, оңтайлы көлік схемасын жасауда одан әрі дамитын болады. Қаланың өнеркәсіп аймақтарында экологиялық жағынан таза өндірістерді орналастыру аймақтарын ретке келтіру көзделеді.
      Қызылорда қаласының Бас жоспары аумақты тұтастай абаттандыруға қатысты ұсынымдар мен нақты іс-шаралар, сондай-ақ атап айтқанда муниципалдық инфрақұрылым объектілерін дамыту жоспарларын іске асыру түрінде жергілікті билік және басқару органдары үшін әзірленген және соларға арналған.
      Қала құрылысы және жерді пайдалану саласындағы қалыптасып жатқан жаңа экономикалық қатынастарды ескере отырып, бас жоспар құрамында және оның шешімдері негізінде аумақтарды қала құрылыстық кодтау бойынша ұсыныстар әзірленді.
      Аумақтарды қала құрылыстық кодтауды әзірлеу бас жоспарды іске асыруға, қаланың және оның құрылымдық элементтерінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге, қала аумақтарының қала құрылысы әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
      Бас жоспар Қызылорда қаласы әкімдігінің шегіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін әзірленген. Қала шеңбері шегіндегі қала жерлерінің жалпы көлемі 11084 гектарды құрайды. Жобалау кезеңі ішінде 3093 гектар көлеміндегі резервтік және құрылыс салудан бос жерлерді игеру көзделген.

7. Көлік инфрақұрылымын дамыту

      Бас жоспарда:
      сыртқы көлік (әуе, темір жол, автокөлік) торабын дамыту;
      көше-жол торабын және инженерлік көлік құрылыстарын жетілдіру;
      қаланың жылжымалы автопарк құрамын жетілдіру;
      автокөлікке май құю станциялары торабын және көлікке техникалық қызмет көрсетуді дамыту көзделген.
      Сыртқы көлік инфрақұрылымын тиімді дамытуға арналған іс-шаралар: Жезқазған - Арал - Бейнеу арқылы Каспий теңізіне, Ақтау теңіз айлағы арқылы Таяу Шығыс елдеріне шығатын Жезқазған - Қызылорда жаңа темір жол желісін салу;
      жергілікті бағыттар бойынша жаңа жолаушылар поезын жасақтау; Қызылорда әуежайында жүк терминалын салу, ұшақ паркін толықтыру және жаңалау, қалада әуежай вокзалын салу;
      жергілікті және халықаралық маңызы бар жаңа жүк және жолаушылар рейстерін ашу болып табылады.
      Қалаішілік көлік жүйесін дамыту бөлігінде мынадай іс-шаралар көзделеді:
      Жібек жолы даңғылы мен Мостовая көшесінің қиылысындағы ауданда сыйымдылығы 400 жолаушыға арналған жаңа автовокзалын салу;
      жалпы қалалық және аудандық маңызы бар жаңа магистралдар салу және қолданыстағы магистралдарды қайта жаңғырту;
      қала айналасына республикалық маңызы бар М-32 (Шымкент - Самара) автомобиль жолының халықаралық көлік дәлізі учаскесі - ұзындығы 22 километр болатын жаңа айналма жолын жасақтау;
      Сырдария өзені арқылы қаланың оң жағалау бөлігінің келешекте сол жағалау құрылысымен байланысын қамтамасыз ететін екі автокөлік және екі жаяу жүргіншілер көпірлерін салу;
      темір жол үстінен үш жол өткелін салу;
      жалпы қалалық маңызы бар магистралдармен жүрдек көлік айналмасы қиылыстарында әртүрлі деңгейдегі жеті көлік айрықтарын, сондай-ақ қалаішілік магистралдар қиылысында туннелдік тұрпаттағы сегіз айрықтар салу;
      қалалық автобус паркін ұлғайту және жаңалау, жаңадан жолаушылар тасымалдау автокөлік кәсіпорындарын кеңейту және салу, жаңа автобус бағыттарын ашу;
      автомобильдерді тұрақты және уақытша қоюға арналған әртүрлі типтегі гараждар мен автотұрақтар, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету станциялары мен автокөлікке май құю станцияларын салу.
      Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан орындарда, сондай-ақ халық барынша көп жиналатын орындарда ілеспелі дыбыс пен жарық арқылы белгі беретін арнайы бағдаршамдар, жол белгілері мен көрсеткіштер орнату және дыбыс пен жарық арқылы белгі беретін құрылғылар орнатылған жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер жасау көзделеді.

8. Аумақты инженерлік дайындау

      Бас жоспарда қала аумағында жер беті сарқындыларын ағызып әкетуді ұйымдастыру, топырақ қабатындағы судың деңгейін төмендету, жасыл желектерді суаруды ұйымдастыру, жағалау бойын абаттандыра отырып, қала аумағын Сырдария өзенінің тасқын суы басуынан қорғау көзделген.
      Құрылыс салуға қала жерлерін тиімді пайдалануға арналған негізгі іс-шаралар мыналар болып табылады:
      қала аумағынан жер беті суларын жинау және ағызып әкетуге арналған тазарту құрылыстары бар ұзындығы 50,5 километр болатын жабық нөсерлі кәріз жүйесін салу;
      тік дренаждар жүйесін (62 ұңғыма) және Сырдария өзенінің жағалары бойында ұзындығы 16,7 километр болатын бөгет алды көлденең жабық коллекторлар салу;
      су жинау құрылыстары бар қолданыстағы магистралдық суландыру арналарын қайта жаңғырту (15 километр), перспективалық құрылыс салу аумағында суландыру арналары жүйесін (68 километр) және үй іргесіндегі учаскелер мен қаланың жасыл желектерін суаруға арналған арықтар жүйесін (346 километр) салу;
      қала құрылыстарын тасқын су басудан қорғау үшін Сырдария өзенінің оң және сол жағалауы бойына ұзындығы 25 километр топырақ бөгет үйіндісін (бөгет жотасының белгісі 130,0 метр) салу. Бөгеттерді еңіс монолит темір бетонымен бекіту көзделеді.
      Қорқыт Ата ескерткіші ауданындағы бөгет металдан жасалған шпунттық қабырғалықтармен бекітіледі. Бөгеттің үстінен асфальт жамылғысы бар жол төселеді. Қаланың орталық бөлігіндегі бөгет тамашалау алаңдары мен суға таяу баспалдақтары бар жағалауды абаттандырумен бірге жасалады.
      Бұдан өзге, қыс мезгілінде Тоқтағұл су қоймасынан (Қырғызстан) жіберілетін судың Сырдария өзенінен шығып қала аумағын басып кету қаупінің алдын алу үшін бас жоспарда су жинақтаушы - Көксарай су қоймасы құрылысын жүзеге асыру ұсынылады. Жаз мезгілінде Көксарай су қоймасының суы ауыл шаруашылығы жерлерін суаруға пайдаланылады.

9. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту

      Сумен жабдықтау
      Перспективада қаланы сумен жабдықтау көздері Қызылорда кен орнының жерасты сулары (75,0 мың м 3 /тәулік), Қызылжарма кен орнының жерасты сулары (6,2 мың м 3 /тәулік) және Сырдария өзенінің жоғарғы ағыны (22,5 мың м 3 /тәулік) болып табылады.
      Бас жоспарда қаланы сумен жабдықтау жүйесін дамытудың мынадай бағыттары көзделген:
      оның өнімділігін Q ор.тәулік - 88,3 мың м 3 /тәулік, шаруашылық - ауыз су, өнеркәсіптік және өртке қарсы су құбырының (Q ең жоғ.тәулік   - 103,71 дейін ұлғайта отырып, қолданыстағы су құбыры жүйесін сақтау және дамыту;
      техникалық сумен жабдықтау жүйесін салу (Q ор.тәулік - 31,64 мың м 3 /тәулік; Q ең жоғ.тәулік - 32,16 мың м 3 /тәулік);
      ұзындығы 116,0 километр болатын су айдау жүйелері мен су құбыры тораптары алаңдарын, техникалық су құбыры мен тораптарын (16,0 километр) және ұзындығы 218,2 километр болатын магистральдық және су құбыры тораптарын салу есебінен сумен жабдықтау жүйесінің сенімділік деңгейін жоғарлату.

      Су бөлу
      Кәріз су жүйесін дамыту бөлігінде бас жоспарда мыналар көзделген:
      2007 жылы салынған және пайдалануға берілген қуаттылығы тәулігіне 70 мың м 3 сарқынды суды биологиялық тазарту станцияларындағы сарқынды суды тазарту есебінен кәріз жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін жоғарлату;
      қолданыстағы қысымды (38,8 километр) және 60,2 километр өздігінен ағатын коллекторларды қайта жаңғырту;
      кәріз торабын дамыту, жаңа магистралдық коллекторлар мен қысымды құбырларды (191,4 километр) салу, қолданыстағы сорап станцияларын қайта жаңғырту (27 бірлік), жаңа айдау сорап станцияларын (35 бірлік) салу;
      қала кәрізіне зиянды заттар қоспасының жіберілуін болдырмау мақсатында кәсіпорындарда қазіргі заманғы технологиялық процестерді енгізу, аэрация станцияларында биологиялық тазалаудың жаңа технологиясын енгізу есебінен сарқынды суды тазалау технологиясы мен сапасын жетілдіру.

      Жылумен жабдықтау
      Бас жоспарда Қызылорда қаласын жылумен жабдықтау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
      жылумен жабдықтаудың қалыптасқан жүйелерін қазіргі заманғы технологиялар мен жабдықтар базасында жетілдіру, техникалық қайта жарақтандыру және дамыту;
      бір орталықтан жылумен жабдықталмайтын аймақтарда қазіргі заманғы автономды жылу көздерін енгізу;
      жаңа жылу магистралдарын салу, жылу берудің қалыптасқан аймақтарында жылу магистралдарының жекеленген учаскелерін күшейту;
      жаңа тұрғын аудандарды қолданыстағы орталықтандырылған жылумен жабдықтау көздеріне қосу есебінен көп қабатты үй құрылыстарын жылу жүктемесімен қамтамасыз ету;
      қазіргі заманғы жабдықтарды қолдана отырып, жылу электр орталығын қайта жаңғырту және экологиялық таза отын - табиғи газға көшіру;
      аудандық қазандықты кеңейту, Қызылорда эксперименталдық жөндеу-механикалық зауытының қазандығын кеңейту.

      Электрмен жабдықтау
      Қаланы электрмен жабдықтау көзі "Қызылордажылуэлектрорталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып табылады. Қаланың электрмен жабдықтау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мыналар:
      конгенерациялық газ-турбиналық электр станциясын кеңейту;
      "Комсомол" 25/10 кВ, "ГМЗ" 35/10 кВ, "Сутоған" 35/6 кВ, "Оңтүстік" 35/10 кВ, "Батыс" 35/10 кВ, "Залинейная" 35/10 кВ кіші станцияларын қайта жаңғырту;
      "Шұғыла" 110/35/10 кВ, "Шығыс" 110/10 кВ, "Талдыарал" 110/10 кВ, "Индустриялық аймақ" 110/35/10 кВ, "Орталық" 110/10 кВ, "Тасбөгет-2" 110/10 кВ, "Әуежай" 110/35/10 кВ жаңа кіші станцияларын салу;
      перспективаны ескере отырып, қолданыстағы құрылыс аймақтарындағы электр тораптары мен құрылыстарын қайта жаңғырту және техникалық қайта жарықтандыру;
      электр энергиясын пайдаланғаны үшін сараланған тарифтерді енгізе отырып, пайдаланудың барлық салаларында электр үнемдеу іс-шараларын енгізу.

      Газбен жабдықтау
      Қазіргі уақытта қаланы газбен жабдықтау ілеспе және сығымдалған  газбен жүзеге асуда. Келешекте (2007 - 2025 жылдары) қала тұтынушыларын Арысқұм бассейнінің мұнай-газ кен орындарының өңделген ілеспе газымен жабдықтауға көшіру көзделуде. 2025 жылға табиғи газды пайдалану деңгейі - жылына 753,0 млн. м 3 болады, оның ішінде өндірістік кәсіпорындар үшін - жылына 254,0 млн. м 3 , коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін - жылына 39,0 млн. м 3 , жылу-энергия өндіретін кәсіпорындар үшін - жылына 240,0 млн. м 3 , тұрғындар үшін - жылына 220,0 млн. м 3 .

      Телефондандыру
      Қазіргі уақытта қалалық телефон жүйесінің жалпы сыйымдылығы 42633 нөмір. Қолданыстағы коммутациялық жабдық негізінен 2002 - 2007 жылдар аралығында қондырылған. Бас жоспарда мыналар ұсынылады:
      моральдік және тұрпаттық жағынан ескірген автоматтандырылған телефон станцияларын сандық кең жолақты абоненттік өнімге алмастыра отырып, 2002-2007 жылдары басталған телефон торабын жаңғырту мен дамытуды жалғастыру;
      телефондандыру деңгейін көтеру - құрылыстың бірінші кезеңінде есептік мерзімге - 100 тұрғынға 40 нөмірге (123 000) арналған 100 тұрғынға 33 нөмірге (79 800 нөмір) дейін телефон тығыздығын орнату;
      оптикалық-талшықты кабельдерді қолдана отырып, абоненттік торап құру.
      Телекоммуникация торабын сандық жүйелендіру және оптикалық-талшықты технологияға көшіру қазіргі заманғы қызметтердің көптеген тізбесін ұсынуға мүмкіндік береді, олардың негізгілері:
      сөз, сандық ақпаратты шектеусіз, пакеттік режимді қамтитын ақпарат беру;
      телефакс, телемәтін, бейне мәтін, бейне телефонды қамтитын телесервис қызметтері.
      Телевизиялық хабар тарату меншікті телеорталықтан жүзеге асырылады. Жергілікті телевизиялық көрсетімдері, республикалық телевизиялық көрсетімдерді, қазақстандық коммерциялық арналарды, қоғамдық ресейлік телевизиялық көрсетімдерді трансляциялау жүргізіледі.
      Бас жоспарда телевизиялық бағдарламаларды спутник арқылы қабылдаудың шексіз мүмкіндіктерін пайдалану көзделеді.

10. Қоршаған ортаны қорғау

      Бас жоспар құрамында "Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау" бөлімі бар, онда барлық қоршаған ортаның: жер ресурстарының, әуе бассейнінің, жер беті және жер асты суларының қазіргі заманғы жай-күйіне талдау берілген. Қазіргі кезде және перспективада әуе бассейнінің ластануы есебі жүргізілген. Әуе бассейні ластануының рұқсат етілген аумағын азайтуға, қала аумағының топырақты-өсімдік қабатының жай-күйін оңалту мен жақсартуға ықпал ететін іс-шаралар берілген.
      Бөлім Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 8 тамыздағы N 141-п Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі бұйрығының негізінде Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен келісілген.

11. Қаланы дамытуға арналған салалық құрылым мен
инвестициялар серпіні

      1-кестеде қала шаруашылығына салынатын инвестициялардың 2007 - 2025 жылдарға арналған салалық құрылымы берілген. Кестеге мұнай-газ өндіру өнеркәсібін дамытуға арналған инвестициялар енгізілмеген, өйткені олар қаладан тыс шалғай жерлерде жүргізілетін болады.

1-кесте

      2007 - 2025 жылдарға арналған қала шаруашылығын дамыту үшін инвестициялардың салалық құрылымы

(2007 жылғы бағамен)

Р/с
N

Сала

Жобалау кезеңі үшін барлығы, млн. теңге

Жиынына %

Оның ішінде I кезекте 2007 - 2013 жылдар

Жиынына %

1

2

3

4

5

6


Инвестициялардың барлығы

648814,6 100,0 184970,5 100,0

оның ішінде:





1

Тұрғын-үй құрылысы (жеке инвестицияларды қоса алғанда)

238876,0

36,8

46116,0

24,9

2

Мәдени-тұрмыстық құрылыс

143325,0

22,0

27670,0

15,0

3

Көлік - барлығы

39834,3

6,1

15024,3

8,2


оның ішінде:






Сыртқы көлік

28681,5

-

10901,5

-


Қалаішілік көлік

11152,8

-

4122,8

-

4

Көше-жол торабы

29630,0

4,6

8320,0

4,4

5

Ииженерлік инфрақұрылым - барлығы

123864,2

19,1

74000,8

40,1


оның ішінде:






Сумен жабдықтау

21505,6

-

16426,6

-


шаруашылық-ауыз суы

20544,3

-

16022,0

-


техникалық

961,3

-

404,6

-


Кәріз

14871,0

-

11155,7

-


Электрмен жабдықтау

16000,0

-

9500,0

-


Жылумен жабдықтау

35037,0

-

11173,0

-


Газбен жабдықтау

31436,4

-

24241,2

-


Телефондандыру

5014,2

-

1504,3

-

6

Аумақты инженерлік даярлау

9514,7

1,5

2769,0

1,5

7

Жасыл желектерді отырғызу

4262,7

0,7

615,0

0,3

8

Өзгелері

59507,7

9,2

10455,4

5,6

      Инвестициялардың неғұрлым елеулі көлемдері (барлық көздерден) тұрғын үй құрылысына, көлік құрылысына және қызмет көрсету саласы объектілерінің құрылысына бағытталуы тиіс.
      Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға - 123864,2 млрд. теңге бағыттау керек. Инженерлік құрылым салалары арасында неғұрлым капиталды қажет ететіндері: жылумен жабдықтау - 35037,0 млрд. теңге, сумен жабдықтау - 21 505,6 млрд. теңге, кәріз - 14871,7 млрд. теңге және аумақты инженерлік даярлау - 9514,7 млрд. теңге.
      Құрылыстың орташа жылдық көлемі мынаны құрайды:
      есептік кезең үшін барлығы - 36045,3 млрд. теңге;
      құрылыстың I кезеңі бойынша - 31828,6 млрд. теңге.
      Қаланың қаржы мүмкіндіктерімен (барлық көздерден) I кезеңге арналған инвестициялардағы қажеттіліктерді салыстыру республикалық бюджеттен және басқа да көздерден қосымша елеулі қаражат тартылмаған жағдайда қаланы дамыту бойынша бірінші кезекті іс-шаралар бағдарламасы 20 - 30 % ғана орындалатындығын көрсетті.
      Сәйкесінше, бас жоспармен жобаланып отырған құрылыс бағдарламаларын орындауға корпоративтік, жеке капиталдың қосымша инвестицияларын, кредиттік қаражатын және тағы басқасын тарту қажет.

2-кесте

Қаржыландыру түрлеріне байланысты инвестицияларды бөлу

млн. теңге

Р/с
N

Көрсеткіштер

2007 - 2025 жылдар кезеңі үшін инвестициялардың барлығы

оның ішінде:

бюджеттік инвестициялар

жеке инвестициялар

шетелдік инвестициялар

қарыз қаражаты

1

2

3

4

5

6

7


Қала құрылысына арналған инвестициялардың барлығы

648814,6 266263,0 277441,7 17295,5 87814,4

1

Тұрғын үй құрылысы (жеке үй құрылысын қоса алғанда)

238876,0

47775,5

119437,5

-

71663,0

2

Мәдени-тұрмыстық құрылыс

143325,0

42997,5

71662,5

14332,5

14332,5

3

Көлік - барлығы:

39834,3

32027,3

7807,0

-

-


Сыртқы көлік

28681,5

28681,5

-

-

-


Қала ішілік көлік

11152,8

3345,8

7807,0

-

-

4

Көше-жол торабы

29630,0

26141,0

526,0

2963,0

-

5

Инженерлік инфрақұрылым

123864,2

86215,3

35829,8

-

1818,9


оның ішінде:







Сумен жабдықтау

21505,6

19469,0

961,3

-

1075,3


Кәріз

14871,7

10410,2

3717,9

-

743,6


Электрмен жабдықтау

16000,0

14400,0

1600,0

-

-


Жылумен жабдықтау

35037,0

35037,0

-

-

-


Газбен жабдықтау

31436,4

5394,8

26042,4

-

-


Телефондандыру

5014,2

1504,3

3509,9

-

-

6

Аумақты инженерлік даярлау

9514,7

6660,0

2854,4

-

-

7

Жасыл желектерді ұйымдастыру

4262,7

2131,4

2131,3

-

-

8

Басқалары

59507,0

22315,0

37193,2

-

-

      Мекемелер және мәдени, әлеуметтік, тұрмыстық нысандардан басқа, сондай-ақ сауданы қосқанда көркейту, көгалдандыру, рекриациялық нысандарын, кеңселер, көлік және инженерлік инфрақұрылымдар (жеке меншіктегі үйлер, квартал ішіндегі құрылыстар) құрылысының бір бөлігі жеке инвестициялардың есебінен қаржыландырылуы тиіс.

3-кесте

      Республикалық және жергілікті бюджеттік инвестицияларды 2007 - 2025 жылдарға бөлу

млн. теңге

Р/с
N

Көрсеткіштер

Қажетті бюджеттік инвестициялар, барлығы

оның ішінде:

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

1

2

3

4

5


Қала құрылысына арналған барлық инвестициялар

266263,0 58376,8 207886,2

1

Тұрғын үй құрылысы (жеке құрылысты қосқанда)

47775,5

-

47775,5

2

Мәдени-тұрмыстық құрылыс

42997,5

-

42997,5

3

Көлік - барлығы

32027,3

5736,3

26291,0


Сыртқы көлік

28681,5

5736,3

22945,2


Қала ішіндегі көлік

3345,8

-

3345,8

4

Көше-жол торабы

26141,0

-

26141,0

5

Инженерлік инфрақұрылым барлығы

86215,3

42601,8

43612,7


оның ішінде:





Сумен қамтамасыз ету

19469,0

8761,0

10708,0


Кәріз

10410,2

1041,0

9369,2


Электрмен қамтамасыз ету

14400,0

2880,0

11520


Жылумен қамтамасыз ету

35037,0

24525,0

10511,2


Газбен қамтамасыз ету

5394,8

5394,8

-


Телефондандыру

1504,3

-

1504,3

6

Аумақты инженерлік даярлау

6660,0

3330,0

3333,0

7

Жасыл желектерді отырғызу

2131,4

-

2131,4

8

Өзгелері

22315,0

6708,7

15604,1

4-кесте

Қала құрылысына арналған қаржыландырудың құрылымы

млн. теңге

Бюджеттік қаражат

Барлығы

Оның ішінде, бірінші кезекте 2007-2013 жылдар

оның ішінде жылдар бойынша:

2007

2008

2009

2010

2011

2012

1

2

3

4

5

6

7

8

9

оның ішінде:









Республикалық бюджет

58376,8

29658,4

4636,2

9720,4

7391,2

4673,4

3237,2

-

Жергілікті бюджет

207886,2

116786,3

17486,3

19000,0

19500,0

19800,0

20000,0

21000,0

Барлығы

266263,0 146444,7 22122,5 28720,4 26891,2 24473,4 23237,2 21000,0

Жеке инвестициялар

277441,7

-

-

-

-

-

-

-

Кредит қаражаты

87814,4

-

-

-

-

-

-

-

Өзгелері

17295,5

-

-

-

-

-

-

-

Жиыны

648814,6

-

-

-

-

-

-

-

Жобаның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Р/с
N

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Жылдар бойынша көрсеткіштер

Бастапқы жыл 2006 жыл

Бірінші кезек 2013 жыл

Есепті жыл 2025 жыл

1

2

3

4

5

6


Аумақ





1

Қалалық аумақ шегіндегі қалалық жерлердің жалпы көлемі - барлығы

гектар

11036,0

11036,0

11084,0


оның ішінде:






Тұрғын және қоғамдық құрылыс, оның ішінде:

гектар

3905,0

4078,5

5490,7


жеке үй құрылысы

гектар

3302,0

3302,0

4035,8


2-3 қабатты көппәтерлі үйлер құрылысы

гектар

180,0

249,5

244,5


көп қабатты көппәтерлі үйлер құрылысы

гектар

271,5

347,0

908,2


қоғамдық құрылыстар

гектар

151,5

180,0

302,2


Өндірістік және коммуналдық-қойма құрылысы, оның ішінде:

гектар

1174,0

1236,0

1608,3


өндірістік құрылыстар

гектар

502,0

534,0

683,3


коммуналдық құрылыстар

гектар

429,0

444,0

557,0


қойма құрылыстары

гектар

243,0

258,0

368,0


Көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар






оның ішінде: сыртқы көлік

гектар

191,0

191,0

191,0


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, оның ішінде:






қорықтар

гектар

-

-

-


қаумалдар

гектар

-

-

-


табиғат ескерткіштері

гектар

-

-

-


орман және орманды саябақтар

гектар

-

-

-


Су қоймалары және су айдындары, оның ішінде:






табиғи емес және жасанды су қоймалары

гектар

-

-

-


су қорғау аймақтары

гектар

478,0

478,0

478,0


оның ішінде:

гектар





гидротехникалық құрылыстар (бөгет)

гектар

-

6,3

6,3


сушаруашылық құрылыстар

гектар

-

-

-


Ауыл шаруашылық пайдалану, оның ішінде:

гектар

-

-

-


егістік жерлер

гектар

-

-

-


бақтар мен жүзімдіктер

гектар

-

-

-


шабындықтар, жайылымдар

гектар

-

-

-


Жалпы пайдаланудағы, оның ішінде:

гектар

617,0

850,5

1844,0


көшелер, жолдар, жол өткелдері

гектар

250,0

370,5

1110,0


су қоймалары, жағажайлар, жағалаулар

гектар

263,0

336,0

434,0


саябақтар, скверлер, бульварлар

гектар

104,0

144,0

300,0


Резервтік:

гектар

4671,0

4202,0

1472,0


оның ішінде: селитибтік аумақтарды дамыту үшін


3382,0

2966,0

342,0


өнеркәсіп-өндірістік және коммуналдық аумақтарды дамыту үшін

гектар

1000,0

947,0

947,0


рекреациялық және өзге де аймақтарды ұйымдастыру үшін

гектар

289,0

289,0

183,0


Жалпы жер көлемінен:






мемлекеттік меншік жерлері

гектар

905,0

905,0

905,0


коммуналдық меншік жерлері

гектар

8625,0

7545,0

5631,0


жеке меншік жерлері

гектар

1506,0

2586,0

4545,0


Қала маңындағы аумақ

гектар

6412,2

6412,2

6412,2


Елді мекендердің жерлері

гектар

-

-

-


Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және тағы өзге де жерлер

гектар

-

-

-


Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер

гектар

6151,1

6151,1

3738,1


оның ішінде: күріш алқаптары

гектар

191,2

191,2

191,2


Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлері

гектар

-

-

-


Орман қорының жерлері

гектар

-

-

-


Су қорының жерлері

гектар

69,6

69,9

69,9


Желден қорғау белдеулері

гектар

-

-

2413,0


Қала маңы аумағы жерлерінің жалпы санынан






мемлекеттік меншік жерлері

гектар

1282,4

1282,4

1282,4


жеке меншік жерлері

гектар

5129,8

5129,8

5129,8


Халқы





2

Бағынысты елді мекендерді ескере отырып, халықтың саны

мың адам

204,2

240,0

310,0


Халықтың тығыздығы






Селитибтік аумақ шегінде

адам/ гектар

20,7

22,5

33,0


Қала құрылысы шегінде

адам/ гектар

17,8

19,0

25,4


Халық жасының құрылымы:






15 жасқа дейінгі балалар

%

30,8

30,5

30,0


Еңбекке қабілетті жастағы халық (ерлер 16-63, әйелдер 16-58)

%

61,9

62,0

62,2


Еңбекке қабілетті жастан жоғары халық

%

7,3

7,5

7,8


Отбасылы және жалғыз басты тұрғындар саны, барлығы

мың адам





Отбасылы тұрғындар саны

мың адам

50539,0

59400,0

76725,0


Жалғыз басты тұрғындар саны

мың адам

2042,0

2400,0

3100,0


Экономика саласында жұмыс істейтін халық саны

мың адам

91,6

108,5

147,1


Тұрғын үй құрылысы





3

Тұрғын үй қоры - барлығы

мың м 2

2804,0

3500,0

6510,0


оның ішінде:

мың м 2





Жеке меншікте

мың м 2

2804,0

3314,0

2626,0


Жалға алынған

мың м 2

-

-

966,0


Коммуналдық

мың м 2

-

186,0

2920,0


70 % аса тозған тұрғын үй қоры

мың м 2

-

40,0

130,0


Сақталған тұрғын үй қоры

мың м 2

2804,0

3500,0

6510,0


Қабаттылығы бойынша тұрғын үй қорын бөлу

мың м 2





Бір қабатты қосалқы

мың м 2

1484,0

1782,0

2624,0


Аз қабатты (2-3 қабатты) көп пәтерлі

мың м 2

222,3

315,6

285,6


Орта қабатты (4-5-қабатты) көп пәтерлі

мың м 2

1076,0

1205,7

3173,7


Көп пәтерлі көпқабатты

мың м 2

21,7

196,7

426,7


Тұрғын үй қорынан шығыны

мың м 2

-

60,0

150,0


оның ішінде:

мың м 2





Техникалық жай-күйі бойынша

мың м 2

-

40,0

130,0


Қайта жаңарту бойынша

мың м 2

-

20,0

20,0


Жаңа тұрғын үй құрылысы, барлығы

мың м 2

-

756,0

3160,0


оның ішінде:

мың м 2





Жеке

мың м 2

-

530,0

1661,0


Жалға алынған

мың м 2

-

40,0

966,0


Коммуналдық

мың м 2

-

186,0

533,0


Қабаттылығы бойынша жаңа тұрғын үй құрылысының ара қатынасы

мың м 2





Бір қабатты

мың м 2

-

358,0

922,0


2-3 қабатты көп пәтерлі

мың м 2

-

93,3

-


4-5 қабатты көп пәтерлі

мың м 2

-

129,7

2008,0


Көп пәтерлі көп қабатты

мың м 2

-

175,0

230,0


Мәдени ойын-сауық және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері





4

Әлеуметтік объектілер:






Мектепке дейінгі балалар мекемелері

орын
-------
1000 адамға

2385
-------
11,6

3225
-------
13,4

21700
-------
70,0


оның ішінде: мемлекеттік/жеке


2205
-------
180

2975
-------
250

21280
-------
420


Жалпы білім беретін мектептер

орын
-------
1000 адамға

44515
-------
211,0

45608
-------
180,0

58100
-------
180,0


оның ішінде: мемлекеттік/жеке


44515
-------
-

45608
-------
-

56500
-------
1600


Емханалар

келу
-------
1000 адамға

4438,0
--------
20,0

7110,0
--------
25,0

8940,0
-------
26,0


оның ішінде: мемлекеттік/жеке


4238
-------
200

6610
-------
500

7940
-------
1000


Ауруханалар

кереует
-------
1000 адамға

3250
-------
10,0

3890
-------
12,0

4185
-------
13,5


оның ішінде: мемлекеттік/жеке


3150
--------
200

3690
-------
200

3685
-------
500


Театрлар

орын
-------
1000 адамға

600,0
--------
3,2

1200,0
-------
5,0

1550,0
-------
5,0


оның ішінде: мемлекеттік/жеке


660,0
--------
-

1200
--------
-

1200
-------
350


Кітапханалар

мың бірлікті сақтау

990,0

960,0

1240,0


оның ішінде: мемлекеттік/жеке


990
--------
-

960
--------
-

1140
-------
100


Өрт сөндіру деполары

Автомобиль

25,0

27,0

53,0


оның ішінде: мемлекеттік/жеке


25
--------
-

27
--------
-

53
-------
-


Мәдени ойын-сауық мекемелері (қажеттілік)






Кинотеатрлар (жеке)

орын

3200,0

6000,0

7750,0


Мүдделер бойынша клубтар, лекция оқу залдары, би залдары (жеке)

орын

1280,0

6000,0

7750,0


Ірі дүкендер (жеке)

м 2 сауда ауданы

20900,0

40320,0

52080,0


Жалпы пайдаланымдағы спорттық залдар (фитнесс-орталықтары)

м 2

1400,0

9600,0

12400,0


оның ішінде: мемлекеттік/жеке


700
--------
700

7900
--------
1700

10000
-------
2400


Ашық және жабық бассейіндер (жеке)

м 2 су

1392,0

1392,0

6200,0


Мейрамханалар, дәмханалар, барлар (жеке)

орын

2310,0

5760,0

7440,0


Ұзақ мерзімді демалыс мекемелері (жеке)

орын

50,0

150,0

300,0


Көлікпен қамтамасыз ету





5

Жолаушылар қоғамдық көлігі желілерінің ұзындығы, барлығы

километр

85,6

135,8

210,0


оның ішінде:






Электрлендірілген темір жолдар

километр еселенген жол

-

-

-


Метрополитен

километр еселенген жол

-

-

-


Трамвай

километр еселенген жол

-

-

-


Троллейбус

километр еселенген жол

-

-

-


Автобус

километр еселенген жол

85,6

135,8

210,0


Магистральдық көшелер мен жолдар қашықтығы, барлығы

километр

343,2 320,0 431,0

оның ішінде:






Жылдам қозғалыс жолдары

километр

-

22,0

32,0


Жалпы қалалық маңызы бар магистральдар

километр

48,6

61,8

113,8


Аудандық маңызы бар магистральдар

километр

87,0

104,0

163,0


Тұрғын көшелер

километр

171,6

104,2

92,2


Кенттік жолдар

километр

19,0

5,0

-


Өндірістік жолдар

километр

17,0

23,0

30,0


Сыртқы көлік






оның ішінде:






Теміржол, оның ішінде жолаушылар

Мың жолаушы/ жыл

672,5

870,0

980,0


жүктер

мың тонна /жыл

1233,0

1969,3

2560,0


Әуе, оның ішінде жолаушылар

мың жолаушы/ жыл

40,0

55,0

90,0


жүктер

мың тонна /жыл

50,0

100,0

200,0


Көліктік, оның ішінде жолаушылар

мың жолаушы/ жыл

28,7

54,0

100,7


жүктер

мың тонна /жыл

2860,0

3900,0

9300,0


Өзен, оның ішінде жолаушылар

мың жолаушы /жыл

-

-

-


жүктер

мың тонна /жыл

-

-

-


Теңіз, оның ішінде жолаушылар

мың тонна /жыл

-

-

-


жүктер

мың тонна /жыл

-

-

-


құбыр, оның ішінде жүктер

мың м 3 /тәулік

420000

700000

1000000


Көше-жол жүйесінің тығыздығы






қала, кент құрылысы шегінде

километр

1,6

1,85

2,1


қала маңындағы аумақ шегінде

километр

-

-

-


Инженерлік жабдық





6

Сумен жабдықтау






Шаруашылық-ауыз суларының жиынтығы, барлығы

мың м 3 /тәулік

24,2

64,62

88,34


оның ішінде:






шаруашылық ауыз сулар қажеттілігіне

мың м 3 /тәулік

-

60,91

82,08


өндірістік мақсаттар үшін

мың м 3 /тәулік

-

3,71

6,26


Су құбыры бас ғимараттарының қуаты

мың м 3 /тәулік

22,5

22,50

22,50


Сумен жабдықтаудың пайдаланылатын көздері:






жер асты су алулары

мың м 3 /тәулік

29,7

42,12

65,84


жер үстіндегі көздерінен су алулар

мың м 3 /тәулік





орталықтандырмаған су көздері

мың м 3

22,5

22,50

22,50


Бекітілген жер асты суларының қоры ГКҚ

мың м 3

147,6

147,60

147,60


(бекіту уақыты, есептік мерзім)

-

26.12.74 жылдан 1999 жылға

26.12.74 жылдан 1999 жылға

26.12.74 жылдан 1999 жылға


Орташа есеппен 1 адам/тәулікке шаққанда суды пайдалану

литр/ тәулік

104,8

269,00

285,00


оның ішінде: шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне

литр/ тәулік

-

253,40

264,80


Техникалық сумен жабдықтау, барлығы

мың м 3 /тәулік

-

29,29

53,34


оның ішінде:






өндірістік қажеттіліктер үшін

мың м 3 /тәулік

-

12,49

31,64


суландыру үшін

мың м 3 /тәулік

-

16,80

21,70


Техникалық сумен жабдықтау көздері






жер асты

мың м 3 /тәулік

-

16,80

25,10


жер үсті

мың м 3 /тәулік

-

12,49

28,24


Кәріз

мың м 3 /тәулік





Жалпы қабылданатын ақаба су, барлығы

мың м 3 /тәулік

9,90

49,73

72,33


оның ішінде:






тұрмыстық кәріз

мың м 3 /тәулік

-

47,39

-


өндірістік кәріз

мың м 3 /тәулік

-

2,34

7,65


Кәріздік тазарту құрылыстардың өнімділігі (Жоба-70)

мың м 3 /тәулік

-

49,73

72,33


Электрмен жабдықтау






Электр энергияны тұтынудың жиынтығы

млн. кВт. сағат/жыл

261,4

470,9

789,4


оның ішінде:






коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке

-"-

149,7

202,8

372,3


өндірістік мақсаттар үшін

-"-

32,1

139,1

252,5


Жылына 1 адамға шаққанда орташа электрді пайдалануы

кВт. сағат

1280,0

1960,0

2550,0


оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне

кВт. сағат

730,0

845,0

1200,0


Қуаттарды жабу көздері






оның ішінде:






"Қызылордажылуэлектрорталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

МВт

113,0

213,0

213,0


біріктірілген энергиялық желі

МВт

-

-

79,0


Жылумен жабдықтау






Орталықтандырылған көздердің қуаты, барлығы

МВт

476,83

674,54

883,88


оның ішінде:






"Қызылордажылуэлектрорталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

МВт

348,90

441,94

546,61


аудандық қазаңдықтар ("Қызылордаоңтүстікжылуэлектрорталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны)

МВт

127,93

232,60

337,27


кварталдық қазандықтар

МВт

-

-

-


дербес көздер қуатының жиынтығы

МВт

240,74

233,76

286,10


Жылуға пайдалану, барлығы

МВт

421,93

539,05

910,70


оның ішінде:






коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке

МВт

363,79

422,75

678,03


өндірістік қажеттіліктер үшін

МВт

58,14

116,30

232,60


Ыстық сумен жабдықтау, барлығы

МВт

48,61

61,75

92,10


оның ішінде:






коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке

МВт

48,61

61,75

92,10


өндірістік қажеттіліктер үшін

МВт

-

-

-


Газбен жабдықтау






Табиғи газды пайдалану, барлығы

млн. м 3 /жыл

157,3

503,0

753,0


оның ішінде:






өндірістік кәсіпорындар

млн. м 3 /жыл

0

124,2

254,0


коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке

млн. м 3 /жыл

0,8

28,8

39,0


жылуэнергия өндіретін кәсіпорындар

млн. м 3 /жыл

149,5

240,0

240,0


тұрғындар

млн. м 3 /жыл

7,0

110,0

220,0


Сұйық газды пайдалану, барлығы

тонна/ жыл

2957,0

1500,0

1500,0


оның ішінде:






коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке

тонна /жыл

2807,0

1350,0

1350,0


өндірістік қажеттіліктер үшін

тонна/ жыл

150,0

150,0

150,0


Табиғи газды беру көздері

млн. м 3 /жыл

106,0

1127,0

1127,0


Аумақты инженерлік даярлау





7

Лас сулар ағып кететін кәріздің жалпы ұзындығы

километр

-

2,5

50,5


Аумақты су басу қаупінен қорғау






ауданы

гектар

200,0

1400,0

4400,0


Қорғаныс бөгеттерінің ұзындығы

километр

5,0

11,0

25,0


Шайылу және көму, барлығы көлемі және ауданы

млн. м 3
-------
гектар

-
-------
-

0,27
--------
27,0

2,0
-------
200,0


Жағалауды бекіту

километр

2,0

11,0

25,0


Жер асты суларының төмендеуі

гектар

1300,0

3000,0

6500,0